Термодинамиканың екінші заңы
Гульшат Темирбекова
ОҚО, Сарыағаш ауданы
№31 Т7Бигелдинов орта мектебі
Сабақ тақырыбы:§5.10. Термодинамиканың екінші заңы.
Сабақ мақсаты:
• Термодинамиканың екінші заңы, қайтымсыз процесс туралы түсінік беруді жалғастыру, Термодинамиканың екініші заңы туралы түсінік беру.
• Оқушылардың өз бетімен ғылым ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
• Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақ түрі:аралас
Сабаққа керекті құралдар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды топқа бөлу
ІІ. Үйге берілген тапсырмалардың орындалуын тексеру. Тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:
• Жылу қозғалтқышы деген не?
• Дөңгелек немесе циклдік процесс дегеніміз не?
• Тура, кері цикл дегеніміз не?
• Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і деген не?
• Жылу қозғалтқышының құрылысы, жұмыс істеу принципі туралы айтып беріңдер.
• Тоңазытқыш машиналар қалай жұмыс жасайды?
• Қандай машина Карноның идеал жылу машинасы деп аталады? Ол қалай жұмыс істейді?
• Карно циклі деген не?
• Карноның жылу машинасының ПӘК-і қандай формуламен есептеледі?
• Жылу машинасының ПӘК-н арттырудың қандай жолдары бар?
• Жылу қозғалтқыштарының қандай түрлерін білесіңдер?
• Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
• Жылу машиналарының проблемалары мен даму болашағы жайлы не айтасыңдар?
«Сәйкесін тап» ойыны
Ішкі энергия
Термодинамиканың І заңы
Газдың жұмысы
Жылу балансының теңдеуі
Жылу мөлшері
Майер формуласы
Пуассон теңдеуі
ЖҚ ПӘК-і
Карно циклінің ПӘК-і
ІІІ. Жаңа сабақ.
Термодинамиканың екінші заңының тұжырымдамалары:
Клаузиус тұжырымдамасы: жылу өздігінен ыстық денеден суық денеге беріледі.
Кельвин тұжырымдамасы: салқын жүйеден жылу алып, оны жұмысқа айналдыратын машина жасау мүмкін емес.
Кельвиннің айтуы бойынша, жекелеген жүйені сол жүйенің температурасынан төмен температурада суыту арқылы үздіксіз жұмыс жасау мүмкін емес.
Карноның қорытындысын жалпылай келіп, Кельвин мынадай тұжырымдама жасады: бір ғана жылу көзінен алынған жылу мөлшерінің есебінен периодты жұмыс імтейтңн жылу машинасын жасау мүмкін емес, яғни екінші ретті мәңгі қозғалтқыштың болуы мүмкін емес.
Екінші ретті мәңгі қозғалтқыш дегеніміз – бір ғана резервуардан алынған жылуды толығымен жұмысқа айналдыратын машина.
Термодинамиканың екінші заңының математикалық өрнегі:
Реалды жылу машинасының ПӘК-інің қайтымды процестер үшін жазылған формуласы:
.
Қайтымды процестер табиғатта кездеспейді.
Қорытынды:
Физикалық диктант
Термодинамиканың бірініші заңына сәйкес, сырттан энергия алмай жұмыс істейтін қозғалтқыш жасау мүмкін емес.
Термодинамиканың екінші заңына сәйкес, денеге берілген жылу мөлшерін толығымен жұмысқа айналдыру мүмкін емес.
Термодинамиканың бірінші заңы абсолют, яғни оны барлық жерде қолдана беруге болады, ал термодинамиканың екінші заңы абсолют емес және статистикалық сипатқа ие болады.
Физикалық жұмбақтар
Формуласы күрделі
Есептеп жылу мөлшерін
Ойлап тапқан ғалымға
берген бірлік өлшемін
Жоғалмайды ешқашан
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысқан
Жұмыс істейді әрқашан
«Физика мақал-мәтелде»:
Адам азықсыз алысқа бармас
Тонның жылуы терісінен емес,жүнінен
Ескі мұз ерігіш,жаңа дос жерігіш
Быламық бетінен, көже түбінен суыйды
VI. Қорытындылау. Қайтымсыз процеске әр топ постер жасап қорғайды
VIІ.Бағалау.
