Наурыз тойда әуеледі Ақан әні

Төлеуова Сая Дәулетқызы
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ә.Жангелдин атындағы
орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Наурыз тойда әуеледі Ақан әні

Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы Ақан әндерімен өрілген Наурыз тойы

Мақсаты Оқушыларға Ақан шығармашылығы туралы ауқымды білім беру.

Міндеті Өнер құдіретін таныту. Өнерге деген көзқарасты дамыту.арқылы эстетикалық тәрбие беру. Халықтың салт-дәстүрін насихаттау. Оқушы бойындағы дарынды ашу.

Көрнекіліктер: Слайдтар, кітап көрмесі. Бөлмені мерекеге сай безендіру.

Сыныптан тыс жұмыстың барысы

Әке мен бала

Әкесі:

-Балам,мінеки қаһарлы қыс кетіп, жадырап жайнаған жаз көктем келді.Жуанның жіңішкеріп,жіңішкенің үзілер шағы жетті.

Ақан:

-Иә,әке! Күн мен түн теңеліп, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін , жер үстіне шаттық орнайтын күнде келіп қалды.

Әкесі:

-Балам ауылдағы жастардың Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне дайындығы қалай болып жатыр?

Ақан:

-Барлығы ойдағыдай,әке. Бір топ ауыл жастарын ерітіп, Сырымбет ауылына бармақшымыз. Сол жерде нағыз ойын-сауық ұйымдастырылып, думанды мереке өтпек екен.

Әкесі:

-Е-е-е,балам мұның барлығы осы ауылда өткізілгені дұрыс еді. Сенің көңілің қалап тұрса, өтінішіңді жерге тастамайын.Өз рұқсатымды бердім!

Ақан:

-Рақмет,әке! Ендеше Жолға қамдана берейік…

Сырымбет ауылы. «Наурыз» әні орындалып жатады.(Орындайтын:_Елубай Мақпал_ Ақан:

-Армысыздар ағалар! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!Ақ мол болсын!

Ақсақал:

-О, Ақан балам Сырымбет ауылы өзіңді сағынды! Қош –келдің! Мал –жан, ауыл- аймақ аман ба?Ауыл жастары Наурыз мерексін думандатып өткізіп жатыр, солардың өнерін тамашалайық!

Мералы:

–Уа,жараңдар,жараңдар!

Көңілің бар алаңдар!

Ата менен анаң бар!

Үлкен кіші, ағаң бар.

Наурыз тойы басталды,

Бәрің бермен қараңдар!

Гүлхан:

-Ескі ауыртпалықтың барлығы қыспен бірге кетіп, енді жаңа үміт, жаңа тіршілік иесінің есігі ашылған күн!Ұлыстың Ұлы күні! Сондықтан қазақ елі ұлыстың ұлы күнін көтерілген жаңа үмітпен, жаңа қуанышпен қарсы алатын. Бізде солай етпейміз бе?

Ақнұр:

– Иә, Гүлхан дұрыс айтасың:

Жүріңдер қане ,Наурызға басып аяқ,

Қалыс қауым болмасын некен- саяқ.

Ән шырқап, би билейік қауым болып

Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.

Талғат:

– Ендеше мың бұралған биші қыздарымыздың биін тамашалайыық!!!

(Би: 10 «а» сыныбының бір топ қыздары.)

Ақсақал:

– Ал,Ақанжан, өзіңде не жаңалық болып жатыр?

Ақан:

– Саясында сексен көлі шылқыған , баурайында шоқ қайыңдар ырғалып өскен, жазығында жасыл желек жайқалған,биігінде қыран құстар қалықтап, етегінде киіктер жүйіткіген көрікті Көкшетау аймағында туып өскенім мәлім. Мен бүгін осы ауылға өзіммен бірге Көкшетаудың өнерлі жастарын ерте келдім. Ауылымның ерке қызы әрі күміс көмей, жез таңдай әншісі Мақпалжан «Райхан гүл» әнін орындап берсін!

Ақсақал:

– Көрейік ендеше өнерін!

Елубай Мақпал «Райхан гүл» әні

Ақсқал:

– Ақанжан, сенің зорлықшыл қиянатқа қарсы ызаланып жазған «Құлагер» деген туындың жастар арасында кеңінен тарап, көңілдерінен шыққан екен. Саған сый ретінде осы шығармаңды көңілі қалап Мұхтар деген ақын баламыз орындап бермекші.

Дәрібаев Мұхтар «Құлагер»поэмасынан үзіндіні мәнерлеп оқиды.

Мералы:

– Наурыз тойың,Наурыз тойың

Құтты болсын халайық,

Күй төгілсін, күй төгілсін

Шырқап әнге салайық, – дей отырып , Наурыз мерекесінде Ағлен аруымызға қолқа салмаймыз ба?

Ақнұр:

– Иә, иә! Бүгінгі күн – Ұлыстың ұлы күні – салт дәстүріміздің жаңғырып, көсегеміз көгерген күн. Сондықтан «Қазағымның дәстүрлері- ай» әнін шырқасын.

(Шырқасын,шырқасын деген дауыстар естіліп жатады)

(Ән «Қазағымның дәстүрлері-ай» орындайтын Нұрғызарынова Ағлен)

Гүлхан:

-Жарайсың, Ағлен! Біздің ауылдың серілері қайда немене олардың өнері жоқ па?

Ақнұр:

-Шынында да, жігітке жеті өнерде аз деуші еді…Бұл серілер де біреуі де болмаған- ау шамасы……

Талғат:

-Неге жоқ екен? Болғанда қандай, ал Жансейіт өзің өнеріңді көрсетіп жіберсеңші.

Мералы:

-Күмбірлеген күйіңмен, қара домбыраның үнімен өнеріңді көрсет қане!!!

Құрманғазының « Адай » күйін Нұрғалиев Жансейіт орындайды.

Талғат:

–Естідіңдер ме талайды тамсандырған атақты Ақан сері келіпті. Сол Ақанның өлеңдерін жарыса айтсақ қайтеді.

Қайрат:

-Ендеше , осы өлең жарысын мен бастайын….

«Жақсы мен жаман» -Қайрат

«Заман адамы» – Робия

«Жүсіп Төреге» – Әйгерім

«Заманға қарап айтқан сөз» – Салтанат

«Асыл мен Жасық» – Әзира

«Жайықтың ақ түлкісі аралдағы» – Лаура (әнімен)

Гүлназ:

-Өлеңді жақсы айтады екенсіңдер.Мен де құр қалмайын. Ақан серілік құрып ауыл-ауылды аралап жүргенде жібек мінезді Қадиша аруға ғашық болыпты.Қадишаға қимастық сезім орнаған кезде сері жігіт домбырасын алып, екі ішекті қағып жіберіп «Балқадиша» әнін шығарған екен.Осы әнді баршаңызға орындап берейін.

Көпшілік

-Әрине,әрине!-Жарайсың Гүлназ! Әннің тарихында біліп алыпты. Өзі әнге құмар жансың шырқап жібер ендеше.

(«Балқадиша» әні орындайтын Аманжолова Гүлназ)

Ақсақал:

-Ду- думан қызып жатыр, Ақке. Бізде қарап қалмайық. “Нағыз қазақ –қазақ емес, нағыз қазақ- домбыра” (Қ.Мырза-Әли) демекші, жанымызда домбыраның құлағында ойнайтын Сағын отыр.Сағынның орындауында бір күйін тыңдасақ қайтеді.

Ақан:

–Иә,иә Сағын алпыс екі тамырыңды идіретін күй құдіретін сезіндіріп, өлмес ұлттық өнерімізбен құмарымызды қандырсаңшы бір..

Күй С.Тұрысбековтің « Көңіл толқыны»күйі орындалады.

Мералы:

-Ал, жастар наурыз мерекесі Ақанның «Маң-маңгерінсіз» жанданбас. Ендеше осы әнді Мақпалжан шырқасын….

«Маң-маңгер» әні Орындайтын Елубай Мақпал

Ақнұр:

Жыр сыйлаған , нұр сйлаған тірлікке

Қастерледікдік, қадіріңді білдікте.

Құтты болсын Ұлы күн, жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.

Талғат:

-Иә,Наурыз тойына жиналған халайық! Ұлы тойымызды ойынмен жалғастырайық.

Гүлхан:

-«Қызықтан құр қалма» деген неге ойын тойды тамашаламасқа?!Кеттік ендеше…

Сахналық көрініс Ақан сері мен Цыган шалының әңгімесі (С.Жүнісовтің “Ақан сері”шығармасы бойынша )

Қазақтың ұлттық ойындары ойнатылады.

Мералы:

-Наурыз келді нұрландырып дүниені ,

Жерге басын алтын тәжді күн иді.

Бүкіл әлем жаңарады, түрленеді,

Кәрі дала жасарып гүлденеді.

Жан дүниемде ғажап сезім оянады,

Ой да, қыр да алуан түске боянады.

Гүлхан:

-Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем

Жарығыңмен,шуағымен,Жер Ана

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Талғат:

-Наурыз тойына шашу ретінде әкелген замандасымыздың әнін тыңдасақ қайтеді.Ал Айсерік көрсет өнеріңді.

Ән «Қазақ елі» . Орындайтын: Әбиев Айсерік

Ақан:

-Ал, жастар қайтатын уақыт та жетті. Наурыз тойларың құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл боп , аман-есен тойдан – тойға жетіп ,ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы Ұлыстың ұлы күнінде елімізге , жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын.Барлық жақсы ниет тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз тойына шашу ретінде бір халық әнін орындап берейін.

Халық әні «Ауылым» . Орындайтын: Аманжолов Мерей

Ақан:

Қайтатын уақыт жетті аман саулықта жүздескенше

Ақсақал:

Біздің ауыл осы келіп тұр Ақанжан. Қош сау бол!

Ақнұр:

-Ұлыс бақыт әкелсін,

Әр күніміз жақсы болсын.

Достығымыз берік болсын,

Білім-өнер серік болсын.

Ұлыс оң болсын!!!

Талғат:

-Осындай той қазақта бола берсін,

Көңілдерге жақсылық тола берсін.

Азамат боп еліне біздің жастар,

Тұғырына биіктен қона берсін!

Мералы:

-Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім,

Наурыз сыйлап қуаныш , бақыт нәрін.

Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің,

Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің,бәрің!

Гүлхан:

-Кеттік ендеше Наурыз көжеге!

Би 9 «б» сыныбының қыздары

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше