Оқыту мен оқуда тәжірибеге өзгеріс енгізу және б ілім беру үрдісін жаңғырту
Оқыту мен оқуда тәжірибеге өзгеріс енгізу
және білім беру үрдісін жаңғырту
«Бала – балқытылған алтын, оны қандай
қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын
десе де, мұғалімнің өз қолында»
К.Ушинский
«Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі-тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу. Біз бүкіл елімізде
әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз»,-деген еді елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді.
Сондықтан да әр мұғалім өз білімін үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Осыған орай Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
