Атадан – өсиет, анадан – қасиет
С.Мұқашев атындағы №16 орта мектеп
Тәрбие сағаты
Өткізген: 9 «Г» сынып
жетекшісі
Байманасова Индира
«Атадан –өсиет, анадан қасиет»
Сабақтың мақсаты: Қыз балалар бойына нәзіктік, ілтипаттылық пен инабаттылық ұялату, ер балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор, еліне қорған болар азамат болуға тәрбиелеу. Оқушылардың бүгінгі күнгі ұл мен қыз балалардың тәрбиесі жайлы өзіндік пікірлерін,
көзқарастарын білу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар. Бүгін сіздердің аталы сөздеріңізді естіп, ертеңгі күнімізге сабақ алып, көп жылғы бала тәрбиелеудегі тәжірибелеріңізді, асыл сөздеріңізді көкейімізге ұялату мақсатында «Атадан – өсиет, анадан – қасиет» атты ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.Олай болса, ашық тәрбие сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
