Біз нені үйрендік

Сабақтың технологиялық картасы «Болашақ» МДТ /5-6 жас/

Білім саласы: Таным Пәні: ҚМТҚ Күні :23.04.2014ж.

Тақырыбы:Қайталау «Біз нені үйрендік?» / «Бауырсақ» ертегісінің желісімен/

Мақсаттары:

1.Жыл басынан бері алған білімдерін қайталау және бір жүйеге келтіру.

2.Балалардың есте сақтау қабілеттерін, ой-қиялдарын,тіл байлықтарын, байқампаздық қасиеттерін, қол икемдіктерін дамыту. Ауызша- практикалық тапсырмалар орындау барысында жедел ойлап, шапшаң қимылдау дағдыларын жетілдіру. АК элементтерін ұйымдастырылған іс-әрекетіне кіріктіру /Ұ.Есдәулетов.Қарындаштар/

3. Көпшілік алдында өз-өзін ұстай білуге, шағын топпен жұмыс істей білуге баулу. Үлкенді сыйлауға, халық ауыз әдебиетін және өнерді сүюге, өзара достық пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік және қажетті құрал-жабдықтар:

1.Оқытудың инновациялық техникалық құралдары

(ноутбук, оқыту іс-әрекетінің слайд-варианты, тапсырма-карточкалар < ,> ,= белгілері).

2. «Математика» атты карточкалар жинағы

3. Алты түсті қарындаш, Бауырсақтың киімі, «Ғажайып дорбасы»

4. «Көңілді пішіндер» суреттері, ойынға арналған қатырма қағаздан қиылған пішіндер

5. Қағаз қайықтар, есептер жазылған жеміс-жидектер

6. Сандар жазылған карточкалар, сандар баспалдағы

7. Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, Қоршаған орта, Көркем әдебиет, бейнелеу өнері.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі Балалардың әрекеті
І. Мотивациялық-

қозғаушы

1.Күннің көзі ашылып, көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті, төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенмен – тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнеки, бәріміз «сәлем» дейік үлкенге

2. «Математика сырлары қызықтырады біздерді, саяхат-сабаққа бірге қатысуға шақырамыз сіздерді»

1.Сәлеметсіздер ме, апайлар!
ІІ. Іздену-ұйымдастырушы І. Балалар, сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма? Ендеше, бастайық:

а/№ 2 – слайд

ІІ. Бауырсақтың топқа келуі:№ 3 – слайд

-Балалар, мен кіммін?-Мен кімдерден қаштым, олар нешеу?

-Ал қанша жануардан қаштым, санайық?

ІІІ. СЕРГІТУ СӘТІ –

би «Вперед четыре шага» №6 слайд

ІV. «Бауырсақтың қоянмен кездесуі» №7 – слайд «Дәл осындай пішінді тап» д/о

Тақтаға әртүрлі пішіндер бар карточкалар ілемін.

V. Бауырсақтың қасқырмен кездесуі №8 слайд

VI. №9 –слайд «Көңілді фигуралар» атты дидактикалық қимылды ойын жүргіземін.

Мақсаты: Ойын түрінде балаларды мектептегі оқуға дайындау, психикалық қасиеттерін (байқампаздық, ой-қиял, тіл байлығы, есте сақтау) және қажетті білім, білік дағдыларын дамыту

1.Шаттық шеңберінде тұрып бір-бірімен сәлемдесу

2. Шеңберде тұрған балаларға әртүрлі сөздер айту,арасында геометриялық пішін атауын айтқан кезде балалар орындарында тұрып секіруі керек.Шатасып қалғандар барып орындыққа отырады.

3.Балаларға әр үштікке бірдей етіп стимулдық материал таратылады:

2 үшбұрыш, 2 шаршы, 2 тіктөртбұрыш, 2 дөңгелек.

Көмек-кеңес беруге болады.Мысалы: 2 үшбұрыштан 1 шаршы шығаруға болады.Тапсырма мақсаты: балалардың тез ойлау қабілетін, сезімін, қол икемдігін дамыту

4.Рефлексия.

VII. Бауырсақтың аюмен кездесуі№10 слайд

VIII. Бауырсақтың түлкімен кездесуі №11 слайд

ІХ. Бауырсақтың қоштасып кетуі

№ 12-слайд

X. Сандар баспалдағы. 1-10, 11-20

Екінші ондық сандарының әрқайсының құрылымы.

І. 1-20 дейін тура және кері санайды

«Көршісін тап» д/о ойналады.

ІІ. -Сіз – Бауырсақсыз!

-Апа мен атадан /2/ №4 – слайд

-Қоян, қасқыр, аю.түлкі /4/ №5 – слайд

ІІІ.Балалар ортаға шығып, музыка сүйемелдеуімен билеп алады.

ІV.Балалар қоянмен бірге ойнай жүріп жауап береді.Тәрбиеші кез-келген пішінді көрсетеді, балалар соған ұқсайтын затты топ бөлмесінен табады.Мысалы: шаршы – шкафтың есігі, үшбұрыш – тұскиізде, тіктөртбұрыш – теплофон.

V. Балалар қасқырдың сұрағына жауап беріп, «Алдымен – содан кейін» д/о сұрақтарына жауап береді

VI. Ойынға қатысады

1.Шаттық шеңберінде тұрып сәлемдеседі

2.Тәрбиеші сөздер айтқанда шапалақтайды, арасында фигура атауын естісе – секірулері керек

3. Үстел бойынша балалар өзара ақылдаса отырып, бірнеше пішіннен 1 құрастырады.

4. Рефлексия: бұл ойынад не ұнады? Не ұнамады?

VII. Аюдың сұрақтарына жауап беріп, жеміс-жидек суретті карточкалардағы есептерді шешіп, қайықтарға тиеуге көмектеседі

VIII .

1.«Математика» атты карточкалар жинағынан алынған суреттер бойынша жауап береді (Не? астыңғы-үстіңгі? оң-сол? түсі? пішіні?)

2. Практикалық тапсырма: 2 топ пішіндер санын салыстырып,арасына < , >, = белгілерін қояды.

ІХ. Балалар да қоштасып шығарып салады.

Х.Балалар сандар баспалдағымен көтеріліп,төмендейді .Бірінші және екінші ондықты қайталайды

11 =10+1 ….. 20 =10+10 деп түсіндіреді

ІІІ. Рефлексивті – коррекциялаушы 1.«Рефлексия» атты слайдпен жұмыс.Әр саусақтың мәнін ашып, сабақты қорытындылауға шақырамын.

2.Ал сендер «Қарындаштар» атты өлеңді ұмытқан жоқсыңдар ма? Авторы кім? Ол туралы не білесіңдер?

3.Мен сендерге рахмет айтамын.Ақбауырсақтың дорбасында не бар екен? Келіңдер, көрейік!

1.Балалар өз пікірлерін айтып қорытынды жасайды

2.Бұл өлеңді шығарған балалар жазушысы, жерлес ақын – Ұ.Есдәулет – ол ШҚО Зайсан ауданында туған

3.Балалар тосын сыйларын алады.

Билингвалдық компоненті: Бауырсақ – колобок, + – , «Вперед 4 шага» биінің сөздерінің мағынасын біледі.

Білуге тиіс:1-10,11-20 дейін тура-кері санау.Пішіндер атауын.Түстерді.Заттар тобын салыстыруды.Ертегінің мазмұнын.

Талапты болу: Әртүрлі дидактикалық, қимылды ойындарға белсене қатысуға.Практикалық тапсырма орындауға.Өтілген материалды есте сақтап,қайта жаңғырта алуға.

Қолынан келуі тиіс:Бағдарлама аясында алған барлық білімдерін ертегі желісі бойынша ауызша және практикалық тапсырмаларды орындауда қолдану.

тәрбиеші: Наурызбаева Асима Агзамовна.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше