Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас
Нұржанова Бақтылы Қабдолқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Б.Момышұлы атындағы №25 орта мектеп
Атырау қаласы, Ақсай селосы
Сабақтың тақырыбы: Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Өткен тақырып бойынша алған білімді қорытындылау, сабақтас құрмалас сөйлемдер легін оқи отырып, тыныс белгісі – үтірдің қай жерге қойылатынын сол мезетте айтқызып, сабақтас сөйлем синтаксисі бойынша қалыптасуға тиіс
дағдының деңгейін тексеру. Жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, негізгі ережелерді ұғындыру. Бағыныңқы сөйлемдердің басыңқымен байланысу сипатына қарай көп бағыныңқы сабақтастың екі түрге бөлінетіндігі.
Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтың ережесі және оның бағыныңқы сөйлемінің басыңқысымен мағыналық қарым-қатыснасына қарай түрленуі /бірыңғай, әр алуан/; сатылы көп бағыныңқы сабақтастың өзіндік ерекшелігін жарыспалы көп бағыныңқы сабақтаспен байланыстыра отырып түсіндіру.
