Тәуелсіздік –ел бақыты! мерекелік ертеңгілігі
Ембі қаласы, «Достық» балабақшасы
Тәрбиеші: Унаймагамбетова Айсауле Болаткызы
Тақырыбы: «Тәуелсіздік –ел бақыты!» мерекелік ертеңгілігі
Жүргізуші: Көк туым шалқып төрімде,
Елімнің бағы таймасын.
Тәуелсіздігім- тәтті сый
Тәңірден келген ағайын
Бар қазағым бақыттың
Жиырма екінші жылын тойласын!
Жүргізуші: : Шашу, шашу шашайық,
Ән-думанға басайық,
Тәуелсіздік далама
Алып келді баршаға!- деп бүгінгі меркемізді бимен ашайық!
Балалардың орындауындағы «Қазақ биі»
Жүргізуші: Елім менің, тәуелсіздік жерім менің,
Күннен алған шуақты өмір демін.
Рухым ұлттық өсіпті, өлместей боп,
Көк байрағың төбемнен көрінген күн!
Қазақ деген қалың жұрт,
Бәрін кешті басынан.
Тәуелсіздік туыңды
Биік көтер жас ұлан!
Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Республика болып жарияланды.Осы күнге жету үшін біздің халқымыз талай қиыншылықты басынан кешірді.1986 жылдың 16 желтоқсанында Алматы қаласында жастардың көтерілісі болды.Қайсар батырларымыз тәуелсіздікке ой салып, егеменді ел болдық.Міне, балалар, біздің Қазақстанымыз туған еліміздің, туған жеріміздің егеменді ел болып тәуелсіздік алғанына биыл 22 жыл болыпты.Енді бүгінгі салтанатты мерекемізді Мемлекеттік Әнұранымызбен бастайық.
Әнұран орындалады.
Сол жастардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Сәбира Мұхмеджанова, Ләззат Асановалар болды.Олар Отан үшін, Туған жер үшін, ана тіліміз үшін, сендердің болашақтарыңыз үшін қазақ жастары құрбан болды.Осы құрбандардың рухы үшін бір минуттық үнсіздік жариялайық!
Арайлым: Тәуелсіздік деген не?
Ынтымақ па, бедел ме?
Жұрт па, ұлт па?
Сыры жатыр тереңде.
Тыншу бермей ой мүлдем
Әр нәрсені шолдым кең
Бұл сұрақты үйдегі
Әр адамға қойдым мен.
Әділет: Тәуелсіздік –ел болу,
Ынтымақпен өрге озу.
Еркін және өзге елмен
Терезесі тең болу.
Өз меншігің, тау,дала,
Көкке өрле самға да.
«Тәуелсіздік»деді атам
Сену, келу тәубаға.
Данагүл: «Тәуелсіздік»- деді әжем
«Тыныштығы елімнің.
Еңбек ету адалдап
Барға жасау қанағат.
Ол ғажайып ертеңің»-
Деді, сөзін тәмамдап.
Азиз: Әкем айтты: «Белсен де
Сай жігіт бол сол сөзге»
Тәуелсіздік-шаңырақ,
Мықты уығы бол сенде!
Ералы: Елге қоныс мәңгі құт
Бол жарығым дәу жігіт.
Тәуелсіздік, төл теңге
Деді анам сәл күліп.
Мансур: Тәуелсіздік-тәубелі елдің ұраны,
Қиылды ердің қыраны.
Жат рухқа жалтақтатпас пендесін
Жанарлардың шырағы.
Асылым: Тәуелсіздік-пейіл, сыйы қазақтың
Арымыздан арылғаны азаптың
Батыры көп, ақыны көп халыққа
Алла жар боп туа қалған ғажап күн!
Мерген: Біздің қазақ мықты ғой,
Тәуелсіз ел атанған.
Желтоқсан деген көтеріліс
Жан аямау Отаннан
Бақдәулет: Сескенді бүкіл өктемдік
Жеңіске сол ғой жеткендік.
Орыс боп кете жаздаған
Кеңестік кезді жек көрдік.
Жүргізуші: : Тасысын шалқып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Мерекеңмен құттықтап,
Ән саламыз бәріміз,-
деп, «Балдырған» тобының орындауындағы А.Жайымовтың «Қазақстан» хорына береміз.
Ернұр: Міне, бүгін тәуелсіздік алған күн,
Артта қалды жалтақтаған жалған күн,
Бодандықтың құлы болмай енді біз
Ұлтымызға туғызайық арман күн..
Санжар: Болашаққа серпін нық
Көкке атады бөркін жұрт.
Тәуелсіздік-ынтымақ,
Тәуелсіздік-еркіндік.
Баян: Тәуелсіздік-таң нұрысың арайлы,
Бабалардың арманысың талайғы
Ғасырлардың құшағында ер жеттің,
Халқым сені өз бақыты санайды.
Арслан: Сен әкелдің шаттығымды, күлкімді
Ата-бабам армандаған бұл күнді
Тәуелсіздік өркендесін өрісің,
Бақытпенен қауыштырған жұртымды.
Алихан: Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім- елтаңбам.
С.Арслан: Атамекен ақ үйдің,
Азат болған күні бұл.
Құндақтағы сәбидің
Қазақ болған күні бұл.
Жүргізуші: Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында,
Жүрегімнің, жүрегімнің дүрсілі,
Қазағымның домбырасы барында, деп Қадір ақын жырлағандай, “Қасиетті домбыра” биімен «Балдырған» тобын ортаға шақырамыз.
Би: «Домбыра»
Жүргізуші: Қалың елім қазағым, қайран жұртым.Тарыдай шашылып, тағдырдың қатігездігін тартқан елім, қиыншылықты, зұлымдықты, аштықты бастан кешкен қазағым.Жаулары жан-жақты алқымынан алып, аш қасқырдай талаған.Жерін жаулап, елін жалмап жоңғарлары, моңғол-татар қорлаған.Не көрмедің ата-бабам, не өтпеді басыңнан?Қуғын-сүргін құрбаны боп,жазықсыз, қабырғасы қайысқан.Сұм соғыста талай қазақ қан төкті жау қолынан.Қазақ болып, ел болып, өз жерінде билік ете алмаған, қазағым!Шіркін-ай, тарыдай шашылған қазақ елінің басын біріктірген үш жүздің әз-билерін еріксіз есіңе аласың! (Әуенмен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер келеді.)
Төле би: Әлішер: Біз үш жүз-қазақтың ағайынды үш баласымыз.
Жүзге бөлінгеннің жүзі қара,
Руға бөлінгеннің құруға асыққаны.
Атаға бөлінгендер адыра қалады.
Қазыбек би: Бағлан:
Бір дегенім-бірлігі кеткен ел жаман,
Екі дегенім-егесіп өткен ер жаман.
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Әйтеке би: Батыр:
Асқар тау, сенде бір мін бар, асу бермейсің,
Тасқын су, сенде бір мін бар, өткел бермейсің.
Билер сендер де бір мін бар, өзгеге сөз берммейсің,- деп Әйтеке би ашулана айтады.
3 би:
Біз үш жүз керіспейік, келісейік.
Халқымыз, ұрпағымыз аман болып,
Ауызбіршілікпен жүздесейік.
Билермен амандасу.
Жүргізуші: Мінеки балалар, біздің ата-бабаларымыз, қазақ халқы қаншама қиыншылықтарды, зұлымдықты, қорлықты, аштықты бастан кешті.Міне осы ұлы билеріміз, бабаларымыз, тарыдай шашылған қазақ елінің басын біріктірді.Ынтымаққа, ауызбіршілікке шақырды, үш жүздің басын қосты.
Құрметті әз-билер!
Сіздердің халқымызға, елімізге, ұрпақтарымызға айтқан өсиет, ұлағатты сөздеріңізді болашақ ұрпақтарымыз да біледі.Сол сіздердің өсиеттеріңізден үлгі алып жүрген балаларымыз да баршылық.Сіздерге өте ризамыз.
Құрметті әз-билер, міне көрдіңіздер сіздердің ұрпақтарыңыз өніп-өсіп өркендеуде. «Батаменен ел көгерер» дегендей мына бүлдіршіндерге баталарыңызды беріңіздер. (Бата беріп, билер шығып кетеді)
Әлішер: Бата: Әмин, десең міне, бата,
Қолдасын Қыдыр ата.
Қыдыр болсын жолдасың,
Періштелер қолдасын.
Қуанышың көп болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Еліміздің бірлігі мықты болсын
Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті балаларымыз Бекұлан мен Ақмерейдің орындауындағы «Егеменді ел» әніне береміз!
Жүргізуші:
Отан! – деген сөзім қандай әдемі!
Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі.
Таңдандырды жан-жағымды – бай өлке,
Қарапайым, кең дастархан, әдебі.
Атам қазақ аңсағаны еркіндік,
Сақтау үшін азаттықты бекіндік,
«Қастығы жоқ қазақ» деген аңыз бар,
«Татулықтың символымыз » сертім нық.
-деп келесі кезекті «Балапан» тобының Отан туралы тақпақтарына кезек берейік.
Нұрасыл: Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
Жәмиля: Отанды жас кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
Нұрхан: Отанды әркім анасындай
Қастерлейді бағалап.
Өйткені Отан баласындай
Бізді өсірер бағалап.
С.Кәусар: Отан деген атамекен
Отан деген туған жер.
Отан-ана, Отан үлкен
Қазақстан- туған ел!
Е.Кәусар: Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерің де.
Өзіңді өзің еткен бақ
Тәуілсіздік төрінде.
Ә.Әлихан: Асқар тау да сенікі,
Бақша -бау да сенікі
Қатал жау да сенікі.
Қазақ, орыс, өзбек те,
Үміт қосып жеңіске.
Жұдырықта жұмылды
Келешегі кең іске.
Жүргізуші: Бақыт күні осы күн
Оны әнге қос досым.
Ардақтайды бұл күнді
Келетұғын ғасырың,-деп «Балапан» тобының хорына береміз.
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз!»
Мейірімжан: Іші-алтын, сырты-нұр,
Бұзылмаған шырқы бір.
Ұлы достық мекені
Қазақстан жұрты бұл!
Адия: Көлі-інжу, жері-гүл,
Қарты- сыйлы, ер- дүр.
Дәстүрі ортақ, салты озық
Қазақстан елі бұл!
Қоблан: Отан, Отан,
Бәрінен де биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!
Айзере: Отанды жас кәріміз,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып өмір сүреміз.
Дияр: Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы.
Бесігім болып тербеткен
Отаным-Қазақстаным!
Ернұр: Өзіңдікі- туың да!
От пен ауа суың да.
Жаса, Қазақстаным!
Белді бекем буын да.
Айәділ: Отан менің-ата-анам,
Отан досым бауырым
Отан өлкем астанам
Отан туған бауырым
Спорттық би: Балапан тобы «Алға, Қазақстан!»
Жүргізуші: -Ал қазір біздің балаларымыз Отан туралы өз ойларын сурет арқылы жеткізеді.Нұрасыл, Арайлым,Аңсар Отан туралы салған суреттерін алып келеді.
Нұрасыл: Менің атым-Нұрасыл, тегім-Тәжен , жасым 3-те.Мен Қазақстанда тұрамын.Мен Қазақстан туралы сурет салдым.Отаным-менің қуанышым.
Бақыт ел-бұл Отан,
Бұл Отанды сүйемін.
Біздің Отан-Ұлы Отан,
Мен отанды сүйемін.
Арайлым: Менің атым-Арайлым, жасым төртте.Мен Алматы қаласында Республикалық Ақкөгершін байқауына қатысып ІІІ-орынға ие болдым және де балабақшада өткізілетін жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрмін. Мен жеткен жетістіктерімді туған өлкеміздің тәуелсіздік меркесіне арнаймын.Менің Отаным-Қазақстан.Біз бәріміз тату-тәтті өмір сүреміз.
Отан-туған үйіміз,
Отан-туған жеріміз.
Отан-ортақ үйіміз,
Отан ән мен күйіміз.
Аңсар: Менің атым-Аңсар.Мен 4- темін.Мен Қазақстан Республикасының азаматымын.Мен өз Отанымды мақтан тұтамын.
Отан деген атамекен
Отан деген туған жер
Отан анам отан өлкем,
Қазақстан туған ел.
Тәрбиеші: Тәуелсіздік-бар халықтың ұраны,
Тәуелсіздік-бейбіт өмір шырағы,
Тәуелсіздік-бақыт таңы халқымның
Тәуелсіздік,тәуелсіздік, тәуелсіздік-жыр әнім!
Қайсар: Желтоқсанда соққан жел,
Қайратты еске сала ма?
Қайраты жоқ халықтың
Болашағы бола ма?
Қазағыма Қайрат боп,
Туса екен ұлдарым,
Қалың елге байрақ боп!
Галифа: Әлі де бостандық деп атар таңдар,
Ұшқыннан бар әлемге апарғандар
Қайрат, Ләззат,Ербол мен Сәбиралар
Осылар-Желтоқсанда қаһармандар!
Жүргізуші: Иә, осы жастардың ішінде өз Отаны үшін, туған жері үшін, сендердің болашақтарың үшін ерлікпен қаза тапқан аға-апаларың.Сол жастардың ішінде: Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Спатаев, Сәбира Мұхамбетжанова, Ләззат Асановалар болды.
Көрініс: «Қайраттың ақтық сөзі»
Қайраттың қолын кісендеп, екі адам алып келеді.Сот залынан көрініс.Сот шешімі оқылады: (Үстел басында прокурор отырады.Қайрат қарсы алдында отырады.)
Тергеуші: -Сен 18-і күні сағат 10-да қайда болдың.
Бекұлан:Қайрат: -Жолдастарыммен Фурманов көшесінде болдым.
Тергеуші: -Жоқ сен өтірік айтасың, сен Сәтбаев көшесінде милиционерді ұрдың!Сен кінәлісің білесің бе?
Қайрат: Жоқ мен ешкімді көргенім де,ұрғаным да жоқ!
Әділет:Тергеуші: -Ақымақ! Әкетіңдер! Көзін құртыңдар!Атыңдар!
Қайрат: -«Жарайды, қазақ халқы үшін мен-ақ құрбан болайын.Бірақ, айналайын жұртым, менің адал екенімді, қандықол емес екендігімді білдіңдер»
Кұнәдан таза басым бар,
Қазақ деген атым бар,
21-де жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең атыңдар.
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген хош бол, таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Хош аман бол артымда,
Ағайын-туған азамат.
Артымда қалған ата-анам,
Ел –жұртым саған аманат! (2 адам алып кетеді)
Жүргізуші: Отаным кең дала орманды,
Болаттан соғылған қорғанды,
Бақыттың, шаттықтың мекені
Қолдаймыз, қорғаймыз Отанды! “Ел қорғауға әзірміз” әнімен «Балдырған» және «Балапан» тобының елін қорғайтын, жерін қорғайтын жігіттерін ортаға шақырайық.
Хор: «Ел қорғауға әзірміз!»
1. Баянды бейбітшілікті сақтаймыз!
2.Тәуелсіздік бізге берілген үлкен бақыт.
3.Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!
4.Халқымыздың еңсесі жоғары болсын!
5.Егемендігіміз баянды болсын!
Жүргізуші: Балалар біз осы жақында қандай мерекені тойладық?
Балалар: 1 желтоқсан Тұңғыш президент күнін тойладық
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Біздің президентіміз кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Балаларымыздың елбасына арналған тақпақтарын тыңдайық.
Айша: Аман болсын Нұрсұлтандай атамыз,
Халқымызға пана болған данамыз.
Әрқашанда мақтан етіп жүретін,
Жазық маңдай кең пейілді панамыз.
Ақжол: Ата-бабам тұлпар мініп айқасқан,
Әрбір сөзге кесек-кесек ой тастап
Тәуелсіздік ел президентін сайлады,
Қазағымның Нұрсұлтаны ел бастап.
Айсұлтан Арайлым: Тірлігіне шырай берген кім десең,
Ол Нұрсұлтан бақ жұлдызың
Сол азамат болмағанда ағайын,
Бүгінгідей қуанбас ең, күлмес ең.
Тәрбиеші:
Рәміздерім- елдігімнің белгісі,
Білу керек балаға дейін ең кіші,
Әнұран,Ту,Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.
-Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?
-Елтаңба, Көк Ту, Әнұран.
Ақмерей: Мынау-Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы.Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды, пішіні төртбұрышты.Көк аспандай көгілдір, ортасында күн шуағы, астында қыран бүркіт ұшып келе жатыр,шеті өрнекпен өрнектелген .Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап, қыран бүркіттей ұша берсін дегені.Көгілдір тудың авторы: Шәкен Ниязбеков
Данара :Мынау – Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы.Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.Пішіні дөңгелек, екі шетінде қос тұлпар.Елтаңбаның авторы: Шота Уалиханов. Жандарбек Мәлібеков.
Әнұранның авторы: Н.Ә.Назарбаев. Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқов
Ғазиз:Рәміздеріміз – елдігімнің белгісі,
Білу керек балаға дейін ең кіші,
Гимн, көгілдір Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі
Жүргізуші: «Айгөлек» тобыныңбүлдіршіндерінің еліміздің мемлекеттік рәміздеріне арналған тақпақтарын тыңдайық.
Аңсар: Жайдарлы жерім бар,
Өрісті елім бар
Ерлікке баулитын
Егемен елім бар.
Жаннұр: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Мырзаят: Тәуелсіздік-бақ туың,
Қолға ұстаған сәт бүгін.
Ақсарбас қой құрбандық
Болсын дәйім шат күнім.
Қанат: Желбірейді қалықтап,
Қазақстан жалауы
Көкке қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Жүргізуші: Әр жыл сайын,Тәуелсіздік таңы атты.
Топқа бардың, тойға мініп ақ атты,
Дүниені қуанышқа бөлеп тұр,
Ән айтылып, жыр төгіліп қанатты.
-демекші келесі кезекті «Біз өмірдің гүліміз!» атты балалардың хорына берейік.
Хор: «Біз өмірдің гүліміз!»
Айсан: Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашан да,
Биікке іліп қояды.
Ақжан: Елтаңбасы елімнің
Қандай әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Нұрайым: Көк байрағы бабамның
Бүгінгі ұрпақ алауы,
Мықты әке-баланың
Қазақстан жалауы.
Дария: Қазақстан-елім менің,
Қазақстан жерім менің
Саған арнап айтылады,
Әнім менің!
Әділер: Қазақ жері-Қазақстан,
Мөлдіреген ашық аспан
Алыс кетсем сағынамын
Отаным сен-Қазақстан!
Би: «Айгөлек» тобы «Көңілді күн»
«Еркетай» тобының да тойға шашулары бар екен,тақпақтарына кезек берейік.
Аймереке: 16-шы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеге ел тосқан
Атамменен барған күн.
Бекжан: Қазақстан-елім менің,
Қазақстан-жерім менің.
Саған арнап айтылады
Әнім менің!
Бану: Анамыздай тілеу-ақ,
Отан бізде біреу-ақ,
Ол біздің-Қазақстан!
Аяна: Жастай сүйіп аңсаған
Тәтті күй мен кәусар ән
Ол біздің-Қазақстан!
Сая: Өзіңдей елің де,
Өзіңдей жерің де
Өзіңдікі бәрі де
Тәуелсіздік төрінде!
Аруна: Отан-сенің ата-анаң
Отан- өлкең Астанаң
Отан-досың, бауырың
Отан туған ауылың.
Санжар: Өзіңдікі тауың да
Өзіңдікі бауың да
Жаса-жаса Қазақстан
Белді бекем буын да.
Жүргізуші: Қатар ұстап ынтымақтың қос тілін,
Дәріптейміз біз халықтар достығын,-демекші балалар, біздің ортамызға көршілес елдерден қонақтар келіпті, олар өнерлерін көрсетсек дейді.
Би: «Попури»
1.Арайлым «Өзбек»биі
2. «Гүлдер» тобының «Ұйғыр биі»
3.Асылым мен Батырдың «Орыс» биі
4. « Испан» биі
Соңында барлығы: Ақпыз, қара, сарымыз
Әр елденбіз әрі біз.
Сөйлейміз біз әр тілде
Дос, бауырмыз бәріміз!
Би: «Ұйғыр биі»
Жүргізуші: Бірде қызып, самал ессе белді орай
Бірде түнде құйылғандай көлге арай.
Байтақ жатқан даламыздай созылып,
Қазағымның жанға жайлы әндері-ай.
Хор «Ақкөгершін» (Ақкөгершіннің суретін ұстап айтады)
Тәрбиеші: Биік ұш бейбітшілік көгершіні,
Асып өт келер мұхит келер шыңды.
Қанатыңды қаққанда бірге естілсін,
Әлемге жас ұрпақтың өршіл үні!
-деп бүгінгі «Тәуелсіздік –ел бақыты!» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын!Еліміздің бірлігі мықты болып, тәуелсіздігіміз баянды болсын!
