М.Мақатаев Аққулар ұйықтағанда поэмасы
Махатова Гита Сериковна
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Н. Крупская атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
а) Ақын өміріне қысқаша шолу, шығармасына талдау жасай отырып, поэмасының идеясын, көркемдік тілін ашу; ә) оқушы білімін жинақтай отырып, талдауға, өз ойын еркін айтуға, дәйексөзбен дәлелдеуге дағдыландыру, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту; б) кейіпкер тағдырына ортақтастыра білу, мейірімді, бауырмал болуға тәрбиелеу; сұлулық пен махаббатты тануға, өз көзқарасын қалыптастыруға баулу.
Пәнаралық байланыс: музыка,бейнелеу өнері.
Көрнекіліктер: ақын портреті,шығармалары,кесте-сызбалар,қосымша газет-журнал материалдары.
