Кішкентай гномдар
Сабақтың тақырыбы: «Кішкентай гномдар»
Мақсаты: балалар табиғатты қорғай білуге, табиғат сырын ұғуға, бір – бірімен жақсы қарым – қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге үйрету, бала тілін дамытып ойын арқылы дыбыстарын жетілдіру.
Балалар музыкамен ішке кіреді. Тәрбиеші: Балалар бізге бүгін қонақтар келіп отыр, қане қонақтармен амандасайық. – Сәлеметсіздер ма? – Енді осы жақсы көңіл – күйімізді бір – бірімізге қарап күлімдеп шын жүрегімізбен сыйлайық. ( Бір – біріне қарап күлімсіреп көңіл – күй сыйлау) Сол жақсы көңіл – күйімізді енді қонақтарға сыйлайық. Енді балалар біздер табиғатқа саяхат жасайық.. Табиғат дегеніміз – бізді қоршаған орта. Тау, тас, өсімдік, ауа, ағаш т. б. Балалар біз табиғаттың, өлі табиғат, тірі табиғат болып бөлінетінін білеміз. – Қане ендеше кім айтады тірі табиғатқа нелер жатады? Өлі табиғатқа нелер жатады? ( балалардың жауабы)
