Анағақарапқызөсер
№65 орта мектеп №65 орта мектеп
Өтетін күні: 5.03.14ж.
Дайындаған көркемөнерпаз үйірмесінің
жетекшісі: А. Аққұлова
Тақырыбы «Анағақарапқызөсер”
Мақсаты: Қыз балаларды ұлттық тәрбие негіздері мен салт – дәстүрді, халықтық әдеп пен өнерді дәріптеуге үйрету. Ана тілінде таза сөйлей білу дағдыларын дамыту. Инабаттылық пен талғам қалыптастыру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, аналарға арналған альбом, сыйлықтар.
Жоспары:
1. Таныстыру11
2. Өнер көрсету. (ән, би, мәнерлеп оқу,қыздар)
3. «Ас адамның арқауы» (дастархан әзірлеу, бірге )
4. Жалғасын тап, мақал – мәтел жарысы.(аналардың өнері)
5. Шаш сәндеу (аналардың өнері)
7. Қол өнер (аналардың өнері)
1 – жүргізуші:
Құрметті ұстаздар! Аяулы аналар! Көктемнің алғашқы мерекесі баршаңызға құтты болсын! Қар астынан бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып, көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,8 наурыз мерекесі келеді. Ендеше, «Анаға қарап қыз өсер» атты сайысымызға қош келіпсіздер!
2 – жүргізуші:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Анадеген – алтын қазық, алтын бақ.
Анадеген – асылжандарболаттай,
Анадеген – мөлдіржандарбұлақтай
О, адамдар, қадірлейбілананы,
Жат қылыққаақыл – ойдытонатпай.
1 – жүргізуші:
Ана- бала, бала –ана бір ұғым,
Бір-бірінсіз жоқ олардың бақыты.
Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын,
Екеуінің өтсін бірге уақыты.
Ана- бала көздің ақ пен қарасы ,
Бір– бірінсіз таусылмайтын шарасы.
Әр ананы арманына жеткізер,
Әр баланың ақылы ,ары, санасы,-дегендей, бүгінгі сайысымызға оқушыларымыз аналарымен келіпті.
2 – жүргізуші:
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.-Ендеше, Анасымен аруларымызды ортаға шақырайық.
1 – жүргізуші:
1 –жұп
Қуантады білімімен Жазира қыз,
Қол соғып қарсы алайық енді оны біз.
Сайысқа анасымен келіп отыр,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.
Айгүл анамен Жазира аруға қошеметтеріңіз.
2– жүргізуші:
2 – жұп
Қол соғып қарсы алыңдар шығады енді,
Оларға да берейік бүгін төрді.
Жеңімпаз болармын деп келіп тұрған,
Анасы мен Меруерт қызға кезек келді.
Ғазиза анамен Меруерт аруға қошеметтеріңіз.
1 – жүргізуші:.
3 – жұп
Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,
Бәрі де арманына қолын созар.
Анасы мен келіп тұр Назерке қыз
Бұйырса бақыт құсы саған қонар.
Айым анамен Назерке аруға қошеметтеріңіз.
2– жүргізуші:
4 – жұп
Көңіл бөлші, қазір шығар ортаға,
Қош келдіңіз сіз де біздің ортаға.
Анасымен келіп тұрған сайысқа,
Қарсы алайық кезек келді Заринаға.
Кенжегүл анамен Зарина аруға қошеметтеріңіз.
1– жүргізуші:
Әділдікпен бұл сайысты байқайтын,
Туралықтан ешқашанда қашпайтын
Қол соғыңдар, қошеметтеп ендеше
Әділ қазы алқаларын вйтайын.
Тәрбие ісі жөнінің жетекшісі: Айжігітова Жаннұр апай.
Мектебіміздің тәлімгері: Райымбаев Сағындық ағай.
Мектебіміздің ән-әуез пәнінің мұғалімі: Тұрғанбаева Дина апай.
2– жүргізуші:
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ана-аруды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір жұп көрсін өзін таныстырып.
Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда.
Жолданады сайыскерлер сәлемі,-деп таныстыру бөліміне кезек берейік.
1– жүргізуші:
Сайыскерлеріміздің таныстыруларына беретін әділ қазылар алқасының бағаларына кезек берелік.
2– жүргізуші:
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуіәнсалыпты
«Өнерліөргежүзер» байқауында,
Қолсоғып, баршахалықтамсаныпты-дей келе сайыскер аруларымыздың өнерлеріне кезек берейік.
1– жүргізуші:
Әділ қазылар бағасына кезек берейік.
2– жүргізуші:
Аналар шықты ортаға талаптанып,
Білімді қондырғандай санатқа нық.
Сайыс жұп араласса ұлы сынға,
Жанкүйер залда отырар қанаттанып.
Жастардан жалын оты табылады
Ілінер жеңіс жолы бағына әлі
Ал қане, бастайықшы ас мәзірін
Сайыстың алауы шын жағылады.
«Ас адамның арқауы» тақырыбында аналарымыз қыздарымен бірге аспаздық шеберліктерін көрсетеді.
1– жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,
Жүрекке түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй,-деп Абай атамыз айтқандай, сайыскерлеріміз дайын болғанша әнге кезек берейік.
«Ақ мамам» әнімен Жалғау Ғалымбекті ортаға шақырайық.
2– жүргізуші:
«Ас адамның арқауы» бөлімінің бағаларына кезек берейік.
1– жүргізуші:
Ал,аналар мақалға қалайсыздар?
Сіздер өтер әлі де талай сын бар.
Тапсырма ал, ортаға қымсынбай кеп,
Дұрыс жауап берсеңдер жарайсыңдар!
«Мақал айтсаң-жол көрсеттің, мәтел айтсаң−жанымды жайландырдың» демекші, енді аналарымыз, мына үзік−үзік сөздерден мақал құрастырады. Ал қыздары аналарына арнап,жылы сөздер айтып барып сұрақ таңдап,қайтарда аналары қыздарына жылы сөздер айту арқылы жылжып әкеліп береді.
2 – жүргізуші: әділ қазылар бағасына кезек берейік.
1– жүргізуші:
Жақсы ғой біздің анамыз,
Айтқан тілін аламыз,
Шашымды менің сәнде деп,
Анаға қолқа саламыз,−деп,Шаш сәндеу бөліміне кезек береміз.
Ендеше, сайыскер аналар өз қыздарының шашын сәндеп, мектепке әзірлейді.
2 – жүргізуші:
Шырқа әнге шалықта,
Би дегенде,жалықпа.
Өнеріңді көрсетші
Мың бұралып,қалықта.
«Құрманғазы күйіне» би. Көркемдейтін Оңталапова Әсемгүл.
1– жүргізуші:
Әділ қазылар бағасына кезек берейік.
2 – жүргізуші
Шеберлерім өнер тамып, қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айталық төрелігін соңынан,−деп шеберліктеріне кезек береміз.
Ән: «Анашым» Орындайтын: Алпамыс.
1– жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжіме,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Әділ қазылар бағасына кезек берейік.
2 – жүргізуші:
Тарқамасын қызықтың шағы қызған,
Арта берсін бақ артып бағыңыздан.
Құрметпен ұсыналық сізге сөзді
Төрелігін айтыңыз ағыңыздан, =деп Жаннұр апайымызға сөз кезегін береміз.
1– жүргізуші:
Жеңістеріңіз құтты болсын, құрметті аналар! Әрдайым балаға деген мейірімдеріңіз ортаймасын. «Аналар адамды бесіктен бастап баулиды, өмірдің ірге тасы солардың қолымен қаланады» деген сөз бар.
Аналар қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Салтанаттыкешімізаяқталды.
Гүлбітсінбәріңіздіңқадамына, – дейотырыпбүгінгімерекеміздіаяқтаймыз.
Мақалдардыжалғастырыңдар.
1. Ауылданасқанбайлық,
________ қымбатқазынажоқ. /кітап/
2. Талапсызжас,
Қанатсыз_________. /құс/
3. ________ қылығыменкөркем. /қыз/
4. Білім-теңіз,_______ кеме. /мектеп/
1. _______ көңілібалада. /ананың/
2. Сөзтапқанға ________ /қолқажоқ/
3)Жақсысөз . /жарымырыс/
4)Ине көзіненсынады________ /шешенсөзіненсынады/
1)Ала сөйлеп, үлыққажаққанша,
Адалсөйлеп, ________/ жүртқажақ /
2. Балағаөзтіліңменсөйлеме, / өзтіліменсөйле./
3. Тұр-тұрданхабаркелсе, / ¥йкыдан маза кетеді. /
4.бар үйдіңжеңгесісүйкімді. / Кызы /
1. Екіаяқтыдабажа тату, . / төртаяқтыда бота тату./
2. Бас жарылса, бөрікішінде, /Кол сынса, жеңішінде./
3. Өлежегенше, /бөле же./
4. Ағаштамырыменмықты, /Адам досыменмықты.
«Ісмерана», «Үлгіліана», «Инабаттыана», «Өнерліана» дегенаталымдартапсырылады.
1. Ауылданасқанбайлық,
________ қымбатқазынажоқ.
2. Талапсыз жас,
Қанатсыз
3. ________ қылығымен көркем.
4. Білім-теңіз,_______ кеме.
1. _______ көңілі балада.
2. Сөз тапқанға ________
3)Жақсы сөз .
4)Ине көзінен сынады________
1)Ала сөйлеп, үлыққа жаққанша,
Адал сөйлеп, ________
2. Балағаөзтіліңменсөйлеме,
3. Тұр-тұрданхабаркелсе,
4. бар үйдіңжеңгесісүйкімді.
1. Екіаяқтыдабажа тату, .
2. Бас жарылса, бөрікішінде,
3. Өле жегенше,
4. Ағаш тамырымен мықты,
№65 орта мектеп
Анаға қарапқызөсер
Сайыс
