Ағылшын тілі сабағында интерактивті оқыту техно логиясын пайдалану арқылы оқушы құзыреттілігін дамыту
Ақтөбе облысы
Ырғыз районы
Ы.Алтынсарин атындағы орта
мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Тулегенова Айнұр
Ағылшын тілі сабағында интерактивті оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушы құзыреттілігін дамыту
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Оған біз алдағы өткен жылы ЕҚЫБ Саммитіне төрағалық еткен кезіміз осының бір дәлелі бола алады. Шет елдермен қарым-қатынас
күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру – әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті.Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде көптеген мектептерде 1 кластан бастап жүргізілуде.
