Қ. Шаңғытбаев Сабалақ өлеңі
Тұрғамбаева Дәме
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қ. Шаңғытбаев «Сабалақ» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қуандық Шаңғытбаев өмірімен,шығармашылығымен қысқаша танысу, өлеңнің мазмұнын түсіне отырып, шығарманың идеясын ашу, қазақ халқының тарихымен жете танысу;
2. Тәрбиелік: Өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуарАбылай тәрізді тұлғаларының ерлік, қаһармандық істерін үлгі ете отырып, өткенді қастерлей білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушыны өзіндік талдау, жинақтау жасауға үйрету, ойлылық пен тапқырлық арқылы сөз өрнектей білуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
