Әдеби кейіпкерлер әлемі
Алимбаева Гульнара Демисиновна
Ақтөбе қаласындағы №16 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
5-7 сыныптар
Тақырыбы: «Әдеби кейіпкерлер әлемі» (Сыныптан тыс жұмыс)
Мақсаты: Оқушылардың көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Кейіпкерлер бейнесін анықтап, тануға баулу.
Түрі: интеллектуалдық олимпиада.
Әдісі: сұрақ-жауап, анықтау, сахналандыру.
Көрнекілігі : электронды слаидтар
Барысы:
-Бүгінгі ойынымызды бастамас бұрын сіздерге мынадай сұрақ қойғым келеді.
-Кітаптың біздің өміріміздегі маңызы қандай?
-Кітап оқығанда қандай күйге бөленесіздер?
