Дара және күрделі сан есім
Узденбекова Жанаргүл Кенжетайқызы
Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Астана
САБАҚ ЖОСПАРЫ
| Пән | Қазақ тілі | 4 «» | ||
| Тақырыбы | Дара және күрделі сан есім | |||
| Мақсаты | 1. Сан есімнің дара, күрделі түрлерімен таныстыру; күрделі сан есімнің емлесін меңгерту; | |||
| Міндеттері | § сан есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;
§ сөйлем ішінен сан есімдерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету; § оқушылардың тіл байлықтарын дамыту; § тазалыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу; |
|||
| Күтілетін нәтиже | § жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
§ әр оқушы өз-өзіне баға береді, өзіндік пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін ұғынады; § сан есімді ажырата біледі; § сауатты жаза біледі; |
|||
| Түйінді түсініктер | Дара сан есімді күрделіге айналдыру | |||
САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ
| Сабақ кезеңдерімодуль | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Тапсырмалар мазмұны | Бағалау | Ресурстар |
| І. Қызығушылық
ты ояту |
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа қатысуын қадағалау. | Сабаққа даярланады, жинақталады,топқа бөлінеді | Оқушылардың қолдарына сөздер жазылған карточкалар таратылады. Сол бойынша 3 топқа бөлінеді.
Жеті ата, жеті қазына, жеті күн тобы жеті қазына- 2 слайд |
Өзара критериалды бағалау өлшемдерімен танысады. | |
| «Ойлан, тап» ойыны | Мұғалім ойынның шартымен таныстырады. | Оқушылар өрнектердің мәнін есептеп, тақырыптың атын шығарады. | 9+5=15 (е) 24+20=44 (і)
27:3=9 (н) 18:9=2 (с) 13=39(а) 420:6=70 (м) (3 слайд) Сандарды әріптермен алмастыру 2 39 9 15 2 4000 70 Сан есім |
Өзін-өзі бағалау | Интер. тақта |
| Топтастыру | Сан есім туралы білетіндерін сұрайды. | Оқушылар білгендерін айтады. | Сан есім
(4 слайд) |
Өзін-өзі бағалау | Интер. тақта
оқулық |
| ІІ.Мағынаны тану | Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлайды. | Оқушылар тапсырма орындай отырып ережені қорытындылайды. | Тақтаға екі бағанға сан есімдер жазылады.
(5 слайд) бес жүз тоқсан тоғыз алтыншы он бес тоғыз бір мың тоғыз жүз он алтыншы Екі бағандағы сөздерді салыстырыңдыр? Айырмашылықтарын табыңдар. Ережені оқу (6 слайд) |
Өзін-өзі бағалау | Интер. тақта. |
| Көркем жазу | Ауызша сұрау | Дәптерге көркем жазу. | С с сексен | ||
| Оқулықпен жұмыс | Оқушылардың жұмыстарын қадағалайды, жетекшілік жасайды. Ережені оқып талдайды. | Оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар
мен жұмыстанады Шығармашылық тапсырма |
Топпен жұмыс
І топ. 1-жаттығу.Сөйлемдерді оқы. Сан есімдерді теріп жазып, олардың неше сөзден құралғанына көңіл бөл. ІІ топ. 2 жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Дара және күрделі сан есімдерді жаз. ІІІ топ. 3-жаттығу. Сан есімдерді тап, оны санмен жаз . Дара және күрделі сан есімдерді ажырат. |
Өзін-өзі бағалау | оқулық |
| Сауаттылық минуты | Мұғалім тапсырма береді | Оқушылар сан есімдерді дара және күрделі түрлеріне топтап, сөзбен жазады. | 9, 28, 645, 2, 60, 2004, 100 1996.
Тоғыз, екі, алпыс, жүз. Жиырма сегіз, алты жүз қырық бес, екі мың төрт, мың тоғыз жүз тоқсан алты. (7 слайд) Топпен жұмыс І топ Реттік сан есімдерді есептік сан есімге айналдырып жаз. отыз екінші үй – оныншы аудан – төртінші кітап – жиырма үшінші орын – сегізінші қабат – үшінші қатар – бірінші бала – ІІ топ Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жаз. Жүз жетпіс екі… мектеп, он екі… сынып, екі… қабат, он төрт… орын, жиырма сегіз… оқушы, сегіз… үй. ІІІ топ Дара сан есімдерді күрделіге айналдырып жаз. Он, жеті, жиырма, үш, тоғыз, елу, қырық. Үлгі: алты – алпыс алты |
Бірін-бірі бағалау | Интер. тақта
Қағаздар, маркерлер |
| Шығармашылық тапсырма | Оқушыларды шығармашы-
лықпен жұмыс істеуге баулиды. Оқушылардың жұмыстарын қадағалайды, жетекшілік жасайды. |
Топтық жұмысқа
даярланады. Әр топ өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыстанады, бірігіп атқарған жұмыс нәтижесін бір оқушы көрсетеді |
І топ. Санмен өрнектелген мақалдарды оқы.(8 слайд)
1. Еңб2, адамның 2-нші анасы. 2. Ерінш2,тің ертеңі 1,тп,5. 3. Өм,1, адам б,,асын еңб2,ке үйр,7,ті. 4. 4еу түгел болса, төбедегі келер, 6ау ала болса, ауыздағы кетер. ІІ топ. . Көңілді шумақтар (9 слайд) 1 – ақ сәтте қойды жеп. Осы сандар қандай оқиғалармен байланысты. Сөйлем құрастырып айт. 8, 2017,9, 22 8 наурыз, 2017 экспо, 9 мамыр, 22 наурыз, |
Топтың бағалауы | маркерлер,
түрлі-түсті қағаздар |
| ІІІ. Ой толғаныс | Мұғалім жетекшілік жасайды, қадағалайды. | Оқушылар өздері орындайды.
Әр топтан 2 бала орындайды. |
5-жаттығу. Өрнектерді оқы, олардың мәнін тауып, Сөйлем түрінде жаз. Олардың қандай сан есім екенін айт.
20-5 50+18 9*9 10*5 90-20 200:4 Жиырма мен бестің айырмасы он беске тең. Он мен бестің көбейтіндісі елуге тең. Елу мен он сегіздің қосындысы алпыс сегізге тең. Тоқсан мен жиырманың айырмасы жетпіске тең. Тоғыз бен тоғыздың көбейтіндісі сексен бірге тең. Екі жүз бен төрттің бөліндісі елуге тең. Дара:20,5,10,90,50,70,9,4 Күрделі:15,18,068,81, 200 |
Өзін-өзі бағалау | Оқулық, тақта |
| Тест алу
«Иә,жоқ» ойыны |
Тапсырманы түсіндіреді.
Әр тапсырманың тұсына иә немесе жоқ деп жауап бересіңдер. |
Оқушылар орындайды. Тақтада тексереді | 1. Сан есім заттың санын білдіреді. Иә жоқ
2. «30»- дара сан есім. Иә, жоқ 3. «Төртінші» -есептік сан есім. Иә , жоқ 4.Күрделі сан есім бір сөзден жасалады. иә,жоқ 5. Күрделі сан есімнің құрамындағы сөздер бөлек жазылады. Иә, жоқ 6. Дара сан есім бір сөзден құралады. Иә, жоқ 7. «264»-күрделі сан есім. Иә, жоқ 8. «600» – дара сан есім. Иә, жоқ 9. Реттік сан есім есептік сан есімге –нші, ншы, -інші, -ыншы жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Иә, жоқ 10. «Бесінші» – реттік сан есім. Иә, жоқ (11 слайд) |
Өзін-өзі бағалау | Интер. тақта |
| Тексеру | Мұғалім дұрыс жауабын оқып отырады,. | Оқушылар тақтадан көріп тексереді | 1-4 – «2» 5-6-«3»
7-8-«4» 9-10-«5» (12 слайд) |
Өзін-өзі тексереді | Интер. тақта |
| қорытынды | қорытынды, бағалау, | Кері байланыс
(оқушылар рефлексиясы) |
Бүгін мен не үйрендім? Маған не ұнады/ұнамады?
Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің… |
Үйге: 4-жаттығу,
137 бет |
