Ойыншықтар дүкені
Ембі қаласы «Достық» балабақшасының
Тәрбиешісі Карабекова Жанагүл Өсербайқызы
Ойыншықтар дүкені.
Мақсаты:
Балаларды ойыншықтармен таныстыру.
Ойыншықтар туралы мәлімет беру.
Көрнекіліктер:
Ойыншықтардың суреттері.
Жұмсақ ойыншықтар.
Құрастыратын ойыншықтар.
Негізгі бөлім:
Балармен әңгімелесу, суретпен жұмыс:
-Балалар қандай ойын ойнап жатыр?
-Балалар қуыршақтар ойын ойнап жатыр.
Ойыншықтар сан түрлі,
Балаларға арналған.
Қымбаты бар, арзаны,
Ақшаңа қарай таңдалған.
Бала сүйіп ойнайтын,
Ойыншықтар жетеді.
Бірақ оны алуға,
Көп ақ ақша кетеді.
Жаңылтпашты жаттайық:
Дөп- дөңгелек
Доп дөңгелеп келеді.
Тепкен бөгеп,
Аяқ оған керегі.
Топпен жұмыс:
Ойыншық, ойыншық,
Сен неге күлмейсін?
Бір ауыз жақсы сөз
Айтуды білмейсің.
Кіп кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам «қозым» деп
«Қошақаным» өзің деп.
Қорытынды:
Ойыншығыңды таза ұста. Әрқасысын өз орнына қой.
Шаңын сүртіп тұр.
