Тілім менің – ғасырлардан аманат

Гимназия сыныптары бар №16

жалпы білім беру орта мектебінің қазақ

тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Юсупова Сабина Үсенқызы

Сабақтың тақырыбы:“Тілім менің – ғасырлардан аманат”

Сабақтың мақсаты: а) білімділік – оқушылардың тілін дамыту,дұрыс сөйлеу тәсілдерін меңгерту, өз ойларын жинақы, көркем тілмен жеткізе білуге ұмтылдыру;

ә) тәрбиелік – тіл туралы тағылымдар арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу, тілімізді сүюге, көздің қарашығындай қорғауға шақыру, еліміздің елдігін танытатын тілі мен өнері екенін ұғындыру;

б) дамытушылық – пікір таласуға қатысқан әр оқушының ойына, қиялына, дүниетанымына ерік бере отырып, өздерінше ой түйіндей білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: пікір алмасу, тіл дамыту

Сабақтың әдісі: іздендіру, жарыс

Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, суреттер

Барысы:

1. “Қара жорға биі

2.Ортада 5 ер бала мәнерлеп “Тіл – тірегім ” атты өлең оқиды

Абылай: Тілім менің-тірегім, дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің?!

Өз халқыма жетеді өз мәнінде,

Өз тілімде оқылса жырым менің.

Ықылас: Тілім менің-қуатым, күшім менің,

Күшім кетсе не болар ісім менің?!

Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,

Тілімменен тірлікті мүсіндедім.

Әлішер: Тілім менің-асылым, арым менің,

Арым кетсе не пайда арым менің.

Бас кескендер тілімді кесе алмаған,

Тілден бұрын кетеді жалын демім.

Бек: Тілім менің-қазынам, қасиетім,

Қасиетім бар әлем бас иетін.

Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ,

Бола көрме, Ана тіл, қасіретім.

Жанболат: Тілі өлсе болмайды тірі халық,

Бірі өліп, тұра алмас бірі қалып.

Басқа емес өз ана тілінде тек,

Тіршілігін білдірер ұлы халық.

(5 ер бала ана тіліне тағзым етеді)

Мұғалім: Тілім менің – ғасырлардан аманат,

Аманатқа адал болсын қанағат,

Ар-намысқа келтірмейік жаманат.

Қазақ болып туылдың ба,

Ендеше

Өз тіліңді өзгелерге бағалат.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

Сіздерді кешегі өткен 22-қыркүйек “Тілдер” мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Сіздерге денсаулық, отбасыларыңызға амандық, оқуда озат, еңбектеріңізге табыс тілейміз.

Біздің ана тіліміз 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды.. Міне содан бері 24 жыл өтіпті. Тіл атадан мирас болып отыратын баға жетпес мұра.

Қ. Мырзалиевтің:

“Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!”-деген тұжырымы жастармен қатар үлкендерге де қойылатын талап. Ана тілін қадірлеу, қастерлеу біздің бірден-бір міндетіміз,-дей келе “Туған тілім – ғасырлардан аманат” атты ашық тәрбие сабағымызға қош келіпсіздер!

3. Күй “Тепеңкөк” орындайтын Кулмаков Мейрамбек.

4. Жұмбақ кейіпкерді шақыру.

(пікір талас)

5. Мақал-мәтел айтқызу.

6. “Алтын қақпа” ойынын ойнату.

7. Хор “Анамның тілі”.

8. Қорытынды сөз.

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Сен бар болсаң айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшсе тілім, менде бірге өшемін.

Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығын артқыза берейік!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше