"Мастер класс", Ұстаздар

ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР. Мастер класс дәрісі

Ақтөбе облысы. Шалқар қаласы «№1 орта мектеп» ММ
Физика- информатика пәнінің мұғалімі
Қайралапова Қуаныш Байдрахманқызы

Қоғамның даму деңгейі мен өзгерген әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделу үшін әлем елдері білім беру жүйесін реформалауда.

Қарқындыөзгеріпжатқанәлемдебілімсаласындағы саясаткерлерүшінде,жалпымектептерүшінде,соныңішіндемұғалімдерүшіндееңбасты,маңыздымәселеболыпотырғаны:«ХХІғасырданеніоқытукерек?»жәнедеекіншісі –олдамаңызыжағынанбіріншіденешкемемес:«МұғалімдероқушылардыХХІғасырғақалайдайындайды?».

Білімберусаласындақолжеткізілгенбүкіләлемдікбітімніңмәніоқушыларүшін білімніңде,дағдылардыңдатеңдәрежедемаңыздыекендігінесаяды.Заманауитәсілдіңеңнегізгіерекшелігіоқушылардыңалғанбілімдерінжайғанаиеленіпқоймай,олардыорынды жердеқолданабілуінебастыназараударуболыптабылады,алХХІғасырдаталапетілетін дағдылардың мәні осында.

Президент жолдауы-әр жылдың басты құжаты.

Елбасы 2014 жылғы Қазақстан халқына жолдауында, « орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», -деп атап көрсетті.

Экономикалықынтымақтастықжәнедамуұйымы(ЭЫДҰ)жасағанҚұзыреттердіанықтау жәнеіріктеужобасыдағдылардыңбарыншакеңауқымынқамтитынХХІғасырдағдыларының моделіболыптабылады.Аталғанжобаоқушылардыңтереңтұжырымдамалықтүсінікпен астасқаннегізгі сауаттылықтымеңгергендігінкөрсететін,кеңмағынасындашешімдерменіс-әрекеттердітаңдауқабілеттілігісияқтытүйіндіқұзыреттержүйесінсипаттайды.Мұғалімдер жұмыстарынажеткіліктіуақытбөлебілулерікерек,оқушыныңбілімімендағдыларындамытудағанаемес,жалпыалғандаоныңоқуынбарыншадаралаужәнебаланыңбойындамета-сананы–қалайоқукеректігінүйренудіқалыптастыруғамәнбереотырып,онытұлғаретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс .

Метатану- қалай оқу керектігін үйренудің қозғаушы күші.( қалай оқу керектігін үйрену,өз бетімен білім алуын ойлау, кейінгі оқу үдерісінде саналы қолдану.

Әлемдік білім беру жүйелерін салыстыруға арналған ауқымды зерттеулер оқыту мақсаттарын толымды әрі айқын тұжырымдайтын елдер табысқа жететінін көрсетіп отыр.

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған .

Аталған теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.

ЖАДА( жақын арада даму аймағы)- оқушының өз бетімен қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін ересек немесе «маңызды»,ықпалды адамның көмегімен қамтамасыз етуі.

Диалог барысында оқушылар (мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін бірлесіп жұмсайды және Мерсер сипаттағандай бірлесіп білім алуда немесе «пікір алмасу» барысында, олар тең құқылы серіктестер болып табылады.

Мерсердің пайымдауынша, құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды роль атқарады.

Соңғы жылдардағы зерттеулерде оқу адамның білім алудағы нақты мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастыратын жиынтық , яғни бастан кешкен тәжірибе, әлеуметтік қарым-қатынастар, құндылықтар, амал-тәсілдер мен көзқарастар, бейімділіктің кешенді үйлесімді ретінде анықталған.

Сын тұрғысынан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.

Нәтижелі әрі тиімді оқыту кепілі- коучинг пен тәлімгерлік.Коучинг пен тәлімгерлік мұғалімдердің дамуы мен жетілуіне көмек көрсетудің тиімді тәсілі.Мектепті дамыту жоспарына сәйкес, тәлім алушы мұғалім-Ілиясова Айнұр. 10 б сыныбында алгебра пәнінен сабақтарды жаңаша әдіспен жоспарлап, өткізіп жүр.

Коучинг дамудың белгілі бір бағыттарын қарауға, нақты мәселелерді шешуге бағытталған.

Мектепті дамытудың басым бағытына сәйкес «Сыни ойлауға үйрету» тақырыбында өткізілген коучинг сессияны ұйымдастыруға деңгейлік бағдарламаны меңгерген мұғалімдеріміз-Досниязова Ж, Абатова М, Саркулова А, Шонкина А, Мұқамедиярова А зор үлес қосты. Аудандық әдістемелік күн барысында жаңа әдіс-тәсілдермен сабақ үлгісін көрсеткен ұстаздарымыз-БисенбаеваЗ, Мұқамбедияр Қ атап өткім келеді.

Коучинг пен тәлімгерлікті егізу нәтижесінде, әріптестер арасында сенімділік пен өзара түсіністік дағдыларын қалыптастырдым.

Мектепті дамытудың маңызды бағыттарының бірі-Lesson study зерттеу әдісін жүзеге асыру.

Lesson study-дің мақсаты- оқушыларға білім алуға көмектесужәне топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету.

Lesson study-дің түйінді сипаты-креативтілік және ғылыми дәлдік.

Креативтілікті оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдердің істерінен көруге болады.

Ғылыми дәлдік –жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинау.

Мектебіздегі Lesson study-де топтық жұмыс арқылы сыни ойлауды жетілдіруді мақсат етіп қойдық. Күтілетін нәтиже: -топтық жұмыс барысында оқушылар топқа мүше болу мәні туралы ойды қалыптастырады,

-басқа адамдардың пікірлері мен идеяларына төзімді болады,

-Басқалардың идеяларын сыни бағалауды үйренеді,

-басқа топ мүшелеріне қатысты өзара сыйластыққа және түсіністікке келеді,

-тапсырмаларды орындау барысында бірлескен жұмыс жасайды.

Мұғалім-мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға.

Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады.

Тиімді көшбасшылық мектеп нәтижесіне және оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей болмаса да ,қатты ықпал ететіндігін ескере отырып, өз бойымда мұғалім көшбасшылығының сипаттамаларына сай дағдыларды қалыптастырамын. Көшбасшылықтың 6 факторының ішінде бағдарламада мәдени бөлініске артықшылық беріледі. Мәдени бөліністе басшы, жетекші болмайды, проблемалар бірлесіп шешіледі.

Мәдени бөлініс қарым-қатынастың 4 түріне байланысты,олар:

1.Құрметтеу(басқаның пікірін тыңдау, бағалау)

  1. Жеке қарым-қатынас(кәсіби өзара қарым-қатынасты қолдайтын жеке қарым-қатынас)

3.Құзіреттілік(басқалармен өзара қарым-қатынас арқылы күтілетін нәтижеге қол жеткізу)

4.Адалдық(өзара сенімді,шынайы қарым-қатынас)

Мұғалімнің көшбасшылығы жеке дамуға бағытталмаған. Мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық мектепті жетілдіру мен өзгертудің қажетті серігі және оның тиімділігін арттырушы фактор екендігін басты назарда ұстауым аса маңызды.

Желілік қоғамдастық-мектепті реформалаудың қозғаушы күші. Ауданымызда «Шамшырақ» желілік қоғамдастығы құрылды.

Сөзімді қорытындылай келе,оқытудың қандай жолы қолданылса да,екі көзқарас басшылыққа алынылуы керек екендігін баса айтқым келеді. Біріншісі- оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншісі- оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарасырылуы. Назарларыңызға, жаңаша оқуды ұйымдастыру ережелерін ұсынамын.

Бірінші ереже. Аудиторияны жұмысқа дайындау.

Аудитория (сынып бөлмесі, кабинет) үйренушілердің еркін түрде жұмыс жасауына қолайлы болуы керек. Мәселен, әр сабақта үйренушілер шағын топтар құрамын сан рет өзгертуі ықтимал, сол себепті де парталар мен үстелдер олардың емін-еркін қозғалуына кедергі болмауы қажет.

Парталарды қоюдың да көптеген тәсілдері бар. Ең бастысы үйренушілердің бір мезгілде сабақ жүргізушіні көре отырып, топ ішіндегі жұмысқа белсене араласуға мүмкіндік алуы керек.

Тиімді жұмыс жасау үшін аудиторияда тақта (оған қоса жылжымалы немесе интерактивті тақталар болса тіпті жақсы), қол астында бор, қағаз (А-1 және А-4 форматтардағы), маркерлер болғаны дұрыс.

Екінші ереже. Топқа бөлу.

Әр сабақта үйренушілерді шағын топтарға бөліп, сол арқылы олардың бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасау керек. Шәкірттерді шағын топтарға 4 адамнан бөлген тиімді. Олардың партаны жағалай бір-біріне бет қаратып отырғаны дұрыс.

Топқа бөлу әдетте кездейсоқ түрде жасалынады. Алайда жыл бойы бір шәкірт басқалармен барлық сабақтарда топ құрамында жұмыс жасап шығуы керек. Мұндағы басты мақсат — үйренушілердің бір-бірімен тиімді қарым-қатынас құрып, ортақ тіл таба білуіне ықпал жасау.

Топқа бөлуді әрекетке негіздеп, қызықты қылып өткізген жөн.

Үшінші ереже. Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау.

Әр сабақтың басында бүгін қарастырылатын тақырып бойынша ұстаз өз тұрғысынан сабақтың мақсаттарын айқындап, үйренушілерден қандай білім, білік, дағды, әрекеттер күтетіндігін жеткізеді.

Сонан соң үйренушілердің өздері де сабақтан нендей нәтиже күтетіндерін құрастыруды талап еткен орынды. Бұл әрекет әр үйренушіде өзінің сабаққа тікелей қатысы бар екендігі туралы ойды нақтылап, оларды «Сабақта мен қандай білім ала аламын? Ол үшін мен қандай жұмыс пен әрекеттер атқаруым керек?» деген сұрақтар төңірегінде ой-толғаныс жасауға шақырады.

Төртінші ереже. Жұмыс ережелерін қабылдау.

Сабақ басында жұмыс ережелерін қабылдап, оларды әрі қарай қатаң ұстану үйренушілерді тәртіпке шақырып, тиімді әрі үнемді түрде жұмыс жасауға қолайлы. Ол үшін әрбір шағын топ бұл мәселені 1-2 минут талқылап алғаннан кейін, олардың ұсыныстарын көлемді параққа (флип-чарт, плакат) түрлі-түсті маркерлермен жазып, аудиторияның көрнекті жеріне іліп қоюға болады. Ұстаз тарапынан емей, өздері құрастырып қабылдаған ережелерді үйренушілер мейлінше қадағалауға тырысады.

Ережелер сан-алуан болуы мүмкін, мәселен, жұмыс регламенты, реті мен тәртібін анықтайтын, алайда олардың дені бірлескен жұмыста силасымды қарым-қатынас құруға бағытталғаны жөн. Мәселен, «Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік!», «Тұлғаның жеке басын сынамай, көзқарас пен пікірді сынайық!». «Кешікпейік!», «Қысқа да нұсқа сөйлейік!», «Уақытты үнемді әрі тиімді пайдаланайық!», «Берілген тақырыптан ауытқымайық!», «Біз үшін әрбір пікір құнды!», «Жекелей жұмыс жасағанда, бір-бірімізге бөгет жасамайық!», т.с.с.

Бесінші ереже. Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру.

Үйренушілерді психологиялық тұрғыдан интербелсенді оқуға дайындау қажет. Әдеттесабаққа келгендердің бәрі дерлік оқуға белсене араласып кетуге дайын емес, өйткені олардың өздерін ыңғайсыз әрі дискомфортты сезінуі мүмкін. Мұның себептері де баршылық:

  • өзіне көтеріңкі жауапкершілік жүктеуі және содан қаймығу, жүрексіну,
  • оң нәтиженің шығуына күмәндану,

  • жазалаудан немесе күлкі/мазаққа жығылудан қаймығу,

  • еріншектік пен шаршағандық (мәселен, бірінші сабақта ұйқысын аша алмау, немесе соңғы сабақта шаршау),

  • назарын жинақтай алмау (мәселен, үзіліс кезіндегі оқиғалардың немесе алдыңғы сабақтың әсерінде болу).

Үйренушілердің сабақ барысында барлық шарттылықтардан арылып, ойлау аппаратын белсенділендіріп, жұмысқа толық ниеттеліп, қызу кірісіп кетуін бірінші мезетте ойсергектер арқылы жүзеге асыруға болады. Ойсергектер арқылы аудиториядағы үйренушілер өздерін жеңіл сезінеді, ашылады, әрқайсысы біртұтас ұжымның өкілі ретінде алда күтіп тұрған бірлескен күрделі жұмысты атқаруға дайындалады.

Ойсергектер келесі мазмұнда болуы мүмкін:

  1. Жағымды психологиялық сезім/көңіл қалыптастыратын әрекеттер.
  2. Логикалық ойлауға негізделген тапсырмалар (есептер, мәселелер, жұмбақтар).
  3. Көңіл көтеретін ойын түріндегі іс-әрекеттер.
  4. «Өзіңді таны» тақырыбындағы психологиялық тестер.

Алтыншы ереже. Барлық үйренушілер жұмысқа қатысуы керек.

Интербелсенді оқу аумағында өтетін сабақ мақсаттарының бірі бірлесе жұмыс жасау болғандықтан, әр қатысушының жұмысқа белсене қатысқандығы абзал. Үйренушілердің білім игеру жұмысының, оның ішінде әсіресе бірлескен жұмыс әрекеттерінің қызықты әрі тартымды екендігіне көздерін жеткізгені дұрыс. Сол себепті де сабақтың басты тәсілі ретінде топтық жұмыстарды тану керек.

Жетінші ереже. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалуы керек.

Суырылып алға шығып сөйлегеннен гөрі, тыңдай білген қиын да шығар. Топтық талқылау кезінде барлық үйренушілердің өз пікірін келтіріп, басқалардың оны мұқият тыңдап, оның пікірін силап, санасатын жағдай жасап отыру қажет. Барлық қатысушылардың пікірі тыңдалуы керек.

Топтық бірлескен жұмыстан соң (талқылау, пікірлесу, ой қозғау, тапсырманы бірлесе орындау, т.б.) әр топқа өз пікірі мен көзқарасын жариялау мүмкіндігін беру керек. Ол үшін топ атынан бір үйренуші (сөйлеуші, шешен, спикер, капитан, т.б.) берілген уақыт ішінде өз ойлары мен ұйғарымдарын ортаға салады.

Сегізінші ереже. Жазбаша жұмыстар.

Үйренудің басты мақсаты – тұлғаның дамуы, оның ішінде әсіресе ойлау қабілеті мен шығармашылық дағдылардың өркендеуі. Ал жазу (жазба жұмыстары) — ойлаудың шырқау биігі. Жазуда үйренуші сонымен қатар «МЕН» тұрғысынан өзінің ішкі жан дүниесін ашып, оны асқақтата түседі. Сол себепті де әр сабақта жазу жұмыстарын жиі қолданып отырған орынды.

Ал үйренушінің бүгінгі сабақта нендей және қандай дәрежеде білім алғанын, оның өсуі мен дамуын, яғни оның білімін бағалауды тек жазбаша жұмыстарды орындауынан ғана объективті түрде білуге болады. Жазу жұмыстары оқушы білімін бағалаудың дәлелді нысаны.

Тоғызыншы ереже. Кері байланыс.

Кері байланыс дегеніміз сабақтың соңында оның тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі туралы үйренушілердің пікірлері. Олар «Сабақ қалай өтті: қызық болды ма?», «Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?», «Бүгін не нәрсеге үйрендіңіз (білдіңіз)?», «Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?», «Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді (қандай ақпарат көздерін оқисыз)?», «Қандай сұрақтарыңыз бар?», «Сабақтың өту барысы бойынша қандай пікірлеріңіз/ұсыныстарыңыз бар?» деген сұрақтарды әдетте ауызша талқылайды. Кейде оларға жазбаша жауап беруді де тапсыруға болады (мәселен, «Шығу парақтары» тәсілі бойынша).

Үйренушілердің пікірлері мен қойған сұрақтары ұстаз тарапынан ескеріліп, келесі сабақ соларға жауап берумен басталуы керек.

Кері байланыс ұстаз бен шәкірттердің арасында сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға бағытталады.Сонымен қатар ол өткен сабақты бағалау мен талдаудың, келесі сабақты жоспарлаудың тиімді түрі болып табылады.

Жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстан тәуелсіздікке орнықты, қуатты және ширақ мемлекет ретінде қадам басып отыр. Тәуелсіздік жылдарында сезім, әдет, дағды, сана өзгеріске түсті. Біздің қоғамның басты мәселесі жас ұрпақтың түсінігін, тілегін, арманын, білімін, көзқарасын, ең бастысы, оның қазақ еліне деген патриоттық сезімін тәрбиелеп, қалыптастыру, себебі, ол Қазақ елінің Ренессанс ғасырының азаматы, қазағы. Қазақтың Ренессанс ғасыры деген елдік тілектен туған ізгі сана – идея. Оның болмысы – Қазақ елінің бүгінгі күні. Ренессанс идеясы – өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастау алып, 1991 жылы егемен ел атанғанда айқындалып, бүгінгі тұрмыс, болмысымызбен толығып, жетіліп, келешекке бастайтын елдік идеяның сара бағыты. Қазақтың Ренессанс ғасыры басында тұрған ұрпақ – Тәуелсіздікке құрдас, қазіргі жас ұрпақ. Бұл – Ренессанс-ұрпақ.

Еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған осы іс-шаралар оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушыларының рөлін, өзара қарым-қатынасын қайта қарауға мүмкіндік беретін оқу ортасын түзеуге тәуелді. Ең бастысы – қазіргі заманда ұстаздар үшін де, оқушылар үшін де басты бәсекелес уақыт екенін есте ұстауымыз керек.

Мастер класс.pptx

11.063.2014.docx

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.