Жалаң және жайылма сөйлем

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Атырау облысы білім беру басқармасы

Кенбай орта мектебі

Бастауыш пәнінің мұғалімі

А.Қ.Қарамурзина

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

(79 – 83 жаттығу)

Мақсаттары:

Білімділігі: Жай сөйлемнің жалаң және жайылма болып бөлінуі туралы түсінік беру. Жалаң және жайылма болып бөлінуі тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту;

Дамытушылығы: Оқушыларды өздік жұмыстануға ізденуге баулу, ойын тұжырымдап жеткізе білуге дағдыландыру;

Тәрбиелілігі: оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу;

Әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру.

Түрі: Білім, іскерлік дағдыны қалыптастыру сабағы.

Пәнаралық байланыс: «Өзін – өзі тану», Ана тілі

Көрнекілігі: Кесте, сызбалар

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру

II. Өткен тақырыпты тексеру: Өтілген ережелерді қайталау. Еске түсіру стратегиясы

Сөйлемге қатысты ережелер:

1. Сөйлем дегеніміз не?

2. Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді?

3. Сөйлемнің мүшелері дегеніміз не?

4. Бастауыш дегеніміз не?

5. Баяндауыш дегеніміз не?

6. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қай жағдайда сызықша қойылады?

7. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?

III. Үй жұмысын тексеру

· 76 – жаттығу: Өлеңді жатқа жазып, сөйлем мүшелеріне талдау.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру:

· Тақтаға мысалдар жазып, оқушыларға сөйлем мүшелеріне (бастауыш, баяндауыш, тұрлаусыз мүше) сұрақтар қою арқылы тақтадағы сөйлемдерге талдау жасату:

Қар жауды. Қар қалың жауды.
Ұшақ көтерілді. Ұшақ жоғары көтерілді.
Мұғалім кірді. Мұғалім сыныпқа кірді.
Күн суытты. Күн қатты суытты.

· Ережені қорытып шығару:

1) Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.

2) Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден құралған сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

· Оқулықпен жұмыс:

Оқулық №-79 жаттығу: Сөйлемдерден сөздер құрап оқы. Оларды сөйлем мүшелеріне талда. Құраған жалаң және жайылма сөйлемдерді пойыз вогондарына орналастыр. Бұл сөйлемнің бір –бірінен ерекшелігі неде?

Күн бұлттанды.

Ұшақ биікке көтерілді.

Мұғалім сыныпқа кірді.

Түн ұзарды.

Динара қуанды.

Оқулық №-80 жаттығу: Сөйлемдерді оқушылар тақтаға орындайды және жазады. Жай сөйлемнің түрін анықта. Ол жалаң ба, Жайылма ма?

Өнерлі өрге жүзеді.

Боран соқты.

Жаңбыр сіркіреді.

Екі дос мектептен қайтты.

Жарыс залда өтті.

Оқулық №-81 жаттығу: Екі топқа 2 сөйлемнен бөліп жазу. Жай сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырып жазу.

І топ ІІ-топ
Оқушылар ардагермен кездесті. Ұстаз сабақ түсіндірді.
Жолаушылар ауылға жақындады. Айдын жарысқа қатысты.

Оқулық №-81 жаттығу: Ребусты шешу. Мақалды жай сөйлем түрлеріне және сөйлем мүшелеріне талдау.

Шешуі:

Тіл қылыштан өткір,

Қылдан нәзік. Ж. Баласағұн.

Өз бетімен жұмыс: Ой қозғау стратегиясы – Тіл туралы білетін мақал – мәтелдерін жазу және оқыту:

1. Ойы байдың тілі бай.

2. Тіл тағдыры – ел тағдыры.

3. Өнер алды – қызыл тіл.

4. Ана тілі – дана тіл.

5. Әр ұлттың ана тілі өзі үшін ұлы.

6. Ана тілі ой өсіреді.

7. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

8. Піл көтермегенді тіл көтереді.

9. Тіл мен сөз- көңілдің айнасы.

10. Туған ел – тұғырың,

Туған тіл – қыдырың.

11. Ең ащы да – тіл, ең тәтті де – тіл, ең жұмсақ та –тіл, ең қатты да – тіл.

Тест жұмысы:Оқушыларға үлестіріліп беріледі. Оқушылар белгілейді және оны тексеру.

Жаңа сабақты бекіту: Мысалдар айту (Ауызша)

Үйге тапсырма: 82-жаттығу. Ережені оқу

Сабақты қорытындылау: Оқушылардың жетістіктерін, кемшіліктеріне талдау жасай отырып, білімін бағалау

Doc1.doc

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше