Өткенді пысықтау
М.Б.Ықсанов атындағы № 36 орта жалпы
білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Абулхасимова Кунсулу Сагидуллиевна
Тақырыбы: Өткенді пысықтау.
Мақсаты:
Білімділік: әртүрлі есептерді өз бетінше шығару қабілетін нығайту; көп таңбалы сандармен есептеу, амалдардың қасиеттерін жазбаша және ауызша есептерді шешкенде пайдалану қабілетін тексеру.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, түрлі тапсырмалар орындау барысында шығармашылық, іскерлік қабілеттерін математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: оқушылардың ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, білімпаз болуға, ақыл – ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.
Әдісі: топтық, жеке жұмыстар, ауызша есептер, шығармашылық.
Көрнекілігі: оқулық, топшамалар, интерактивті тақта, ауызша есептер.
