Жаңа жыл шақырады
№65 орта мектеп №65 орта мектеп
Тақырыбы: Жаңа жыл шақырады!
Өтетін күні:28.12.13ж
Мақсаты: Оқушыларды жаңа жылдың шығу тарихымен таныстыру. Аяз ата, Ақшақар кейіпкерлерін сомдату.Жаңа жылдық қойылымдар мен ән шашулардайындату.
Көрнекілігі: Залды безендіру, Плакаттар ілу. Шыршаны безендіру.
Алғы сөз:
Армысыздар, құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! «Жаңа жыл шақырады» атты карнавалымызға қөш келдіңіздер! Жаңа жыл шақырады, мен шақырамын, менің ханзадаларыммен ханшайымдарым шақырады.
І Жүргізуші: Данияр
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
Жағайық түрлі шамдарын- деп шырша шамдарын жағамыз.
ІІІ Жүргізуші Маржан
Төрлетіңдер, төрлетіңдер,
Шырша сәнін көріңдер
Әсем әнмен би билеп,
Күй- жырларды төгіңдер!- деп ортаға жаңа жылдық шыршаға келген оқушыларымызды қарсы алайық.
ІV Жүргізуші: Руслан
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып,
Келеді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Келеді Аяз атамыз,
Қасында Ақшақары бар.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы алайық баршамыз.
Ал енді, құрметті халайық! Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы әрі сәні Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алайық! Қанекей бәріміз бірге Аяз ата Ақшақар деп шақырайық..
І Жүргізуші:
Қош келдіңіз Аяз ата!
Амансыз ба, Ақшақар!
Аяз ата
Амансыңдар ма, ұлдарым
Амансыңдар ма, қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем билерің!
Асулармен алыстым! 1
Асау желмен жарыстым
Шыршамызға асығып,
Өздеріңмен табыстым.
Ақшақар: Армысыздар, оқушылар, ата-аналар, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын. Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын!
ІІ Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар алыс жолдан шаршап келдіңіз, енді отырып демалыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз.
ІІІ Жүргізуші: Ал халайық, халайық,
Ескі жылдай ата бар
Оны ортаға алайық,
Қош айтысып қалайық.
(Музыка ойнап ескі жыл келеді)
Ескі жыл:Руслан
Ескі жылың есіркеп
Жаңа жылың жарылқап,
Еліңде болсын тыныштық
Бейбіт күнің жарқырап
Қоштасамын бүгін мен
Сіздерді қимас көңілмен
Келер жылқы жылында
Дән көп болсын қоймада
Тыныштық пен бейбіт күн
Болсын деп тілеп әманда,
Қоштасып қол бұлғаймын.
Қош сау болыңдар!
Жыл келді шапқылап,
Қанеки, қарсы алайық жақсылап!
(Жаңа жыл келеді )
Жаңа жыл: Рахмет, балалар! Мені бөтенсімей шын ықыласпен қарсы алғандарыңызға рахмет!
Жақсылыққа бағытталған
Жылқымын мен жаңа жыл
Жаңа жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл
Жылан жылының мерекесін
Берекеге жалғаймын
Елде, жерде, табиғатта
Бейбіт жолды қолдаймын. 2
І Жүргізуші: Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарылмасын
Аяз ата бүгінгі келген күндей
Жүздеріңнен қуаныш арылмасын! деп әнге кезек береміз.
«Қош келдің жаңа жыл». Орындайтындар: Жазира, Алпамыс, Айткүл, Жұлдызай.
(Желдің дауысы) сахнаға хар ханшайымы шығады. Герда мен Кай ойнап отырады. Хар ханшайымы Кайды алып кетеді. Герда Кай…Кай…деп дауыстайды.Келе жатырып балаларға жолығады. Герда: Балалар Кайды көрмедіңдер ме?
Балалар: Жоқ.
ІІ Жүргізуші: Герда ұзақ жолдан шаршаған боларсың бізбен бірге көңіл көтеріп, демалып ал, сосын жолға шығарсың.
Герда: жарайды.
ІІІ Жүргізуші: Жаңа жыл туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл шуылдаған жаңа ормандар.
Ал мынау мәңгі бақи жаңа дүние,
О, сәлем, жаңа жылда жаңарғандар.
Би: Көркемдейтіндер 6-а сынып жігіттері.
ІV Жүргізуші: Балалар осында сиқыршы ағайымыз келіпті, сол кісіні ортаға шақырайық, жаңа жылға не тарту етеді екен?
Сиқыршы: Сәлем балалар! Мен сендерге ойындар әкелдім. Қане менімен ойнауға кімнің батылы жетер екен: Мен өзім таңдап шығарайын. Шляпаға қағаздар салып ішінен таңдап біреуін алады оқиды.
1 сұраққа жауап
Герда: Балалар рахмет сендерге жақсы демалып қалдым мен енді Кайды іздеуге аттанайын, Сау болыңдар!
Балалар: Сау бол Герда, Кайды табуыңа тілектеспіз.
Ән : «Жаңа жыл» Орындайтындар:Зарина, Нұрсезім, Жансая.
Хан ханшайымы: Сиқырлы айнам айта қойшы бұл әлемде кім сұлу, менен асқан бар ма сұлу?
Айна: Сізден сұлу бір қыз бар. Өзі сұлу, өзі жас Аты оның Күлқыз деген.
Хар ханшайымы: Күлқыз дейді. Ол кім тағы, қайдан пайда болды ол. Қане маған Күлқызды көрсетіңдер!
Сахна: әпкесі мен шешесі және Күлқыз екі әпкесі балға дайындалып Күлқызды мазақ етіп өгей шешес жұмыс тапсырып кетіп қалады.
Фея: Қане қызым тілегіңді айт орындайын!
Күлқыз: Рас айтасыз ба? Менің балға барғым келеді, бірақ киіп баратын кимімім жоқ.
Фея: Ендеше қабыл ал Бірақ 12 – ге дейін оралуың керек.
Күлқыз: жарайды.
Музыка ойналады. Сахна Би биленіп жатады. Ханзаданың әкесі кезіп жүреді.
Ханзада: Сұлу қыз сізбен билеуге бола ма?
Күлқыз: Әрине, бірақ мен 12 болмай қайтуым керек.
Ханзада: Жарайды:
(Сағат 12-ні соғады
Күлқыз: Қаша жөнелді аяқ киімі шешіліп қалады.
Ханзада: Көрермендерге жүгіріп кигізеді, ол ешкімге болмайды.
Уәзір: Ханзада аяқ киім ешкіме болмайды бәріне кигізіп көрдік.
Ханзада: Кимеген адам қалды ма?
Уәзір: Жоқ әнебір аула сыпырушыдан басқа ешкім қалған жоқ. 3
Ханзада: Онда оған да кигізіңдер.
Уәзір: Кигізеді. Аяқ киім болады. Қыз әдемі киіндіріледі.
Ханзада: Әйтеуір таптым-ау. Сұлу қыз.
Хар ханшайымы: Қап сұлу қыз дей ме, көңілім түсіп кетті-ау. Көзінқұртуым керек еді құрта алмадым ашуымды кімнен алсам екен.
1-Жүргізуші: Балалар хар ханшайымының көңілін көтерейік әйтпесе қазір дауылдатып біздің кешімізді құртуы мүмкін.
2-Жүргізуші: мен таптым, біз мұнда бишілерді шақырайық.
Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық,-деп бишілерді ортаға шақырамыз.
Үнді биі Көркемдейтіндер Аружан, Назерке.
3-Жүргізуші: Герда қыз Кайды іздеп жүріп ақыры хар ханшайымын тапты.
Герда: Сәлеметсіз бе? Хар ханшайымы менің досым Кайды босатыңызшы сіздің алып кеткеніңізді мен білемін.
Хан ханшайымы: сен мұнда қалай жеттің?
Герда: Мені мұнда балалардың көмегімен жеттім. Елндеше сен сол балаларға айт менің көңілімді жібіте алса мен сенің досың Кайды босатамын.
4-Жүргізуші: Қане балалар Гердаға көмектесеміз Бе?
Балалар, Я
Ендеше: балалардың жаңа жылдық тілектеріне кезек берелік.
Хар ханшайымы: Жарайды мен еріп бара жатырмын Кай сен Гердаға бара ғой. Және тағы бір тілегім мен де жаңа жылдарыңды тамашаласам бола ма?
Герда: Жарайды бізбен бірге тамашалаңыз. Балалар сіздерге рахмет Кайды табуыма көмектестіңіздер.
1-Жүргізуші: Ендеше Герда мен Кайдың Хар ханшайымының құрметіне
Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Әрқашан мерекелік көңіл болсын!
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане достар күлкімен орта толсын! деп әнге кезек берейік.
Ән: «Жаңажыл»Орындайтын Қалман Әйгерім ,Кенжебай Назел
2-Жүргізуші Шырша қандай керемет
Ойыншықтар ілінген
Жымың қағып шамдары
Бүкіл қызық тірілген
Жарқырайды жан жағым :
Жаңа жылдық киіммен.
Жаңа жылдық сыйлығын
Жеңіп алған өнермен.
Сиқыршы ағайымыздың ойынына кезек берейік.
Жіпке қағаздар (жазу жазылған) іліп қай цифрды таңдайды соны аламыз. 4
1.Оқушыны алып құшақтасып сурет екеуі екі жаққа қарап көбелек салу.
2. Приз Жаңа жылдық сыйлық.
3. Аюдың жүрісін, дыбысын салу.
4.Лотериялық билет көрерменге.
3-жүргізуші:
Шырша айналып әндетіп
Би билейік сәнді етіп.
Қандай жақсы жаңа жыл!
Өткізелік мәнді етіп!-деп биге кезек берейік.
Би: Көркемдейтіндер: 7- сынып оқушылары.
4-Жүргізуші: Кел Жаңа жыл!
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің бізді де.
1-Жүргізуші: Келеді жылдар, келеді айлар ауысып.
Береке билік бейбітшілік төрінде
Тұрайық әр кез татулықпен қауышып.
2-Жүргізуші: Міне жаңа 2014 жылда келді. Ал 2013 жыл біздің тарихымыз-
дың бір бөлігіне айналды. 2014 жылы да елімізде тыныштық болып құтымыз азаймасын!
3-Жүргізуші: Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын! Қош сау болыңыздар!
