Сапарғали Бегалин. Бала Шоқан әңгімесі
Гимназия сыныптары бар №16
жалпы білім беру орта мектебінің қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Юсупова Сабина Үсенқызы
Пәні: Әдебиет
Пән мұғалімі: С.У.Юсупова
Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин. “Бала Шоқан” әңгімесі.
Сабақтың мақсаты: а)білімділік – жазушы туралы мағлұмат беру,шығарманың мазмұнын игеріп, идеясын ашу.Шығарма арқылы ұлы ғалым Шоқанның бейнесін таныту;
ә) дамытушылық – тың мәліметтер бере отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін, ойын дамыту;
б) тәрбиелік – досқа адал, уәдеге берік болуға баулу.
Сабақтың түрі: іскерлік дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, іздендіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Сапарғали Бегалин, Шоқан Уәлиханов портреттері, тірек сөздер, семантикалық карта, Эйлер дөңгелегі,бағалау парағы.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, музыка.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
а) оқушылармен сәлемдесіп, көңіл-күйлеріне бақылау жасау.
ә) сабаққа қатысымын тексеріп, назарларын сабаққа аудару
“Бір сағат ілім алу – жанатқа апарар жол”. Сондықтан да оқушылар осы сабағымыздан ой түюге бар ынтамызбен, жігерімізді салайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Кубизм әдісі бойынша .
1. Оқушыларға Ғабит Мүсіреповтың “Жаңа достар” әңгімесінің кейіпкерлерін атауға тапсырма беріледі.
2. Бұл кейіпкерлердің бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады?
3. Қайрош ауылынан неге қашты?
4. Қалаға келуіне не себеп болды?
5. Шеген Қайрошқа қандай қамқорлық жасады?
6. Балалар күнкөріс жолында не істеді?
7. Қайрош балалар үйіне қалай әкелінді?
8. Ол анасымен бірге ауылға қайтып кетпей, неге Балалар үйінде қалды?
Сергіту сәті (3 минут).
Берілген дыбыстарды әнге қосып айту.
1) Н,ы,қ,а, қ,р,а,т,о,н,қ,а
2) Ң,а,ж,а, о,с,д,а,р,т
3) Ш,қ,о,н,а,л,б,а,а
Өткен сабақтарда Абайдың балалық шағы жайлы әңгімені оқыдық. Абай сусындаған бұлақтың бірі – ауыз әдебиеті, олай болса сол бұлақтан дәм татқан тағы бір жазушы Сапарғали Бегалиннің шығармасымен танысамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ
а) Сапарғали Бегалин туралы жинақталып жасалған хронологиялық кестені көрсету.
| С.Бегалин | Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушысы-жазушы, аудармашы, зерттеуші. |
| 1895 жылы 24 қараша | Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында дүниеге келген. |
| 1915 жылы | Семей қаласындағы орыс-қазақ училищесін бітірген. |
| Балаларға арналған әңгімелері | “Ермектің алмасы”, “Сахара саңлақтары”, “Сәтжан”, “Жас бұтақ”, “Жеткіншектер”, “Мектеп түлектері” |
| Хикаяттары мен өлеңдеріне жазылған әндері | “Шоқан асулары”, “Қыран туралы аңыз”, “Бесік жыры”, “Сағындым сені сәулем-ай”, “Ақ көгершін” |
| 1982 жылы | Алматы қаласында қайтыс болды. |
| Марапаттары | 2 рет “Құрмет белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған. |
25 дастан, 12 повесть, он шақты драмалық шағын туынды, 50-ге тарта ән мәтіндерін жазған Сапарғали Бегалин халқына белгілі, білікті жазушы ретінде танылды. 20-дан астам балаларға арналған кітап жазған қаламгер қазақ балалар әдебиетінің негізін жасаушылардың бірі болды.
Өмір жолын қара жұмысшы болудан бастаған. Кейін халық соты, саяси қызметкер болған. Бірақ нағыз мақсатты жолын жазушылықтан тапқан.Осындай әңгімелердің бірі – “Бала Шоқан” әңгімесі.
ә) Оқулықтағы жазушы естелігінен үзінді оқыту.
“Шоқан өміріне қатты құмарттым. Оның өмірбаянының бәрін қамтуды мақсат тұтпадым. Мен Шоқан өмірінің бір сәтін іздедім. Тапқан да сияқтымын. Ол – Шоқанның кеңсе күзетшісінің баласы Мысықтың балшықтан ойыншық мүсінін жасағанын көріп, талабын танып, оны өзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе осы оқиға маған қатты ұнап, хикаят жаздыруға ұмтылдырды. “Бала Шоқанды” осылай жаздым”.
б) Шоқан Уәлиханов туралы жинақталып жасалған хронологиялық кестені көрсету.
| Ш.Уәлиханов | Қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы – фольклоршы, зерттеуші. |
| 1835 жылы | Қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын көлінің жағасында дүниеге келген. |
| Тегі | Шоқан – атақты Абылай ханның шөбересі. Шын аты – Мұхамедханафия. Шоқан есімін әжесі еркелетіп қойған. |
| Білімі | Ауыл мектебін оқып, арабша, шағатай, орыс тілдерін еркін меңгерген. Омбы қаласындағы офицерлер мектебінде білім алған. |
| Еңбектері | Қырғыз халқының “Манас” аңыз, ертегісін жинақтаған. “Қашқарияға сапары” тарихи зерттеу жұмысы бар. |
| 1865 жылы | Ш.Уәлиханов 30 жасында ауырып қайтыс болады. |
1. Тақтаға әңгімеге байланысты 7 тірек сөзді таңдап алып, слайд арқылы көрсету.
1. Дос
2. Мүсін
3.Зорлық
4.Қорқу
5. Уәде
6. Себеп
7.Сый
2. Берілген тірек сөздерді жатқа айтқызу.
3. Тірек сөздердің мағынасын аштырту .
4. Оқушыларға әңгімені оқулықтан 3 бөлімге бөліп оқыту.
5. Әңгіме бойынша мазмұнын айтуға.
6. Әңгіме бойынша оқушыларға сұрақтар қойдырту .
7. “Кейіпкерлерді таны”қазақтың ұлттық ойыны “Арқан тарту” арқылы берілген сұрақтарға жауап береді.
– Ей, Мысық, аман ба? Мына ойыншықтарды кім істеді? ( Шоқан )
– Шоқанжан, әне бір балшықтарың не? (Шыңғыс )
– Жоқ, сенің құнаның бар, алып қашып кетесің. Мен жаяумын. Кеше әлгі бір тентек бала өзімді сабап кетті. Сен тимейсің бе? (Мысық)
– Ей, өзін қара, неге келдің, шық үйден. (Жақып )
– Шоқан – ау, мынауың кім? Қайдағыны қасыңа ертіп, үсті басы немене, қасына жоламашы. Ойнауыңа бір жөнді бала табылмады ма? ( Анасы )
– Ей, сен қай ауылдың баласысың? (Жақып )
– Мұнда қайдан келдің?- деп сұрады. (Жақып )
– Аулақ кет, мұнда нең бар? Қорқытпа, тиіспе, бұл – менің жолдасым. (Шоқан)
– Жоқ, мен құс істеймін. (Мысық)
– Ей мынауың кім, қайдан ерттің, түу өзі сап – сары. ( Жақып )
– Кәмила, мына балаға ана әбдіредегі кездемеден көйлектік шыт жыртып берші, шешесі бар шығар, тіктіріп кисін, – деді ( Шоқанның анасы)
8. Семантикалық карта бойынша жұмыс.
| Кейіпкерлер
Шығармадан үзінді |
Шыңғыс | Шоқан | Жақып | Мысық | Анасы | Теңеу | Эпитет |
| Сен істей ғой, шебер болсаң! | + | ||||||
| Ә, жарайды, бара ғой, екі айтпаған жақсы. | + | ||||||
| Кездемеден көйлектік шыт жыртып берші. | + | ||||||
| Құйрығын қара, тап иттің құйрығы. | + | ||||||
| Бауырсақ бересің бе, қант бересің бе? | + | ||||||
| Жолбарыстай | + | ||||||
| Кесек денелі | + |
9. Шығармашылық жұмыс
Қайым айтыс түрінде берілген сұраққа өлеңмен тапқыр жауап беру
ІV. Сабақты қорытындылау
Оқушылар Эйлер дөңгелегін толтырады. Абай, Шоқан, Қайырғали тағдырларының нәтижесі арқылы оқушыларға білімнің, өнердің қаншалықты қымбат екені түсіндіріледі.
Автор шығарма аты іс-әрекеті кейіпкерлері нәтиже
V. Үйге тапсырма:1) “Бала Шоқан” әңгімесін оқу, мазмұндау; 2) “Мен таныған Шоқан” тақырыбында ойтолғау жазу.
VІ. Сабақтағы белсенділіктеріне қарай білімдерін бағалау.
