Спорт- біздің досымыз
Ембі қаласы «Достық» балабақшасының
Тәрбиешісі Карабекова Жанагүл Өсербайқызы
Спорт- біздің досымыз!
Тыныс алу жаттығулары.
Жаттығудың мақсаты:
Тыныс жолы бұлшық еттін, ең алдымен ауаны шығаруды қамтамассыз ететін бұлшық етті нығайту, бала денесін шынықтыруды жақсарту.
Негізгі ережелер:
Жаттығуларды таза ауада жасау керек;
Жаттығуды орындау кезінде ауамен демалу, ауаның өкпеден еш кедергісіз шығуы ауызды кең ашу керек.
Жаттығу барысы:
Балалармен денсаулық туралы әңгіме жүргізіледі.
Жалпы жаттығу:
Шеңбер бойымен
1.Қол жоғары, аяқтың ұшымен
2.Қол белде, өкшемен.
3.Қол белде, оң жаққа секіріп жүгіру
4.Қол белде, сол жаққа секіріп жүгіру
5.Жәй жүгіреміз
6.Терең дем алып, тыныс шығарамыз.
Қимылды ойын:
«Апандағы аю.»
Мақал мәтелдер:
Тазалық денсаулық кепілі,
Тазалық денсаулық негізі.
***
Ұйқы тынықтырады,
Спорт шынықтырады.
***
Денсаулық теңіз
Ән мен спорт егіз.
Тыныс алу жаттығулары.
Аяқты иықпен ендестіріп қойып, қолдарды екі жаққа жаю керек.
Алақан ашық, саусақтар бос. 1-Дегенде балалар қолдарын дереу алдыға қарай айқастырып, алақандарын жауырынға жеткізеді және тыныс шығарады.
2-Дегенде қолдарын қайта екі жаққа жаяды және қайта тыныс алады.
Қорытынды:
Жиналамыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен кіші жасымыз, кәріміз де.
Дендеріңіз сау болсын қонақтарым,
Гүл- гүл жайнап жүріңіздер төрімізде.
