Қош келдің, Наурыз

Ақтобе облысы, мұғалжар ауданы

Ембі қаласы, «Достық» балабақшасы

Тәрбиеші: Мухамбетова Ж.Э.

«Қош келдің, Наурыз!»

Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналытындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22-сінде күн мен түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін балабақша меңгерушіге Әсел Жангелдіқызына беріледі.

Таспаға жазылған күй күмбірі естіліп тұрады. Төрде сәнді киініп ата қамшы өріп отырады. Дөңгелек үстел басында әже ұлттық ою-өрнегі бар тостағанды сүртіп көжені сапырып отырады.

Осы кезде күй тоқталып тәрбиеші мен бірге сәбилер «Ата , әже Наурыз құтты болсын!» деп кіріп келеді. Ұлдар атаға «Ассаламағалейкум, ата» деп қол беріп амандасады.

Ата қуанып: Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң жол

болсын, қарақтарым!

Әже: Төрлетіңдер құлындарым! Жайғасып отырып, дастарханнан дәм татып, наурыз көже ішіңдер!

Тәрбиеші балаларды дөңгелек үстелді айнала отырғызып, жайғастырады.

Тәрбиеші: Ата, әже бүгін наурыз мерекесінде немерелеріңіз сіздерді құттықтап сәлем бере келді.

Ата: Өркендерің өссін, қошақандарым! Бүгін Наурыз тойы, жыл басы, күн мен түннің тенелер күні. Наурыз айында жер беті көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жаңаратын шақ.

Әже тостағандарға наурыз көже құйып жатып:

Мынау наурыз көже. Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты дәм, сүт пен айран сияқты ақ қосылады.

Түз бен суды қосқанда дәмнің саны 9 болуы керек. Халық ұғымында 7 және 9 сандары аса киелі сандар. Сондықтанда наурыз көже аса қасиетті ас саналады. Оған қоса ол тоқшылықтың белгісі. Қане алып ішіңдер.

Ата: Ұлыс күні қазан толса, сол жылы ақ мол болады, нан көп болады, балалар.

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде үлкен мереке.Қандай мереке болмасын сәлемдесуден бастау керек.Ал бүгінгі амандасу өте өзгеше. Олай болса балалар, наурыз тойында қалай сәлемдесу керектігін көрсетіп жіберейік.

(Балалар бір-бірімен көрісіп амандасады.)

Тәрбиеші: Ата, әже Наурыз айының бізге келіп жетер уақыты да болды. Ол дүниені құлпыртып, жылына бір-ақ рет келеді ғой. Олай болса, сол Наурыз айын балалармен қосылып шақырсақ қайтеді?

Шуақ болып төгілер,

Жерге дәм боп себілер,

Наурыз айы күтуде,

Кіп-кішкентай сәбилер.

Наурыз айы:

Армысындар, балалар

Тағы келдім сендерге

Наурыз тойын тойлайтын

Келіп жеттім елдерге.

Наурыз айы көктемнің

Жарқырайды көкте күн

Сәбилерді қуантып,

Былтыр келіп кеткенмің

Тіршіліктің бастауы

Гүлге толы құшағы,

Құлпырады кең далам

Жапырағы жайқалып.

Бақтар жасыл түске еніп

Тізбектелін сән түзеп,

Жылы жақтан құс келді.

Тәрбиеші: 22 наурыз күні Күн мен Түн теңеледі. Түн мен күнді қарсы алайық.

Күн:

Сәулесі мол күнмін

Түн:

Жұлдызы көп түнмін.

Екеуі қосылып:

Бірдей болып біздер,

Теңелерміз бүгін.

Түн:

Ал ертең күн ұзақ

Күн:

Түн қысқарар бірақ.

Екеуі қосылып:

Үйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек жылап.

Тәрбиеші: Жоқ, Күн мен Түн, көктем, жас айларында да біздің балалар балабақшаға кешікпей келеді.

Ата, әже: Төрлетіңдер қонақтар, дәм татыңдар.(Үшеуі отырады.)

Тәрбиеші: Ал, балалар, енді біз қонақтарымызға ән шырқап, тақпақтар айтып, би билеп берейік. Біздің өнерімізді тамашалаңыздар.

Тақпақтар:

Гүлжан:

Наурыз келді құт болып,

Мына бізге сүт болып.

Аққа аузымыз толады,

Бар жақсылық болады.

Жолдығали Санжар:

Бәйшешек гүл ашады,

Мұздар сайға қашады.

Суға толып өзен көл,

Кемерінен асады.

Ару:

Жыл басы-Наурыз мереке,

Наурыз тойы-береке.

Аяна:

Уа халайық, халайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың,

Шашуларын шашайық.

Аруна:

Ақ нұрға әлем боянды,

Тіршілік жаңа оянды.

Нұржан:

Армысың ағайын,

Бармысын ағайын.

Ұлыс оң болсын,

Әр күнің жақсы болсын.

Қайнар:

Келді Наурыз жар салып

Би билейік ән салып

Жылда келсін ұлыс күн,

Тұрайық сені қарсы алып.

Ислам

Бата беріп атамыз

Бата беріп әжеміз

Тәтті болып жасалған

Көжеден дәм татамыз.

Арай:

Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханға елімнің

Береке ырыс сыйлашы.

Би: «Батырлар»

Сәбилер би билеп, ән салып жатқанда әндетіп Алдар көсе келеді:

Мен, Алдармын, алдармын,

Балалармен ойнаймын

Ренжітер сәбиді

Тентектерден қорғаймын.

А-а-а-а-а-а-а-а-а

Құтты болсын, Наурызым.

Айналайын, балалар,

Қоржыным тола күлкіге.

Базарлығым тағы бар.

А-а-а-а-а-а-а-а

Қызық үшін сендерге

Өтірік өлең айтамын.

Ауылыма кетерде

Тышқанға мініп барамын.

А-а-а-а-а-а-а-а

Келіңдер қане балалар,

Қосылып өлең айтамын.

Ән айтпаған баланың

Құлағы кетер қалқиып

А-а-а-а-а-а-а

Наурыз тойын тойлайын,

Жалқау бала болмайық

Бөбектерді жұбатып

Үлкендерді сыйлайық.

А-а-а-а-а-а-а

Тәрбиеші: Біздің Наурыз тойымызға қош келдіңіз, Алдар көсе. Отырып дәм татыңыз, біздің бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалап, демалыңыздар.

Тақпақтар.

Наби:

Ой халайық, халайық,

Әсем әңге салайық.

Наурыз тойын көңілді,

Бірге қарсы алайық.

Амина:

Тақпақ айтам жыл басы,

Құлақ салып тыңдашы.

Бөбектерге өзіндей,

Тыныш өмір сыйлашы.

Аймереке:

Наурыз тойы- тамаша,

Наурыз тойы- жаңаша.

Табиғат та құлпырып,

Тамылжып тұр жараса.

Сая:

Наурыз тойы салтанат,

Жүректерден ән тарап.

Шаттанады шартарап.

Алдар көсе балаларға қазақ халқының ұлттық ойындарын ойнатады: «Хан талапай», «Арқан тартысу».

Карина:

Құстар ұшып келеді,

Бізге ән сап береді.

Қарлығаштар ұя сап

Торғай жемін тереді.

Назерке:

Қорада қой төлдейді,

Қошақандар маңырап.

Ауылды сәңге бөлейді,

Қозы лақтар жамырап.

Ернұр:

Туа берсін жаңа күн,

Туа берсін жаңа нұр,

Құтты болсын Наурыз той,

Құтты болсын, Жаңа жыл.

Ерасыл:

Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді

Соны тойлар ел келді.

Би: Қамажай

Ән: «Қазақы дастарханым»

Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жөн болар. Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс- домбыра. Дамбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ -дамбыра» деп бекер айтпаса керек.

Біздің алдымызда өз өнерін көрсететің Тлесов Набидің ағасы.

«Папури»

Тәрбиеші: Жаңбірменен жер көгерер. Батаменен ел көгерер- деп халқымыз бекер айтпаған. Олай болса атамыздың ақ батасын алайық. Ата ортаға шығып, қолын жайып:

Көл жиналып тамшыдан,

Теңіз болсын.

Құт береке кетпесін

Диқан менен малшыдан.

Бақыт ашып қақпасын

Мәңгі-бақи кетпесін.

Пәле –жала қазақты

Іздесе де таппасын.

Бүлдіршіндер көбейіп

Өркендей берсін жеріміз.

Батыр туған ұлдармен

Көркейе берсін еліміз.

Әумин.

Келді Наурыз жар салып,

Би билейік ән салып.

Жылда келсін ұлыс күн,

Тұрайық сені қарсы алып.

Ислам:

Бата беріп атамыз,

Бата беріп әжеміз.

Тәтті болып жасалған

Көжеден дәм татамыз.

Арай:

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханға елімнің,

Береке ырыс сыйлашы.

Би: «Батырлар»

Сәбилер би билеп, ән салып жатқанда әндетіп Алдар көсе келеді:

Мен, Алдармын, алдармын,

Балалармен ойнаймын

Ренжітер сәбиді

Тентектерден қорғаймын.

А-а-а-а-а-а-а-а-а

Құтты болсын, Наурызым.

Айналайын, балалар,

Қоржыным тола күлкіге.

Базарлығым тағы бар.

А-а-а-а-а-а-а-а

Қызық үшін сендерге

Өтірік өлең айтамын.

Ауылыма кетерде

Тышқанға мініп барамын.

А-а-а-а-а-а-а-а

Келіңдер қане балалар,

Қосылып өлең айтамын.

Ән айтпаған баланың

Құлағы кетер қалқиып

А-а-а-а-а-а-а

Наурыз тойын тойлайын,

Жалқау бала болмайық

Бөбектерді жұбатып

Үлкендерді сыйлайық.

А-а-а-а-а-а-а

Тәрбиеші: Біздің Наурыз тойымызға қош келдіңіз, Алдар көсе. Отырып дәм татыңыз, біздің бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалап, демалыңыздар.

Тақпақтар.

Наби:

Ой халайық, халайық,

Әсем әңге салайық.

Наурыз тойын көңілді,

Бірге қарсы алайық.

Амина:

Тақпақ айтам жыл басы,

Құлақ салып тыңдашы.

Бөбектерге өзіндей,

Тыныш өмір сыйлашы.

Аймереке:

Наурыз тойы- тамаша,

Наурыз тойы- жаңаша.

Табиғат та құлпырып,

Тамылжып тұр жараса.

Сая:

Наурыз тойы салтанат,

Жүректерден ән тарап.

Шаттанады шартарап.

Алдар көсе балаларға қазақ халқының ұлттық ойындарын ойнатады: «Хан талапай», «Арқан тартысу».

Карина:

Құстар ұшып келеді,

Бізге ән сап береді.

Қарлығаштар ұя сап

Торғай жемін тереді.

Назерке:

Қорада қой төлдейді,

Қошақандар маңырап.

Ауылды сәңге бөлейді,

Қозы лақтар жамырап.

Ернұр:

Туа берсін жаңа күн,

Туа берсін жаңа нұр,

Құтты болсын Наурыз той,

Құтты болсын, Жаңа жыл.

Ерасыл:

Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді

Соны тойлар ел келді.

Би: Қамажай

Ән: «Қазақы дастарханым»

Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жөн болар. Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс- домбыра. Дамбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ -дамбыра» деп бекер айтпаса керек.

Біздің алдымызда өз өнерін көрсететің Тлесов Набидің ағасы.

«Папури»

Тәрбиеші: Жаңбірменен жер көгерер. Батаменен ел көгерер- деп халқымыз бекер айтпаған. Олай болса атамыздың ақ батасын алайық. Ата ортаға шығып, қолын жайып:

Көл жиналып тамшыдан,

Теңіз болсын.

Құт береке кетпесін

Диқан менен малшыдан.

Бақыт ашып қақпасын

Мәңгі-бақи кетпесін.

Пәле –жала қазақты

Іздесе де таппасын.

Бүлдіршіндер көбейіп

Өркендей берсін жеріміз.

Батыр туған ұлдармен

Көркейе берсін еліміз.

Әумин.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше