Отбасында ата-ананың балаға ықпалы
Балдосова Курманай
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Шұбарши орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Отбасында ата-ананың балаға ықпалы
Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді». Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру-біздің мақсатымыз.Тәрбиелеу – балаға мақсат көздей, ұйымшылдықпен және жүйелі ықпал жасау деген сөз. Осы ықпалдың арқасында бала тәрбиеші талап ететін мінез талаптарына ие болады, мінез – құлық ережелерін бойына сіңіреді. Тәрбие баланың дене және ақыл – ой қабілетін дамытады, оны алдағы еңбекке даярлайды. Бала тәрбиелеу – зор елеулі, сонымен бірге қиын іс. Баланың адамшылдығын қалыптастыру, оның ақылын молайту, оны белгілі адами сапаға, көркемдік талғампаздыққа және талапқа баулу – бұдан да қиынырақ іс.

Исправить ыргыз ауданы на темир ауданы