Жылу Ф Оңғарсынова

Атырау қаласы Еркінқала селосы

Еркінқала орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы

Сабақтың тақырыбы: Жылу Ф Оңғарсынова
Жалпы мақсаты: Ең қымбат адам – ана екендігін түсіндіріп, оның мейірімі мен жақсылығын түсіну, ананы сыйлай білу.
Міндеті: Анаға сый – құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері: Анаға сый – құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеуге үйренді.

Көрнекілігі : суреттер, слайд, кестелер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сыныпты стикер арқылы төрт топ бөлу.

Психологиялық дайындық

Күн шуағы,

Қол ұстасып бәріміз

Жылылықты сезейік

Күндей болып әрқашан

Күлімсіріп жүрейік !

II.Үй тапсырмасын тексеру

Қайқауастың Ата- ананы құрметтеу туралы тақырыбындағы мәтіндегі бөліктерден өзіңі ұнағанын жаттап келуге, өзіде де ата- анасы тақырыбында өз ойын жазып келуге бердім.

III.Жаңа сабақты меңгерту.

1.Құт берекең атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың әкең қымбат.

– Бұл даналық сөзді жазған адамның кім екенін білеміз бе?(Қазыбек би).
– Жүректеріңнен шыққан жылы сөздерің, мейірімділік, жанашырлық сезімдерің кімге арналады?

Бүгінгі сабақта біз Фариза Оңғарсынованың аналарымызға арналған «Жылу» атты өлеңімен танысамыз. Мақсатымыз ең қымбат адам – ана екендігін түсініп, оның мейірімі мен жақсылығын түсініп оған қамқор болу керек екенін ұғынамыз.
Кіріспе сөз:
(Интерактивті тақта арқылы Фариза Оңғарсынова жайында суреттер көрсетіледі.)
Фариза Оңғарсынова 1939 — жылдың 25- желтоқсанында қазіргі Атырау облысына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. 1961- жылы педагогикалық институтты біріп, мұғалімдік қызметті атқарып, газеттерде тілші, журналдың бас редакторы болған. Бүгінде ол халық жазушысы, парламент депутаты болған адам.

IY.Оқулықпен жұмыс

Мәтінмен таныстыру

Мазмұнын түсіндіру

Жеке- жеке тізбектеп оқыту

Сөздік жұмысы

Өң – бет, ажар, түс

Жалғанда- дүниеде

Ғұмыр – өмір сөздеріне түсінік беру.

Y.«Сұрақтар шеңбері» әдісі бойынша кестемен жұмысы

Сұрақтар Жауаптар Берілген сөз
Қандай?

Кімнің?

Қандай?

Кімнің?

Ненің?

анам

құшағы

жанары

сүті

нұры

«Мәселені болжау» стратегиясы бойынша суретпен жұмыс жүргізілді.

Осы суреттен шыққан тіркестерді қатыстырып сөйлем құра. Осы сөйлемдерді сурет бойынша әңгіме құрауға пайдалан.

-Берілген суреттер арасында қандай байланыс бар?

-Ақын ананың не үшін күнге ұқсатады?

-Ана мейірімі туралы не дейсің?

-Ана сүті туралы ше?

-Ананың алақаны қандай?

YI.«Ойлан – жұптас- талқылы» әдісі бойынша топтық жұмыс

I топ Ана деген кім? Ол қандай адам?

ІI топ. “Менің анам” тақырыбына ойтолғау.
ІІI топ. “Өлең ұйқастыру”стратегиясы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше