Ұзын жең тігу
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің
технология пәндерінің мұғалімі
Маханова Балғаным
Сабақтың тақырыбы: Ұзын жең тігу
Сабақтың мақсаты:
а) Ұзын жең тігіп,матаға бұйымды пішу жөнінде теориялық білім беру.
б) үлгі бойынша пішіп үйрену, техникалық карта бойынша жұмыс жасай білу. Жеңді тігу технологиясын меңгерту.
в) оқушылардың эстетикалық қалыптастырып, ұқыптылыққа іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, нұсқау картасы, үлгі,үнтаспа, слайдтар.
Сабақтың түрі: теориялық,сарамандық.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сарамандық жұмыс
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың құрал-жабдықтары: мата, түйрегіштер, қайшы, ине, жіп, өлшеуіш таспасы
Пәнаралық байланыс: сызу, геометрия, математика, қазақ әдебиеті
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
психологиялық дайындық
2. Білім-білікті тексеру.
3. Жаңа сабақ
4. Сарамандық жұмыс
I. құрастыру жұмыстарын көктеу
II. тігін машинасында тігу.
5. Ой қозғау
6. Пысықтау.
7. Қорытындылау.
8. Үйге тапсырма
9. Бағалау.
2. Өткен сабақ бойыншабілім-білікті тексеру.
10-9 «5», 8-6 «4», 5-4 «3», 3-1 «2» сұрақтарға жауап берген оқушылардың бағасы(Оқушылар бірін-бірі бағалайды).
1. Жең үлгісінің негізін деп нені атайды?
(плакаттағы жеңнің үлгісін)
2. Жең негізінің үлгісін жасау үшін қандай өлшемдер керек?
(қолтық асты екі жең ұшы, жең ұзындығы, жең кеңдігі)
3. Қандай жең түрлерін білесің?
(қондырмалы, жең қанатша, реклама)
4. Модельдеу дегеніміз не?
(жаңа модельдегі киімдерді шығару, жаңа пішімді ойлап табу).
5. Модельдеудің неше түрі бар?
(2 түрі бар: техникалық, көркемдік)
6. Адам тұлғасы неше түрге бөлінеді?
(3 түрге бөлінеді: тік тұлға, енгіш тұлға, артқа шалқайынқытұлға)
7. Қай өлшемдер 2-ге бөліп жазылады?
(көлденең өлшемдер.мысалы: бел айналымы, мықым айналымы, кеуде айналымы)
8.Техникалық модельдеу дегеніміз не?
(зскизден,фотосуреттерден )
9.Көркемдік модельдеу дегеніміз не?
(суретші модельер айналысады)
10.Қай өлшем арқылы өз өлшемдерімізді білеміз?
(кеуде өлшемі,Ка 3)
3. Жаңа сабақ.
Еңбек өнер арқау боп мың дастанға,
Шаттанамыз шұғыласын шашқанға.
Еңбек –өнер сенен бақыт асқанба?
Еркін елдің болашағы жастарда!-дей келе жаңа сабағымызды бастаймыз. Біз көйлек тікпес бұрын,мата таңдаймыз. Өлшемімізді алып,үлгісін түсірдік. Енді бүгінгі өтетін сабағымыз – ұзын жеңді тігу. Жеңнің оң жағын ішіне қаратып бүктеп аламыз. Мата жылжып кетпес үшін ине шаншыммен қадап қоямыз. (Қауіпсіздік ережені сақтау керек. Қолымызға оймақ киеміз). Инемен жеңді көктеп шығамыз.Тігістің өлшемі 1,5 см болу керек. Содан соң енді машина тігісімен жүргіземіз. Сосын ылғалды жылумен үтіктейміз, Жеңнің жоғары ойынынан 1,5 см етіп, жиыру тігісін жүргіземіз. Ол қолтық ойындысына тура келу керек.
1. Форманың симетриялығы және жұптық бөлшектің дұрыс орналасуы.
2. Бөлшектердің шет жақтарның біркелкі жиектемелерді өңдеу сапасы.
3. Бұйым бөліктерінің сурет бағытының дұрыстығы, суреттің үйлесімділігі. Жұптық бөліктердің суретінің симетрия болуы.
4. Ине шаншымдардың тігіс жолдарының тігістерінің сапалары.
Осы параметрлерде сақтауымыз керек. Бұйым бөлшектері біркелкі шығу үшін, үш түрлі қателікті жібермеуіміз керек.
1. матадан кететін қателік.
2. канструкциялық өңдеу қателігі.
3. техникалық қателік.
1. Мата қателіктері қай кезде кездеседі? Жіпті тоқу барысында, жіпті иіру барысында, мата дайындау барысында
Ол үшін біз дүкенге барғанда,матаны сатып аларда матаны жайып көруіміз керек.
2. Конструкциялық өңдеу қателіктері.
Сән ательесіндегі тігіншілердің өлшемді дұрысалмауы, үлгіні дұрыс сызбауынан, үлгіні матаға дұрыс орналастырмауынан, конструкциялау кезінде сызудан кететін қателік. Оның ақыры неге апарып соғады.Киген кезімізде әдемі көрінбейді, денеге қонымды тұрмайды.
3.Техникалық қателік
Тігіс тігу барысында,тігіс адымын матаны дұрыс қоймағандықтан болады. Дұрыс ылғалды – жылумен үтіктемегендіктен, мата созып алудан, қайшымен жұмыс жасағанда бір жерін қиып жіберуден болады. Біз осы 3 қателікті жібермесек, тіккен көйлегіміз жақсы шығатыны анық.
4. Сарамандық жұмыс (музыка баяу ойнап тұрады)
Еңбек қауіпсіздік ережесін оқушылардан сұрау. Оқушылар жеңді көктеу тігісімен тігеді. Оқушылар машинада отырып, жеңді тігеді. Сарамандық жұмыс кезінде мұғалімнің қоятын сұрағы:
1. Қолтігістерінің түрлерін ата.
2. Қандай жіп нөмірлерні білесің?
3. Біз қандай жіп нөмірін пайдаланып отырмыз?
4. Қандай ине нөмірлерін білесің?
6. Пысықтау.
1. Жең үлгісін мата бетіне қалай пішеміз?
(матаны тігінен орналастырып пішеміз)
2. Жең тігуге қандай тігісті қолдандық?
(Қол тігісі, көктеу, машина тігісі)
3. Біз жеңнің қандай түрін тіктік?
(Ұзын, қондырмалы жең)
7. Қорытынды
Дәулетім қызым өнерің,
Өнермен артар беделің.
Өнерің болса бойыңда,
Халқыңа тиер көмегің -дегендей,халыққа пайдаларыңды тигізіп,мынадай сән үлгісін тігуге мүмкіндіктерің бар.
Міне қыздар бүгін сендер ұзын жеңнің жасалу жолдарын үйрендік. «Көз қорқақ – қол батыр» дегендей, зейін қойсаңдар үйренбейтін өнер жоқ. Тек сендерге терең білім,үлкен шеберлік, төзімділік,іскерлік, шыдамдылық, белсенділік керек.
8. Үйге тапсырма.
Ұзын жеңнің сызбасын сызып, матаға түсіріп келу.
9. Бағалау.
