Ілмек бізбен тоқу технологиясы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің
технология пәндерінің мұғалімі
Маханова Балғаным
Сабақтың тақырыбы: Ілмек бізбен тоқу технологиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға тоқу өнері туралы толық мағлұмат беру, ілмек бізбен тоқу технологиясыен таныстыру, үйрету;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетімен тоқи алуға үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Дайын тоқылған бұйымдар.
Құрал – жабдықтар: тоқыма жіп, біз, қайшы
Пәнаралық байланыс: тарих, биология.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесу;
• Оқушыларды түгендеу;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Тоқылған заттар ненің сапасына байланысты?
2. Тоқуға арналған иірім жіптер қалай аталады?
3. Тоқыма өнерінің адам өміріндегі орны.
III. Жаңа сабақ.
Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі – тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.
Тоқыма үшін қажетті құралдар:
1. Біз.
2. Жіп
Біздің өзі әрқалай бөлінеді. Мысалы:
1. Қарапайым сым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқуға, мойын орағыш тоқуға, баскиім, т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады.
2. Екі басы сым темірден жасалған, ортасына түтікше пластмасса кигізілген қарапайым біз.
3. Ілмек біз. Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі. Ілмек біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. Мысалы ата-бабаларымыздың бұл бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған. Ал қазіргі заманда арнайы сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл бізді қолданғанда жуан жіптерді жуан ілмек бізбен, ал жіңішке ілмек бізбен тоқу керек.
Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б.
IV. Қауіпсіздік ережесін үнемі есте сақтау керек.
1. Инені ауызға салмау керек;
2. Инені киімге қадауға болмайды;
3. Қайшыны ашық тастама;
4. Қайшыны жолдасыңа үшкір жағымен берме;
5. Жұмыс соңында орныңды тазалап кету керек.
Жұмысқа қойылатын талаптар:
• Жұмысты технологиялық картаның көмегімен орындау;
• Жұмысты таза, ұқыпты орындау.
V. Пысықтау.
Оқушылар сендер бүгінгі сабақта тоқу өнері туралы толық мағлұматтар алдыңдар.
• Тоқу өнері қандай өнер түріне жатады?
• Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе қандай жіптерді пайдаланған?
• Тоқу түрлерін атаңдар?
• Жүн дегеніміз не?
• Ұршық дегеніміз не?
Бағалау. Әрбір оқушының жасаған жұмысын қабылдап, баға қойып, жіберілген қателерін көрсетіп ескерту.
Үйге тапсырма беру.
Оқушылармен қоштасу.
