МКТ-ның негізгі теңдеуіне және Менделеев- Клапей рон теңдеулеріне есептер шығару
Жамбыл облысы Сарысу ауданы
Жаңатас қаласы №5 Жаңатас колледжі
Физика пән мұғалімі Ажибекова З. Т.
Сабақтың тақырыбы: МКТ-ның негізгі теңдеуіне және Менделеев- Клапейрон теңдеулеріне есептер шығару
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Білімгерлердің алған білімдерін жинақтау және кез келген белгісіз параметрді өз бетімен таба алуына үйрету.
2. Дамытушылық: Білімгерлердің білім-білігін, танымдық, есте сақтау қабілеттерді дамытуды ұйымдастыру.
3. Тәрбиелік: Білімгерлерді шығармашылыққа баулу және өз ойын еркін жеткізе білуінің, еңбекке икемділігінің дамуына ықпал жасау.
Сабақтың типі: Бекіту, жүйелеу сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, үлестірмелі кеспе-қағаздар.
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Еске түсіру(өткен материалдарға шолу).
ІІІ. Миға шабуыл ( деңгейлік тапсырмалар).
ІҮ.Қорытындылау.
Ү.Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
« ЕСКЕ ТҮСІРУ»
( 1 жауапқа – 1 балл)
1.Жылулық құбылыстар … .
2.Термодинамика … .
3.Термодинамикалық процесс дегеніміз – … .
4.Молекулалы-кинетикалық теория дегеніміз -… .
5. Ішкі энергия дегеніміз – … .
6.Идеал газ дегеніміз – … .
7.Көп атомды газдың ішкі энергиясы … .
8.Бір, екі, үш атомды газдар үшін ішкі энергиялары … .
9.Ішкі энергияны өзгерту тәсілдерін ата.
10.Термодинамиканың математикалық өрнегі … .
« МИҒА ШАБУЫЛ»
А тобы:
1.0,2 МПа қысымда 820 см3 көлемді алып тұрған 2г азоттың температурасы
қандай болады? (280К немесе 70С).
2.Сыйымдылығы 12 л баллон қысымы 8,1* 106 Па және температурасы 170С азотпен толтырылған. Баллондағы азоттың мөлшері қанша?(1,13 кг).
3.Көлемі 2 л ыдыстың ішінде массасы 10 г және 90,6 кПа қысымдағы оттегі бар. Газ молекуласының орташа квадраттық жылдамдығын, молекулалар санын, газдың тығыздығын табу керек (230 м/с, 5кг/м3).
4.70С температурадағы 1 кг азоттың ішіндегі молекулалардың айналмалы қозғалысының энергиясы неге тең?(85 кДж).
Б тобы:
1.Көлемі 0,02 м3 ыдыстың ішіндегі азот молекуласының ілгерілемелі қозғалысының кинетикалық энергиясы 5*103Дж, ал оның молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы – 2*10 м/с. Ыдыстағы азоттың мөлшерін, азоттың үстіне түсірілген қысымды табу керек (2,5 г,167кПа).
2. Ыдыстың ішінде 10 г көмір қышқыл газы иен 15 г азоттың қоспасы бар. Осы қоспаның 270С температурадағы 150 кПа қысымдағы тығыздығын табу керек (1,98 кг/м3).
С тобы:
1. Ауаның құрамында оттегі 23,6% және азот 76,4% деп есептеп, 100 кПа қысымдағы және 130С температурадағы ауаның тығыздығын, осы жағдайдағы оттегі мен азоттың парциаль қысымын табу керек (1,2кг/м3, 21 кПа, 79 кПа).
Қорытындылау.
Бағалау:
«5» – 13-15 балл;
«4» – 10- 12 балл;
«3» – 8-9 балл;
«2» – 7 балл.
Үйге тапсырма: қайталау.
