Экология және қоршаған орта
№14 мектеп-гимназия
Баспасөз-конференция сабағы
Тақырыбы: Экология және қоршаған орта
химия/биология пәні мұғалімі: Аксеитова Данагул Толеубаевна
Астана қаласы. 2014ж.
Экология және қоршаған орта
Табиғат адам тәрбиешісі. Адам адам болып туып, адам болып қалуы үшін табиғаттың атқарар ролі зор. Табиғат бөлшектері: жануарлар, өсімдіктер әлемі, өзен, көлдер, биік таулар, сағым тербеген сары дала бәрі адам бойына күш, шабыт , көңіліне қанат береді. Сондықтан табиғат байлығын тоздырмай, қайта қорландырып, молайтып отыруымыз керек.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғатты аялауға, сүйе білуге үйрету, олардың туған жерге деген мейіріммен ықыласын арттыру. Қазақстан бойынша табиғат жағдайы төзімсіз аймақтарға сипаттама беру.
Міндеттері: қоршаған орта және экологиялық білімдерін жетілдіру. Табиғатты сақтап қалу негізінде білім сапасын қалыптастыру. Ғылыми көзқарастарын дамыту.
Көрнекілік: Табиғат туралы даналық сөздер айтылған ребустар, Қазақстан республикасы картасы.
Қатысушылар : эколог мамандар, дәрігер, заң қызыметкері, тарихшы, экономист.
Сабақтың әдісі: Конференция сабақ.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру жұмыстарынан кейін оқушыларға сабақ мақсаты түсіндіріледі. Әр маман үстелінде бүктеме қағаздар. Мұғалім кіріспесінен кейін сабақты оқушы мамандар жалғастырады.
Тарихшы: Адамзат қоғамның алғашқы сатыларында өндіріс құралдары болмаған кезеңдерде, адам өзінің мұқтажының көбін, ең алдымен, жер бетіндегі табиғи заттардан алды. Күнделікті тіршілігіне пайдаланған табиғи заттардың бірі мұнай. Мұнайды алғаш рет б.з.д. 2800-3500жылдар бұрын ертедегі Иран халқы пайдаланған.
Оқушылардың тарихшы маманға сұрақтары.
Дәрігер маман: Шығыс Еуропа елдері мұнайды қыршаңқы, қотыр, теміреткі сияқты ауруларға емдейтін дәрі жасаған.
Тарихшы: Атырау обылысы, Мақат ауданында мұнайды 1915 жылдан бастап өндіруде. Қазан төңерісінен кейін шет мемлекеттер пайдалануға көшті.
Эколог маманы: Мұнай қазір кезде жүзден астам зат түрлерін алып отыр. Мысалы: бензин, лигроин, керосин, соляр майы, ұршық майы, спирттер, эфирлер, дәрілер алынады. Бірақ алу кезінде ысыраппен алып аймақтарды экологиялық жағдайларға ұшыратып отыр.
Оқушылар сұрақтары.
Жүргізуші: Табиғатқа қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті.
Табиғаттың тарылтпасын мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың,
Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.
Экономист: Соңғы кездері халық шаруашылығында көмір, мұнай өндіру негізгі кезектерде тұр. Мәселен 1тонна этил спиртін алу үшін 8-9 тонна керек. 1тонна спирттің құнына қарағанда 2-3еседей қымбат.
Жүргізуші: Ей, адамдар күн мен гүлден жаралған
От сезіммен мейірім содан таралған, Тіршілік иесі Жер анаға қараңдар!
Заң қызыметкері: Табиғатты таптау, ластау, қасақана қиянат жасау заңмен қудаланады. Табиғаттың берген әдемі сыйлығын ұстап тұру баршамыздың борышымыз.
Жүргізуші: Бүгін біздің арамызда қасиетті Жер- Ана , туған халқымыздың аяулы ұлдары, ұлы ойшыл Әбу Насыр әл- Фараби, Асан қайғы табиғат жайлы өз ойларында білдірген.
Құйрығы жоқ, жалы жоқ
Құлан қайтып күн көрер,
Аяғы жоқ қолы жоқ
Жылан қайтіп күн көрер.
Әдебиетші: Жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі сұлуда, ғажап. Сол әсемдікті жырлаған небір ақындар табиғаттың құдіреттілігін қалай түсінді десеңші!
Төнді қауіп адамға
Төменгі әлемге
Сақтаңдар, сақтаңдар суыңды, малыңды.
Жүргізуші: Ажарлы туған өлкем атырабым,
Жайқалған жасыл әлем жапырағын.
Тіршілік атаулыға нәрін берген
Ол сенің қасиетті топырағың.
Эколог-маман: Әрбір ұрпақ үшін алдыңғы буын ата-бабаның туған жер табиғатын қорғау дәстүрлі әрі өнеге, әрі мұра болып саналады. Туған жер өзінің аң-құсымен ажарлы. Айдын көл аққуымен, кең дала ақбөкенімен, ұлы биік таулар ұларымен, орман бұғысымен, ашық аспан алғыр қыранымен әсем де көркем.
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ол сәніміз
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
I топ Ауаның ластануына тоқталады.
Ауа ластағыш заттардың адамға, қоршаған ортаға және биосфераға әсері әртүрлі. Атмосферадағы өзгерістердің себептері негізінен табиғи және антропогендік, ғаламдық және шектеуләк болады.
Антропогендік ластаушылар: материалды (шаң, газдар, күлдер) және физикалық немесе энергетикалық (электрлік, электромагниттік өріс, шу, вибрация)
Механикалық ластаушыларға: атмосфералық ауаның шаңы, судағы және топырақтағы қатты бөлшектер.
Химиялық ластаушылар: әр түрлі газ тәрізді, сұйық және қатты химиялық қосылыстар, элементтер, атмосфера және гидросферада кездесетін қышқылдар, сілтілер, күкірт оксидтері эмульсиялар жатады.
II топ Судың ластануы тоқталады.
Ашық су көздерінің әртүрлі химиялық заттардың түсуі қазіргі күнгі судың ластануы түрлі ауруларды тудырып отыр. Органикалық заттардың жоғары мөлшері әдетте бактериялық көбеюмен халық тығыз орналасқан аудандардан өтетін өзен суларын ластайды. Шаруашылық , тұрмыстық ағызынды сулардан жер асты суларына бактериялық ластаушылар, азот қосылыстары, жасанды жуғыш заттардың құрамына кіретін белсенді заттар өтіп кетуі мүмкін.
III топ Топырақтың ластануы тоқталады.
Адам денсаулығы үшін ең қауіптісі топырақтың химиялық ластануы болып табылады. Антропогендік ластану топыраққа түсіп, онда жиналады. Жинақталу эффектісі потенттеу өнімдердің пайда болуына әкеледі. Топырақ химиялық ластануы жасанды биогеохимиялық аймақты ғана емес топырақтың бұзылуына, құнарлығын жоғалтуына әкеледі. Химиялық заттардың жоғарғы концентрациясы өсімдік өнімдерінің қоректенетін жануарлар ағзасына өтеді. Топырақ микрофлорасын жұмысын бұзады.
Қоршаған орта факторлары және олардың өсімдікке тигізетін әсері
| Факторлар | Фактолардың сипаты | Қоршаған орта фактоларының өсімдікке әсері |
| Топырақ | Сары түсті, сазды топырақты, құнарлығы аз. | Саз топырақ өз бойында ылғалды ұзақ сақтайды. Әсіресе құрғақ ауада. |
| Ауа | Ауада көліктердің жағымсыз газ иісі сезіледі. | Көліктердің газдары, химиялық зауыттардың түтіндері өсімдіктерге қатты зиянын тигізеді. |
| Жел | Құрғақ, әрі жылы жел. | Желдер топырақтың құрылымын бұзады, өсімдіктерді құрғатады. |
| Су | Топырақта, ауада оның бар екені байқалмайды. | Судың тапшылығы өсімдіктің өсуін тоқтатады. |
| Температура | Ауа+ 18C сынап бағанасы бойынша. | +10C жоғары температура өсімдіктің өсуіне әсерін тигізеді. |
| Жарық | Күн бұлтты. | Жарық өсімдіктің фотосинтезіне қажет. |
| Жер қыртысы | Төбешікті, жазық. | Өсімдікке зиян келтіретін аңызғақ желді ұстамайды. |
| Өсімдік | Топырақты біркелкі жабынмен жаппайтын небәрі үш түрлі шөптесін өсімдік бар. | Өсімдіктер топырақты құрғап кетуден сақтайды. |
| Жануарлар | Бұл уақытта бунақденелілер болмайды, топырақта жауын құрттар бар. | Бунақденелілердің болмауы гүлді өсімдіктердің тоаңдануына кері әсерін тигізеді, ал жауын құрттары топырақ құнарлы болуға ықпал етеді. |
| Адам | Зауыттар, көліктер зиян келтіреді. | Ағаш отырғызу. |
Конференция сабақтың соңында маман иелер өз ойларын толықтырып, оқушыларға алғыстарын білдірді. Оқушылар өздері дайындаған ребустарын шешіп, картадан экологиялық аймақтарды көрсетті.
Табиғатты аялау адамның абыройлы да, азаматтық парызы. Табиғатты сүйе білген, оны аялы алақанымен аялай білген адамның ары да, жаны да таза болады.
1. Адам денсаулығы үшін қоршаған ортаның қандай заттары химиялық қауіпті болып табылады.
2. Ерте дәуірдегі табиғат жағдайлары туралы не айтуға болады?
3. Табиғатқа қасақана қиянат жасау заң жүзінде жазалау ұғымына қалай түсінесің?
4. Тамақ өнімдерінің денсаулыққа әсері.
Туған өлкеге арналған мұндай баспасөз – конференция сабағының оқушыларға экологиялық тәрбие беруде маңызы зор.
