Тарих- ғасырлар куәсі

Гимназия сыныптары бар

№16 жылпы білім беру орта

мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

Сұлтанова Нұршат Қуанышқызы

Сайыс сабақ

Қазақстан тарихы.

Тақырыбы: «Тарих- ғасырлар куәсі»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушылардың білімге деген құштарлығын, білім деңгейін нығайтып, біліктілігі мен білімділігін дамыту
ә) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылық ізденіске баули отырып, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: топтық, ұжымдық сабақ.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, суреттер, слайд,тірек сызбалар, таблица. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Сабақтың жүрісі:
I айналым:
«Таныстыру»
II айналым: «Бәйге»

III айналым: Полиглот немесе «Жеті жұрттың тілін біл»

ІҮ айналым:Ұйяшық тандау «Ғажайып әлем»

Ү айналым: «Тұлғаны таны»
ҮІ айналым: «Сандар жырлайды»
ҮІІ айналым: «Маңызды 9 сұрақ»
ҮІІІ айналым: «Егер мен деп»
Ойынның өтілу тәртібі:
1. Ойынға үш топ қатысады, әр топ жетекшісі сайланады.
2. Топ атауы, ұраны болады.
3. Әр топқа ойын барысында тапсырмалар беріледі.
Армысыздар, ұстаздар, оқушылар!

Қазір сіздер осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсететін «Тарих ғасырлар куәсі» атты сайыс сабаққа қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі.

Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Білімнің нәрлі сырына

I айналым: Таныстыру.
Шарты: Әр топ өзін таныстырып, ұрандарын айтады.

II айналым: Бәйге

Шарты: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жана ма?
Білім мен өнер жұптаспай,
Тәлім, тәрбие алар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік болса сол алда

Бұл кезеңде әрбір командаға 7 сұрақ оқылады. Дұрыс жауапқа 5-ұпай беріледі.

1 топ:

1. Қазақ хандығының алғашқы құрылған кезіндегі алып жатқан жері М.Х. Дулатидың айтуы бойынша? (Қозыбасы мен Шу аймағы)

2. Ноғай ордасындағы басым тайпа? (маңғыт)

3. Ислам дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушы, әрі ақы ол кім? (Қожа Ахмет Йасауи)

4. Моғол хандығына жастайынан сайланған хандарға ақыл-кеңесші қызметшіні қалай атайды? (найб)

5. Ақ Орданың әлсіреуіне қандай жағдай әсер етті? (Әмір Темір шапқыншылығы)

6. Жошы ұлысының жерінде құрылған алғашқы мемлекет? (Алтын Орда)

7. Шыңғысханның әкесі кім? (Бай ноян Есугей баһадүр)

2 топ:

1. Шыңғысты тәрбиелеуде көп еңбек сіңірген керей ханы кім? (Торы)

2. Батыйдың батысқа жорығы қай жылдарды қамтиды?(1236-1242 жылдары)

3. Алтын Ордада әскери істерді басқарғандарды қалай атаған? (Беклербек)

4. Қазақ халқының қалыптасып, мемлекеттің құрылуына зор тарихи рөл атқарған? (Ақ Орда)

5. Моғолстан мемлекетінің құрылуында басты рөл атқарған әмір, дулат тайпасының ақсүйегі? ( Поладшы)

6. Батыс Сібір хандығының астанасы? (Қызыл Тура)

7. Ноғай Ордасының негізін қалаған кім? (Едіге)

3 топ:

1. Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде қазақ сөзіне қандай түсініктеме берілді? (Еркін)

2. Моғолстанның орталығы? (Алмалық)

3. Керей мен Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алғанМоғолстан ханы? (Есен-бұға)

4. Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жырларды атаңдар? («Орақ-Мамай», «Ер Тарғын», «Ер Қосай»)

5. Көне Отырар қаласының батыс жағында үш шақырым жерде орналасқан кесене? (Арыстан баб кесенесі)

6. Қазақ халқының, қазақ жүздерінің пайда болуы туралы аңыздардың бірі? (Алаша хан)

7. 1219 жылы Шыңғыс ханның Ертістен Сырдарияға қарай аттанғандағы әскер саны? (150 мың)

III айналым: Полиглот немесе «Жеті жұрттың тілін біл»

Шарты: Ойыншыларға жалпылама мақал – мәтелдер айтылады. Сол мақал – мәтелдер мен жұмбақтарды шешіп жауабын үш тілде айтуы керек. Үш тілде жауап берілсе 30 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай беріледі.
1.Аңдамай сөйлеген, ауырмай……. өледі, умирает, die
2.Таяқ еттен, сөз…. өтеді сүйектен, кости, bone
3.Жақсы сөйлесе аузынан не төгіледі? гүл, цветы, flower
4.Бұдан кір қорқады, судан ол қорқады сабын, мыло, soap
5.Кеудесінде жүрегі, өзі жансыз жүреді сағат, часы, clock
6.Жерге қазық қақтым, басына айдар тақтым сәбіз, морковь, carrot
7.Күшіңе сенбе, қандай ісіңе сен? адал, честный, honest
8.Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан не артық? таяқ, палка, stick
9.Ш. Ниязбеков қай рәміздің авторы? ту, флаг, flag
10.Еңбекпен тапқан не тәтті? нан, хлеб, bread
11. Өнер алды …. тіл, Қызыл – красный – red
12. Қыстың қамын …. ойла, Жаз – лето -summer
13. Денсаулық зор …., Байлық – богатство – wealth
14. Білім …. шырағы, Өмір – жизнь – life
15. Кітап ….. бұлағы, Білім – знание – knowledge
16. Батыр қол бастар, Шешен …. бастар. Сөз – слова – words
17. Ер бір рет өледі, Қорқақ …. рет өледі. Мың – тысяча – thousand
18. Туған елдей ел болмас, Туған жердей … болмас. Жер – земьля – land
19. Ұстай қалсаң еріп кетер,Әуре болма теріп бекер, бұл не? Қар – снег – snow
20. Жазудан бір жалықпаған, Жаза – жаза арықтаған. Бор – мел – chalk

ІҮ айналым: «Ғажайып әлем»

Шарты: бұл кезеңде 3 тақырып берілген. Әр тақырыпта 10 нан 40 қа дейінгі сандар жазылған. Әр ұяшықтың астында тақырыптарға сәйкес сұрақтар жапсырылған. Таңдаған ұяшықтар бойынша ұпай алады.
1. Есімдер сыр шертеді
2. Ұлы тұлғалар
3. Өлең тарихтың ажары
1. Есімдер сыр шертеді.
10 ұпай. Монғол империясының негізін салушы Шыңғыс хан туылған кезде берілген есімі: Темучин
20 ұпай. Шоқан Уәлихановтың шын есімі: Мұхамад – Қанафия
30 ұпай. Қабанбай батырдың шын есімі: Ерасыл
40 ұпай. Әйтеке бидің шын есімі: Айтақ
2. Ұлы тұлғалар.
10 ұпай. Бұл тарихи тұлға 1802 – 1847 ж. ж аралығында өмір сүрген Абылай ханның немересі. 1837 – 1847 ж. ж болған ұлт – азаттық көтерілістің басшысы, қазақтың соңғы ханы: Кенесары Қасымұлы.
20 ұпай. Бұл тарихи тұлға ұлтымыздың ағарту саласында көп еңбек еткен. Қазақ даласында бірінші болып қыздарға арнап мектеп ашқан ағартушы педагог, балалар әдебиетінің атасы. Ыбырай Алтынсарин.
30ұпай. Ол – жазушы. Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы. 2010 жылы ол кісінің 100 жылдық мерей тойы тойланып, Алматы қаласында ескерткіш орнатылды. Оның «Генерал Панфилов», «Ұшқан ұя», «Артымызда Москва» т. б еңбектері белгілі. Бауыржан Момышұлы.
40 ұпай. Ол – ұлт – азаттық қозғалыс жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тілі мен әдебиет тану ғылымдарының негізін салушы. Өзінің сенімді достары Ә. Бөкейханов, М. Дулатов пен бірге 1913ж. бастап ұлттық «Қазақ» газетін шығарып, оның жұмысына жетекшілік етті. Ахмет Байтұрсынұлы.
3. Өлең сөздің ажары.
10 ұпай. Ағынды менің Ақсуым
Арқырап әлі ағарсың
Ақиланған ашумен
Ақтарды асқар сабағын. І. Жансүгіров «Ағынды менің Ақсуым»
20 ұпай. Мектетегі балалар
Айтайын біраз сөзімді
Ұядағы түлектей
Білімге сал көзіңді. Қ. Терібаев «Оқушы жастарға»
30 ұпай. Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем
Мен оның құдіретті үнін сүйем
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған
Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған. М. Мақатаев «Отан»
40 ұпай. Қазағым, елім
Қайқайып белің
Сынуға тұр таянып
Талауды малың
Қанауда жаның
Аш көзіңді оянып. Кімнің өлеңі? А. Байтұрсынұлы «Жиған – терген»

Ү айналым: Тұлғаны таны
Шарты көрсетілген фотосуреттегі тұлғаның өмірбаянына тоқталу. Топпен ақылдаса отырып, сұраққа жауап беру.
Ұяшықта тарихи тұлғалардың бейнесі жасырылған: Әр топ өздеріне ұнаған ұяшықты таңдайды . Дұрыс жауапқа 10-ұпай беріледі

Ұяшықтағы суреттер.
1 ұяшықта. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы,Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

2 ұяшықта .Әл Фараби 870 ж. Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Толық аты-жөні әл Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан, яғни әкесінің аты – Ұзлағ, ал арғы атасының аты – Тархан.

Әл Фарабиді неміс шығыстанушылары ұлы, бірегей тұлға деп атап көрсетеді. Ғалым-энциклопедист, ғұламаның көзі тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі “Екінші ұстаз” атанған. Жаратылыстану ғылымын, білімін Бағдатта, Халебте (Алеппода) алған. Оны астрономия, логика, музыка теориясы, математика, этика, медицина, психология, құқық қызықтырды. Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазған. Ол 950жылы 80 жасында Шам шаһарында қайтыс болады. Ол жалпы теориялық ойлар әлемін жасап, өзіндік философиялық тұжырымдама ұсынды. Оның бұл көзқарастары қоғамдық пікірлерімен белгілі бір қақтығыстарға да ұшырады. Фараби өз шығармаларында араб, парсы, грек, үнді, түрік мәдениетінің жетістіктерін талдап, жақындастыра білді.

3 ұяшықта. Ахмет Байтұрсынов

Байтұрсынұлы Ахмет (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

4 ұяшықта. Герадот

Геродот – ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «тарихтың атасы» деп танылған жиһанкез. Ол шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 484 – 425 жылдары өмір сүрген. Батыстың Геродот Кіші Азиядағы Каликарнас қаласында дүниеге келіп, жас кезінде әміршілерге қарсы топта болғаны үшін елінен қуылған. Біраз уақыт Самос аралында тұрып, көп жерлерді аралаған, Қара теңізге дейін жеткен деген мәлімет бар.

Геродот көрген, естіген, оқыған материалдарын жинақтап, артына «Тарих» атты үлкен еңбек қалдырды. Кейіннен александриялық ғалымдар оның еңбегін тоғыз музаға сәйкестендіріп, тоғыз кітапқа бөлген. Геродот алғашқы төрт кітабында Лидия, Мидия мемлекеттері, Ахемен әулеті жөнінде жазып, олардың Мысырға,Вавилонға, сақтарға қарсы жорықтарына тоқталады. Қалған бес кітабы грек-парсы соғысына (біздің заманымыздан бұрынғы 500 – 449) арналған. Онда халықтардың тарихымен қатар этнографиясы, діні, әдебиеті, мемлекеттердің ішкі-сыртқы саясаты, экономикасы берілген. Шығарманың төртінші кітабында парсы патшасы Дарий Гистасптың сақтарға қарсы жорығы баяндалған. Онда сақтар елі жөнінде аса құнды мәліметтер ұшырасады. Қолжазбаларының ішінде бізге жеткен Флоренция нұсқасы ағылшын, орыс, т.б. тілдерге аударылған.

5 ұяшықта.Әйтеке би

Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты “Синесоф буа”(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.

6 ұяшықта Әлия Молдағұлова.

Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова дүниеге келген жері 1924 ж. 15 маусым Бұлақ ауылы, Қобда ауданы, Ақтөбе облысы. 1944 ж. 14 қаңтар Казачиха еревнясы, Новосокольники ауданы, Псков облысы қайтыс болды. Мансабы: мерген. Кеңес Одағының Батыры (1944), снайпер, ефрейтор.

ҮІ айналым: Сандар жырлайды.
Ойынның шарты: Құтының ішінде сандар айналып тұрады, стоп дегенде бір сан түседі, берілген сұраққа дұрыс жауап берілсе 10 ұпай беріледі. Бұл ойынның ерекшелігі: оқушы кез-келген патриоттық ән орындауы қажет.
1. Қазақ даласынан Египет мемлекетіне құлдыққа сатылған Мәмлүк елінің 4 –ші сұлтаны кім? (Бейбарыс)
2. Монғол мемлекеті қанша түмен әкімшілікке бөлінді? (95)
3. Шыңғысханнан кейін орнына кім отырды? (үшінші ұлы Үгедей)
4. Патриоттық ән орындау
5. ХІІІ ғасырда қыпшақтардың сүттен қалай май алатынын, құртты, қымызды қалай жасайтынын таңдана жазғандар? (Еуропа саяхатшылары)
6. Шыңғысханды қорғайтын жасауыл? (кешіктен)
7. Алтын Орданы құрушы монғол ханы (Батый)
8. 17 жасында хан болған кім? (Әбілхайыр)
9. Ақ Орданың орталығы қай қала? (Сығанақ)
10. Ақ Орда мемлекеті неше жыл өмір сүрді? (240)
11. Моғолстан мемлекеті қай ұлыстың орнына құрылды? (Шағатай)
12. Патриоттық ән орындау

ҮІІ айналым: Маңызды «9 сұрақ»
Шарты: Бұл сайыста әр сайыскер сан таңдайды, артында пән аттары, және сол пәнге байланысты сұрақтар жасырылған. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1. Математика: Әл – Фараби 870ж. туылып, 950 ж. қайтыс болды. Ол қазір неше жаста, неше жыл өмір сүрді. (1141 жаста болар еді, 80 жыл өмір сүрді.)
2. Қазақ тілі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай? Ол Конституцияның нешінші бабымен бекітілген? Конституцияның деген сөз қай септікте тұр? (Қазақ тілі; 7 бабымен; Ілік септігінде)
3. География: Қазақстан территориясының көлемі дүние жүзі бойынша нешінші орын алады? Онда неше облыс бар? (9 орын; 14 облыс)
4. Биология: Қазақстандағы қорықтар саны қанша? Оларды ата? (10 қорық жұмыс істейді, Ақсу Жабағалы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжың, Марқакөл, Үстірт, Батыс Алтай, Алакөл, Қартау қорықтары.)

5. Әдебиет: Абай Құнанбаев кім? Оның жазушылығы мен қатар қандай қырын білесіңдер? Еңбектерін ата? (Ұлы ақын; Аудармашы;)
6. Тарих: Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды? Көтеріліс қанша жылға созылды? (1783 – 1797ж. ж; көтеріліс 14 жылға созылды)
7. Музыка. Бөкей ордасының Жиделі деген жерінде дүниеге келген, сазгер, аспаптық музыканың классигі, аса көрнекті күйші кім? Еңбектерін ата: (Құрманғазы Сағырбайұлы, «Ақсақ киік», «Қайран шешем», «Адай» т. б)
8. Спорт әлемі: Афины олимпиадасында алтын медальға ие болған кім? Және спорттың қай түрінен? (Бақтияр Артаев, бокстан)
9. Құқық: Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қашан қабылданды және ол неше бап неше бөлімнен тұрады? (1995жылы 30 тамызда, 98 бап 9 бөлім)

ҮІІІ айналым: «Егер мен деп»

Жақсы сөзге жүрегі жай табатын
Өз ойын дәлелдеп нақты айта алатын
«Егер мен деп» шәкірттер шықсын алға
Шарты: ойыншыларымыз қима қағаздарды таңдайды, қандай тақырып шықса, сол тақырып бойынша өз ойын айтады. Жақсы жауап берген топқа 20 ұпай беріледі.
1. Егер мен ауыл әкімі болсам…
2. Егер мен ауылдан шыққан депутат болсам…
3. Егер мен президент болсам…
Ойынның шешуші сәті, әділ – қазы алқалары сөз кезегі өздеріңізде.
Осымен бұл қызықты тамамдайық
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ
Үйрендік білмегенді осы жолы
Тағы да үйренеміз аман болсақ
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі көріп тамашалаған «Тарих ғасырлар куәсі» атты сайыс сабағымыз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше