Ондық бөлшектерді қосу, азайту және көбейту
ШҚО, Ұлан ауданы
Тарғын ауылы
«І.Айттықов атындағы орта мектеп»КММ-нің
математика пәнінің мұғалімі
Солтанхан Қайнарбек
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу, азайту және көбейту.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Ондық бөлшектерді қосу, азайту және көбейтуге есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық:Логикалық ойлау қабілеті мен тез есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.
3.Тәрбиелік: Оқушылардыңөз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.
Сабақ түрі: қайталау сабақ
Сабақтың көрнекілігі: картон қағаздар, суретт, картичкалар, түрлі түмті маркерлер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. /5 минут /
І – кезең: Қысқа да нұсқа
ІІ – кезең: Үй жұмысы.
ІІІ – кезең: Кім жылдам?
ІV – кезең: Нағыз суретші.
V – кезең: Хат-қабар.
VІ – кезең: Сыбаға.
VІІ – кезең: Қортынды.
Ұйымдастыру. /5 минут /
І – кезең: Қысқа да нұсқа
1. Барлық қабырғалары тең төртбқрыш? (шаршы)
2. Бір ғасырда қанша жыл? (жүз)
3. Бір бүтіннің төрттен бір бөлігі? (ширек)
4. 60-тың үштен бір бөлігі? (20)
5. Түзудің екі нүктемен шектелген бөлігі? (кесінді)
6. Тәуліктің төрттен бір бөлігі? (6 сағ)
7. Нәрселерді санағанда қолданатын сан? (Натурал)
8. Ғасырдың төрттен бір бөлігі? (25 жыл)
9. Қолымызда 10 саусақ бар, 10 қолда неше саусақ бар? (50)
10. Біз қай елдің йифрын пайдаланамыз? (Араб)
11. Балаларды жазалау үшін қандай геомертиялық фигура пайдаланылады? (бұрыш)
12. Математикатің көз қарасында вагондардың айырмашылығы неде? (нөмер)
13. (Египет) Мысырдағы геометриалық фигура? (пирамида)
ІІ – кезең: Үй жұмысы. Бұл кезеңде әр топқа берілген тапсырмаларын қорғайды, қорғап болғасын әр топ басшылары өзге топ мүшелеріне өздері дайындаған тапсырмаларын береді. / 10 минут /
ІІІ – кезең: Кім жылдам? Бұл кезеңде әр топты алдыға шығарып тапсырма беру және сол тапсырманы картон қағаздағы сифрларды топтың әр мүшелері жауабын көрсетеді. / 5 минут/
І-топ ІІ-топ ІІІ-топ
12,5+3,6=16,1 1,15+2,6=3,75 1,14+5,38=6,52
1,14+5,38=6,52 13,5+2,7=16,2 13,5+2,7=16,2
7-3,56=3,44 9-4,65=4,35 7-3,56=3,44
3,23-2,89=0,34 4,56-3,88=0,68 3,23-2,89=0,34
0,456*10=4,56 45-23,8=21,2 4,56-3,88=0,68
2,8*0,2=0,56 1,4*0,6=0,84 0,456*10=4,56
123*0,01=1,23 237*0,02=4,74 1,4*0,6=0,84
456*0,25=114 545*2,6=1417 456*0,25=114
232*0,75=174 65*2,6=169 232*0,75=174
124*0,35=43,4 654*0,01=6,54 125*0,156=19,5
ІV – кезең: Нағыз суретші. Бұл кезеңде дайын сызба беріледі. Сол сызбаға бояу беру керек, әрбір бояу берілетін бөліктерде есеп жасырылған сол есептердің шығындысы бойынша түрлі түсті бояу береді. / 10 минут /
V – кезең: Хат-қабар. Бұл кезеңде әр топ өздері дайындап келген сөз жұмбақтармен ребустарын қарсы топқа конвертбен береді және қарсы топ жасырынған тапсырманы ашып орындап қайтадан жолдайды. Сосын дұрыс қатесін тексеріледі./5 минут /
VІ – кезең: Сыбаға. Бұл кезеңде қатысып отырған қонақтарға тапсырма әкелінеді де таңдайды, таңдаған тапсырманы кез-келген оқушыға шығартады және өзі дұрыстайды. /5 минут /
40-(3,16*12+1,838) 8,3+4,5*7+1,7*7+5,5*7
25,04*35-1,8*100-558,6 0,85*4+0,73*5+0,15*4+0,27*5
67,8*6-3,75*100+9,23 5,25*2+6,31*3+2*0,75+3*0,69
0,63*12+0,9*30-25,56 9,75*10+0,07*100+0,25*10+0,03*100
83-(17,27*1-8,93*11)
791,8-(28,31*40-580,9)
VІІ – кезең: Қортынды.
Үй жұмысы: 6,3. Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу. / 5 минут /
