Кітапханалық сабақ өткізу технологиясы
Кітапханалық сабақ өткізу технологиясы
Құрастырған: Нұрғали Мирамкүл Рахатқызы
Ақтөбе қаласы,
№51 орта мектебінің
кітапхана меңгерушісі
Алғы сөз
Мектеп кітапханасы – оқу процесіне қажетті құжаттармен және ақпараттармен қамтамасыз ететін оқу кітапханасы. Ол кең көлемдегі кітапханалық – ақпараттық жүйенің бір бөлімі.
Бүгінгі таңдағы мектеп кітапханасы өз заманының даму деңгейінде болып, мектептің оқушыларға тәрбие беруі мен оқытуына белсенді көмек беру қажет. Қазіргі заманда ақпарат көздерінің қаншалықты көбеюіне қарамастан кітап және мерзімді басылымдар кітапханадағы негізгі ақпарат көзі болып қала береді.
