Кішкентай арулар

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШҚО ҰЛАН АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ

КМҚК «АЙГӨЛЕК» БАЛАБАҚШАСЫ

8 – НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА «БОЛАШАҚ» МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫ ҚЫЗДАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН

«КІШКЕНТАЙ АРУЛАР»

АТТЫ САЙЫС

БАҒДАРЛАМАСЫН ҚҰРАҒАН

ЖӘНЕ ЖҮРГІЗГЕН:

НАУРЫЗБАЕВА АСИМА АГЗАМОВНА
І – САНАТТЫ ТӘРБИЕШІ.

Бозанбай ауылы, 2014 жыл.

Тақырыбы:«Кішкентай арулар »

Мақсаттары: 8 – наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту.Ой-қиялдарын, танымдық қабілетін, эстетикалық талғамын дамыту.Тіл байлықтарын, өнерге деген талаптарын дамыту.Өз-өзін бағалай білуге, өзгені сыйлауға тәрбиелеу.Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Түрі: Қыздар арасындағы сайыс

Көрнекіліктер мен қажетті құрал-жабдықтар:

Музыкалық орталық, ән- биге арналған минусовкалар, шарлар, «Кішкентай арулар» деген жазу, номинациялар бойынша мақтау қағаздар, сиқырлы дорба, сандар жазылған карточкалар.

Алдын-ала жүргізілген жұмыстар:Таныстыру сөздерін құрау, ата-ана көмегімен жаттату, дайындау. Номинациялар бойынша марапат қағаздарын дайындау. Балаларға ашық хаттар жасату.

Бағдарламасы:

1. Өзін-өзі таныстыруы

2. Білім сайысы

3. Сән үлгісі

4. Қол өнер

5. Өнер сайысы

Қатысушылары:«Болашақ» тобы қыздары

Әділ-қазылар:1.Меңгеруші. 2. Әдіскер. 3. Ата-аналар комитеті мүшесі

Тәрбиеші:

Құрметті аналар, апайлар, қыздар! Келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің алғашқы мерекесіне орай «Болашақ» мектепалды тобы қыздары арасында өткізілгелі отырған сайысымызға қош келдіңіздер!

Кімдер жүйрік, өнерпаз,біз білейік

«Тобымыздың мақтанышы» деп жүрейік.

Қазылардан – тек қана әділдікті,

Ал қыздарға – сәттілік біз тілейік!

Сонымен, бүгінгі сайысымызды бастау үшін қыздарымызды алдарыңызға шақырайын, қол соғып, қарсы алып отырыңыздар!

Аруларды шақыру:

1.Шаштары ұзын, жарасқан,

Қыпша белі бұралған

Өздері әсем жүзді

Қарсы алайық қос жұлдызды

Амина мен Аянат!

***

2.Арулар келді аяулы

Бұрылып жұртым қарайды

Әсем қыздар

Аяулым мен Жансаядан

Қуаныш күлкі тарайды

***

3.Зерделі де зейінді

Зерек, кішіпейілді

Білікті жандар

Рината мен Гүлзана

Білмейтін еш кеюді!

***

4.Мінезі жарқын,

Күн дер ем.

Мін дегенді білмеген.

Білімге құмар, талпынған

Карина мен Үміткер.

І – кезең «Таныстыру».Тәрбиеші:

Инабаты жүзінде тұнып тұрған,Аппақ көңіл көзінде күліп тұрған

Кішкентай аруларымыз өздерін таныстырады, қабыл алыңыздар!

Аяулым:

Ақ көңілді, ақ ниетті

Мен – бүлдіршін баламын.

Әке сөзін тыңдайтын

Мен бақытты баламын.

Анам бар Жанаттай мәпелеген

Інім бар Еркебұлан еркелеген

Бақытты отбасында еркін өскен

Мен боламын Муратбекқызы Аяулым!

Аянат:

Армысыңдар, халқым менің!

Амандасу салтым еді.

Айқынқызы, атым – Аянат

Қазақстан – елім, Бозанбай – жерім.

Ғалия атты анам бар,

Бекзат деген ағам бар,

Аяужан деген әпкем бар.

Таныстыруыма қосылар

Жанұям менің осылар.

Карина:

Армысыңдар, үлкен-кіші көрермен

Кенде емес Карина қызың өнерден

Қуаныш – әкем аты, шешем – Надя

Ән салып, би де билеп беремін мен.

Амина:

Сәлем берем иіліп қазылар алқасына

Ұшып шығам «Айгөлек» бақшасынан

Ұлы қауым жиналған ортасына

Таныстырып өтейін мен өзімді:

Еркін атам мен Майгүл апамның

қызы мен болам

Жақсы оқу талабым!

Рината:

Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар!

Әжесі баққан әлпештеп

Алдарыңа келіп тұр

Бір тал гүлі Спартактың

Ринатадай балаң бар!

Гүлзана:

Алдыңызға келіп жеттім танысуға

Бойымдағы бар өнерді дарытуға

Әдеппен, ізетпен сәлем бердім

Нұрбекқызы Гүлзана мен боламын

Үміткер:

Кіші қамын ойлаған,

Кісі жанын сыйлаған

Мінезімен, өнерімен

Өзгелерге сыйлы адам

Бақыт Үміткер қыздарыңыз

мен болам!

Жансая:

Үш қыз туған анам бар

Жұмаққа бірден баратын.

Асқар таудай әкем бар

Мен – кенже, тілін алатын.

Әділқазы алқасына

Иіліп сәлем беріп тұрған,

Мен болам Жансая Нұрбекқызы

Сайысқа қатысуға келіп тұрған.

ІІ – кезең «Білім сайысы».Тәрбиеші:

«Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар»,- деген сөз бар.Қазір біздің арулар сиқырлы дорбадан дөңгелектер суырады.Әрқайсысында нөмері бойынша тапсырмалар жазылған. Сол сұрақтың жауабын айту (Әділқазы бағалайды)

№1.Ана, әже туралы тақпақ немесе ән айт

№2. Өлең есептің шешуін тап.

Бір алманы төртке бөлдім,

Бір бөлігін жеп те көрдім,

Үшеуін үш досыма бердім

Қолымда менің не қалды?

№3. «Ауырғаннан аяған күштірек» атты Ы.Алтынсариннің мысал-әңгімесін айтып бер./Көркем әдебиет.хрестоматиясы /

№4.Жұмбақтың жауабын дұрыс тап

Аралап қалың орманды,

Қалайды сұлу болғанды.

Қолы жоқ, сөзі жоқ,

Бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар.

Ол не? /тарақ/.

№5. Отанымыз – Қазақстан туралы әңгімелеп бер. Не білесің?

№6. Түрлі-түсті қарындаштар туралы өлеңді жатқа айт.

/Ұ.Есдәулетов. «Қарындаштар»/

№7.Табиғат деген не? Оның түрлерін ата. Адам табиғаттың қай түрі?

№8. Сөздің сыңарын тап /шарты: мағына жағынан үйлесіп байланысуы керек/

ІІІ – кезең «Сән үлгісі».Тәрбиеші:

Заманға сай сән үлгілерін тамашалаңыздар. Кәне, қыздар, барыңды салыңдар

/Қыздар шеңбер бойымен музыка ырғағымен 2-3 шеңбер айналып жүріп өтеді/

Сергіту сәті:

би «Вперед 4 шага» /топтың ұл-қыздары түгел шығып билейді/

ІV – кезең «Қолөнер сайысы».Тәрбиеші:

Бүлкілдеген көмейі шешен болар ма екенсің?Саусақтары майысқан шебер болар ма екенсің? ,- дей келе, Қолөнер сайысын бастаймыз

/Қыздарға түрлі-түсті қағаз, қарындаш, қайшы, желім таратылады. Өз қиялынан туған бейнені қиып, жапсырулары керек.Уақыт берілмейді, ұқыптылығы бағаланады/.

Осы кезде ұлдар «Жалқаубек» әнін орындайды

V – кезең «Өнер сайысы». Тәрбиеші:

«Өнер – ағып жатқан бұлақ» , – дейді халқымыз.Келесі кезекте кішкентай аруларымыздың өнерлерінтамашалаймыз. Қабыл алыңыздар!/Әр қыз өз таңдауы бойынша өнер көрсетеді, шектеу жоқ/

1.Амина – ән «Қошақаным қайда екен?»

2.Гүлзана – би «Gangnam Style»

3. Аянат – фокус «Қағаздан шырша қию»

4. Карина – би «Қара жорға»

5. Рината – ән «В лесу родилась елочка»

6. Жансая – би «Шығыс биі »

7. Үміткер – өлең «Асыл анам»:

Асыл анам, жан анам,

Өзіңнен артық жоқ маған.

Тең келер саған ұғым жоқ,

Жырым бұл саған арнаған.

Қорытынды:

Ал, кішкентай арулар!

Ешкімің жоқ алалар!

Ару болу – үлкен сын,

Оны қазың бағалар.

1/.Әділқазылар алқасына сөз береміз 2/. Сайыскерлер өнеріне сай атақ береміз, номинациялар бойынша марапатталады :

– «Кішкентай ару» – «Көрікті ару» – «Шебер қолды ару» –

– «Сүйкімді ару» – «Білімді ару» – «Әнші ару» –

– «Биші ару» – «Көрермен көзайымы» –

3/. Балалар өздері жасаған ашық хаттарын аналарына табыстайды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше