Жапырақтардан панно дайындау
Қызылорда қаласы. № 197 қазақ орта мектебінің технология пән мұғалімі А.Қаюпова
Сабақтың тақырыбы : Жапырақтардан панно дайындау .
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға панно деген сөздің мағынасын түсіндіру , панно жасауды үйрету.
Сабақтың міндеттері :
Білімділік : Оқушыларға табиғи материалдарды пайдалана білуге және олардан әр түрлі қажетті заттар жасаудың әдіс – тәсілдерін үйрете отырып табиғатта пайдасыз заттар жоқ екендігін түсіндіру .
Тәрбиелік : Оқушыларға табиғи материалдармен жұмыс істеу кезінде қолөнерімізді дәріптей келе оларды әдемілікке , әсемдікке , шеберлікке , ұқыптылыққа , үнемділікке , қажет жағдайда өз беттерімен тығырықтан шыға білуге тәрбиелеу .
