Үй жануарлары

Ембі қаласы «Достық» балабақшасының

Тәрбиешісі Карабекова Жанагүл Өсербайқызы

“Үй жануарлары”

Мақсаты:

Білімділік:Балаларды үй жануарлары. Үй жануарларының түрлерін,төлдерін ажыратуға үйрету.

Дамытушылық:Үй жануарлары туралы тақпақтар ,жұмбақттар арқылы танымын кеңейту тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Жануарлар дүниесіне деген жылы сезімін ояту,оларды қорғау қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қолданылатын құрал–жабдықтар: Үй жануарлары,төлдердің суреттері,теледидар,ұлттық тағамдарықойылған үстел,ұршық резинкалы ойыншықтар,жүннен тоқылған қыс киімдер т.б.

Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші:-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар:Сәлеметсіз бе!

Тәрбиеші:Балалар көңіл күйлерің қалай?

Балалар:Жақсы.

Тәрбиеші:-Кәнекей,балалар, арайлап атқан күнмен

амандасайық!

Жылулық шеңбері: Қуанамын мен де,

Қуанасың сенде,

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

Таңғаларлық сәт: Үй жануарларының дауыстарын естіп,балалар жануарларды көрсетеді

– Балалар енді назарымызды тақтаға аударайық.Тақтада тұрған қандай жануарлардың суреттері?

-Үй жануарлары.( қой,сиыр,жылқы,түйе ешкі)

-Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Үй жануарларына:қой,сиыр,жылқы,түйе ешкі жатады.

-Кәнеки,балалар ,мына суретте нелерді көріп тұрсыңдар?

-Лақ,қозы, бота,құлыншақ бұзау

-Бұлар осы жануарлардың төлдері. Балалар, осы жануарлардың төлдерін табуға көмектесейік

Дидактикалық ойын «Төлдерін тап»

Шарты:балалар суретке қарап жануарлардың төлдерін табады

Әдіс тәсілдері:

Сұрақ-жауап көрсету әңгімелесу ойындар.

–Балалар қазір қай мезгіл?

-Қыс мезгілі.(осы сәтте «Қар жинау»ойыны ойнатылады)

– Қыста үстімізге не киеміз?

– Бас киім,қолғап,етік.

-Дұрыс айтасыңдар! Олар неден жасалынады?

-Қой,түйе ,ешкі жүндерінен тоқылады

-Осы жануарлардан жүндерінен тоқылған киімдерден қыста біздер тоңбаймыз.

Дидактикалық ойын:

Шарты : Жануарлардың қоректенуі

Сегіту сәті: Қошақаны қойдың

Қайда қалып қойдың,

Бұлтыиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың…?

Ботақаны нардың,

Жарға неге бардың?

Тілерсегің дірілдеп,

Секіре алмай қалдың.

«Үй жануарлары немен қоректенеді?» Ойыны

Ішке әже кіріп келеді .

Әже: Амансыңдар ма құлыншақтарым?

Балалар:Амансыз ба әже?

Әже:Рахмет құлындарым,әжелеріңде бәрі жақсы , сендерді сағынып келіп отырмын, сендердің дауыстарыңды естіп қуанып қалдым.

Тәрбиеші:Әже,денсаулығыңыз қалай,төлдеріңіз аман ба?

Әже:Рахмет жаным-ай, денсаулығым да шүкір, мал-жанымныңбәрі аман.

Тәрбиеші:Әже, төрлетіңіз, демалыңыз , бүгін біз төрт-түлікпен танысып жатырмыз.ауылыңызда қандай төрт-түлік малдарыңыз бар?

Әже:Ауылымда қой да, сиыр да, жылқы да, түйеде бар.Барлығыда сендер сияқты ойнақтайды сүйкімді.

Тәрбиеші:әже балаларыңыз сізге осы сүйкімді төлдеріңіз жайында тақпақтар айтып , өнерлерін корсетіп қуантпқшы.

Әже:Бәреклді қарқтарым, бастай қойыңдар,сендерге алып келген сыйлығымда бар.

Балалардың тақпақтары:

Бекжан Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнің үлбіреп,

Қарасаң көз тоймайды.

Ислам: Ешкі қойды бастаған,

Қойды артына тастаған.

Ешкі деген жануар.

Қайнар: Айналайын ботам,

Қандай күлте жотаң.

Табандарың жалпақ,

Теріп жейсің жантақ.

Аяна : Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың,

Бұлтыиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың…?

Соңында(әжеміз үй жануарларының өнімдерін алып келеді, бараларға таратып береді, қай жануардан алынғанын түсіндіреді.)

Әжемен қоштасады.

Қорытынды:

-Балалар әжемізді шығарып салып,келген қонақтармен қоштасайық!

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көіскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше