Тарих пәні бойынша дамыта оқыту идеясы негізінде гі әдіс-тәсілдер жүйесінің маңыздылығы
Кәрібаева Алмагүл Әбілжанқызы
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: Тарих пәні бойынша дамыта оқыту идеясы негізіндегі әдіс-тәсілдер жүйесінің маңыздылығы
Қәзіргі таңда Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып келеді. Заман талабына сай оқыту үшін иновациялық технологиялардың маңызы зор.
«Технология»- грек сөзі, бізше «өнер,шеберлік» дегенді білдіреді. Жалпы «педогогикалық технология ұғымының» қазір 100-ден аса балама анықтамалары кездеседі. Мәселен, В.М.Монаховтың анықтамасын алатын болсақ, педогогикалық технология дегеніміз-оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту үрдісін жобалау,ұйымдастырудың,өткізудің ақырына дейін ойластырылған, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педогогикалық қызметтің моделі.
