Сөйлем мүшелері
Сибакова Нургуль Турсунбековна
О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебі
Қарағанды облысы, Қаркаралы қаласы
Сөйлем мүшелері.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың байланыстары туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен жалаң және жайылма сөйлемді табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.
2. Сөйлем мүшелерін ажырата білуін, сөйлемнің мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуге үйрету, оқушылырдың ойлау қабілетін, тілін дамыту.
3. Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер, венн диаграммасы, тірек-сызба
Сабақтың әдісі: венн диаграммасы, топтастыру, сұрақ-жауап, тірек-сызба, сәйкестендіру тесті.
