Сүт қалай ұйықтады? О.Әубәкіров
Атырау қаласы Еркінқала селосы
Еркінқала орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? О.Әубәкіров
Сабақтың мақсаты: Сүт туралы білідерін толықтыру, мәтіндегі
негізгі ойды, идеяны анықтату.
Міндетті: Қазақтың белгілі сықақшыл ақыны О. Әубәкіровтің
өмірбаянымен таныстыру, ертегідегі астарлы ойды ашу
Күтілетін нәтижелер: Оқушының жаңа тақырыпты оқып-білуге деген ынта-
жігері қалыптасады, өз ойын толық жеткізе білуге
үйренеді.
Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар, интернет материалдары,кестелер,
сиқырлы қалпақтар
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.Амандасу. Сыныпты білім ағашынан алма теру арқылы 4 топқа бөлемін.
Психологиялық дайындық «Ақ тілек. Әсем күлкі»
-Көңіл-күйлеріңіз қалай?
-Керемет!(қолдарын көтереді)
-Сабаққа дайындықтарың қалай?
-Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
-Ынталарыңыз қалай?
-Ғажап! (қолдарын көтереді)
-Ендеше сабағымызды бастайық!
-О, о, о(бас бармағын көтереді)
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ы. Алтынсариннің «Салақтық» деген әңгімесініңи мазұнын сұрау.
Салақтық туралы жазып келген мақал- мәтелдерін оқыту.
III. Жаңа сабаққа кіріспе
Сөздік пазл арқылы бүгінгі сабаққа қатысты сөздерді табу.
| ұ | ж | д | й | н | ә |
| э | й | ю | т | м | ж |
| в | р | қ | й | г | е |
| е | п | а | ы | ғ | м |
| ю | р | к | я | ш | ю |
| ш | қ | т | ч | к | ы |
| щ | о | с | е | в | л |
| с | ү | т | ц | г | і |
Құрастырылған сөздердің бүгінгі сабаққа қатысты екенін түсіндіріп өтемін.
IY.«Мәселені болжау» О. Әубәкіровпен таныстыру.
| Оспанхан
Әубәкіров |
сатирик | Ұшбұлақ |
| 1934-1986 | театр | Қағазқалпақ |
| ақын,
жазушы |
Ара Шмель | Қожанасыр чемпион |
Y.Мәтінмен жұмыс
а) Электрондық оқулықтан жаңылтпашты, ертегіні тыңдатамын
ә)Мәтінді жеке -жеке оқып танысады
б)Мәтін мазмұнымен жұмыс жүргізіледі
Ақиқат па жалған ба?
| Мазмұны | Ақиқат па? | Жалған ба? |
| Сүт ұйып қапты.
Ұйықтап қапты. Айқайлап жатса да оянбапты. Бықырып тұрып ашыпты. Бұл сүтке ұйқы ұя сапты. Әжем дорбаға құя сапты. |
Формативтік бағалау Жақсы жауап берген оқушылардың төсіне жұлдызша жапсырып отырамын
YI. «Жұптас- бірік- талқыла» әдісі бойынша топтық жұмыс
1-топ «Сиқырлы қалпақтар» әдісі
Ақ қалпақ Ертегіні күлдіріп оқып беруге тырысу
Қызыл қалпақЕртегіні жылатып оқып беруге тырысу.
2-топ «Топтастыру» әдісі
Конверттегі тағамдардың суретінің ішінен сүт тағамдарын тауып жапсыру.
3-топ «Дұрыс сөз тіркесін тап» Берілген сөздерден дұрыс сөз тіркестерін құрап жаз.
Балдай, тәтті, құрт,тұздалған, қышқыл, туралған, айран, кепкен, қара, ашыған,сүт
4-топ Сызбаны толтыру.
Сүттің неден алынатынын, қандай тағамдар жасалатынын жаз.
айран құрт
| сүт |
қаймақ
ірімшік сары май қатық
мақал
1.Сиырдың сүті – тілінде
2.Малды теппе, сүтті төкпе
Формативтік бағалау Жақсы жауап берген оқушылардың төсіне жұлдызша жапсырып отырамын
YII. «Қарама -қарсы пікірлер»
|
YIII.Сабақты қортындылап, сабақ барысында жүріп отырған формативтік бағалаудың нәтижесінен жиынтық баға шығарамын.
Кері байланыс ретінде оқушылар стикерге өз ойларын жазып білім ағашына жапсырады.
