Тұрақты тіркестер

Жамбыл облысы
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан ауылы
№1 мектеп-лицейі
Нурахова Жанна
қазақтілі және әдебиет пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер

Сабақтың мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып

еркін тіркес пен тұрақты тіркес айырмашылығын

ажырата білу.

Оқыту нәтижесі: Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалану

нәтижесінде оқушылар жай тіркес пен тұрақты

сөз тіркесін практикалық жолмен ажырата білу.

Негізгі идея: Балалар бірлесе отырып ереже шығарады. Тұрақты

тіркес ерекшеліктерін айқындайды.

Тапсырма мен

жаттығулар: 1-тапсарма. Сыныпты кәмпит арқылы 3 топқа

бөлу.(2мин)

2-тапсырма. Топ ережесін шығару. (3мин)

3-тапсырма. Топ рөлін анықтау.

Баяндамашы

Хатшы

Төраға

Тайм кипер

Оқушыларға еркін тіркес пен тұрақты сөз тіркесінен мысалдар таратылып беріледі.

Ит өлген жер – ит өлді

Төбе шашы тік тұрды – шашын кесті

Он саусағынан бал тамған – бал жеді

1. Ит өлген жер деген сөз тіркесін басқа сөздермен ауыстырып көрші?

Құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға болмайды.

2.Төбе шашы тік тұрды сөзінің мағынасы неде?

3. Әр сөзде бір- бірімен байланыс бар ма?

Тұрақты сөз тіркестері тұтасып, бірнеше сөз бірігіп бір ғана мағынаны береді.

4. Он саусағынан бал тамған деген тіркесті пайдаланып сөйлем

құрау.

5. Әр сөзге жеке сұрақ қойыла ма?

Тұрақты тіркестерді бөлуге, бөлшектеуге болмайды. Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап береді, бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқарады.

Осыдан кейін әр топтың хатшылары берілген қағазға сөз тіркесінің белгілерін жазып тақтаға іледі.

Енді әр топ бірге тұрақты сөз тіркесінің ережесін құрастырады.

Екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған, бір ғана мағынаны білдіретін тіркестер тұрақты сөз тіркестері немесе фразеологизмдер деп аталады.

111-жаттығу.

Көзге ілмеу – қарамау

Аузына құм құйылды – үндемеу

Зәресі ұшу – қорқу

Көзді ашып жұмғанша – тез, жылдам

Жүрегі зу ету – қорқу

Тас жүрек – қатал

Әр топқа тапсырма беріледі. Онда оқушылар тұрақты сөз тіркестері мен жай сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрайды және екі сөйлемді салыстырмалы түрде оқып, өз ойларын айтады.

Сергіту сәті: (Мимикамен көрсету) мұғалім –үндемеу

1-топ – ұрысу

2-топ – қорқу

3- топ – қуану

Тұрақты сөз тіркесі тілімізге не үшін қажет?

Бес жолды ойлау

1. Тақырып

2. Суреттеу

3. Қимыл

4. Сезіну

5. Мәнін қайта айтатын сөз (синоним)

_ +

Бүгінгі сабақта сендерге не ұнады, не ұнамады, не білдіңдер?

Бағалау: Топ басшылары жасыл, қызыл, сары түсті фишкалармен өз топтарын бағалайды.

Үйге тапсырма: 112-жаттығу. Ережелерді қайталау.

5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сымайыл

Сабақтың мақсаты: Әңгіме мазмұнын меңгерту. Сыни ойлау

арқылы өзара оқыта үйретуге баулу. Мазмұндағы

ойға өзіндік баға беруге дағдыландыру.

Оқытудың нәтижесі: Өз бетінше білім алып, тақырыпты

меңгереді. Оқиғаға өзіндік баға беруге дағдаланады.

Түйінді идея: Диологтік оқыту оқушының өз идеясын айтуға

дағдыландырады.

Тапсырмалар мен

жаттығулар: : 1-тапсарма. Сыныпты үшке санату арқылы 3

топқа бөлу.(2мин)

2-тапсырма. Топ ережесін қайталату

3-тапсырма. Топ рөлін анықтау.

Баяндамашы

Хатшы

Төраға

Тайм кипер

Бағалаушы (Қонаққа бару әдісі)

Болжау әдісі арқылы сабақ тақырыбын болжайды.

Алла тағала

Құран кәрім

«Зәмзәм» суы

Өздері топта ақылдасып жауабын табады.

Енді мәтіннің бірінші бөлімін барлық топ оқып шығады. (5мин)

1. Оқиға кім және не туралы?

2. Оқиға ары қарай қалай дамиды деп ойлайсыңдар?

Мәтіннің екінші бөлімін оқыту (10 мин)

1. Ажар мен Сымайылдың тағдыры ары қарай не болмақ, қалай ойлайсыңдар?

2. Сендер автор болсаңдар оқиғаны қалай аяқтар едіңдер? Осы сұрақтар аумағында әр топ өз ойларын ортаға салады.

Мәтіннің үшінші бөлімін оқушыларға оқытып, алдындағы өздері айтқан ойларымен салыстыру.

Ыстық орындық

Алланың шексіз мейірімі туралы ойлан.

Мұнда әр топ өз ойларын ортаға салып, бір жүйеге келтіріп, ыстық орындықта ойларын айтады.

Бағалау: Қонақта отырған бағалаушылар ортаға шығып, әр оқушының ерекшеліктерін айта отырып, әділ бағаларын айтып бағалайды.

Үйге тапсырма: «Алланың шексіз мейірімі» тақырыбында эссе жазу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше