Шешенге қойылатын талаптар
Павлодар облысы
Лебяжі ауданы
Қазы ауылы
Қазы ЖОББМ
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Бекужа Айгерим Ахметоллаевна
Сабақтың тақырыбы: «Шешенге қойылатын талаптар»
Сынып: 11 сынып
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: шешендік өнердің ерекшеліктерін таныта отырып,
оқушыларды сөйлеу мәдениетіне үйрету, шешенге қойылатын талаптар туралы түсінік беру
Дамытушылық: оқушылардың сөз саптау, ой-пікірін тартымды әрі нақты жеткізу, сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамыту
Тәрбиелік: ана тілін құрметтеуге, сөйлеу және тыңдау әдебіне үйрету, кіші бірлестікте жұмыс істеуге баулу
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: шығармашылық бағыттағы сайыс сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: қозғау салу, ізденіс, талдау, топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: тарих, философия, тіл мәдениеті
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта арқылы аталған тақырып бойынша флипчарт көрсету
Сабақ барысы
I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, журнал бойынша түгендеу. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақта өтілген материал бойынша жалпы сұрап өту.
