М.Мақатаев Аққулар ұйықтағанда поэмасы
Гимназия сыныптары бар №16 жалпы білім беру
орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Әлішбаева Гүлмира Дабылқызы
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сабақтың мақсаты: М.Мақатаев өмірі мен шығармашылығы туралы танымын кеңейте отырып, поэманың толық мазмұнын ашу.Поманың идеясын түсіндіру. Ақынның тілдік ерекшелгіне мән беру. Поманың композициялық құрылысына талдау жасау. Оқушылардың өз ойын айтуға машықтандыру.Табиғат пен адам арасындағы табиғи баланысты түсіну,өз көзқарастарын білдіру.
Сабақтың түрі: Дебат
Сабақтың көрнекілігі: М.Мақатаев шығармашылығына арналған буклеттер.
Ұйымдастыру бөлімі
Үй тапсырмасын сұрау
1.«Хантәңірі» шыңы
(үй тапсырмасын мақал- мәтелдер арқылы жауап беру)
1 «Туған жер алтын бесігім» (ақынның туған жері -Қарасаз )
2. «Әке -асқар тау» (Әкесі-сүлеймен туралы)
3. «Ердің анасы-елдің анасы» ( Анасы-Нағиман туралы)
4. «Сөнбейді әже шырағың» (Әжесі-Тиын туралы)
5. «Ата қазына» (Атасы-Мұқағали туралы)
6. «Бақытты балалық» (Соғыс жылдарымен келген ақынның балалық шағы туралы)
7. « Ән көңілдің ажары» (Әндері туралы)
8. «Мен жазбаймын өлнңді ермек үшін» (Ақынның пірі)
9.«Мен -таулықпын
Таудан мен жаратылғам» (Тау туралы өлеңдері)
2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын негізге ала отырып,пікірталас,ой-қозғау.
Жақтаушы топ « Ақуды атуға болмайды.Аққу киелі құс» . (бірінші қатар)
Даттаушы топ «Ананың балаға деген махаббатын дәлелдеу үшін аққуды атуға болады» (екінші қатар)
Жақтаушы топтың біріншісі
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен қонақтар және қарсылас топ.Біздің Жақтаушы топбымыздың тақырыбы -«Аққуды атуға болмайды .Аққу – киелі құс».
Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп,бақыттың бастамасы,жақсылықтың жаршысы,пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады,киелі,құс төресі деп санап оған ешқашан оқ атпайды.Оған дәлел «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді келтірсем…
Заманнан заман өткен, жаңарған жұрт,
Аққуын айдын көлдің налытпастан.
Дәстүрін аттамаған,анық басқан,
Сондай бір дәстүр бар-ды жарық шашқан,
Бір ұрпақ бір ұрпаққа алып қашқан.
Кейбіреу қиын- қыстау ай, күндері
Шойырылтып, түссе-дағы қайғым белге,
Алаңсыз аққуымды атпасын деп,
Жатқа да дастарқанда жайдым төрге.
Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айрылысуы» поэмасы, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйі, Б.Аюхановтың «Аққу» биі халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігі болып есептеледі.
Даттаушы топтың біріншісі
Қайырлы күн,құрметті қонақтар мен ұстаздар! Бүгінгі біздің топтың қарастырып отырған тақырыбы.”Аққуды атуға болады, ананың балаға деген махаббаты үшін ” Яғни аққуды атуға болады деген пікірімді қорғап,өз ойымды айтуға рұқсат етіңіздер.
Ең алдымен поэмада анасының балаға деген сүйіспеншілігі, махаббаты білінеді. Әрбір ана өз баласын аялап,әлпештеп өсіреді. Ана өзінің туған баласын өзінің құшағында ,бауырында жылытады. Баласы жақсы оқып,оны қоршаған балалардан кем болмас үшін анасы оған қолынан келгенінің бәрін жасайды. Сол сияқты баласының жазылып кетуі үшін “Аққулар ұйықтағанда” поэмада анасы баласы аққуды атуға мәжбүр болады. Өйткені анаға өзінің туған баласы аққудан да қымбат.
Ал,енді мына шумаққа назар аударыңыздар:
Адуында жан екен алған жары:
“Жалғыз ұлдан артық па,жалған бәрі.
Балам өлсе,бақыттың керегі не,
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Перзент сұрап несіне армандадың,
Құрысын онсыз сенің жанған бағың
Мылтық әкел!
Атты ертте
Жалған бәрі!”
Міне,бұл шумақта “Жалғыз ұлдан артық па,жалған бәрі” деп өзінің жалғыз ұлын аққудан артық санап тұр.
“Балам өлсе ,бақыттың керегі не?” дейді,баласы анасының жалғастырар ұрпағы.Әрбір ананың баласы күліп-ойнап жүрсе,ананың бақыты сонда емес пе? Сондықтан баласы өлім ауызында жатқанда анадан осындай сөздер шығады.
Егер баласы жазылып кеткенде,ол анасының ұмітін ақтар еді. Анасының мақтанышы,қолғанаты болар еді.
Ана көлге келгенде аққуларды көріп,біраз ойланады.
Сондағы ананың сезімі,
Аласұрып,қан ойнап тамырында,
Ана-жүрек тыпыршып қабынуда
Не қыларын біле алмай жабығуда.
Ана аққулардың жүзіп жүргенін көріп,оның сұлулығына қарап оларды аяп кетеді. Бірақ ана жүрегі солқ етіп басылады. Анасы көп ойланбай өзінің баласын өлім ауызынан сақтап қалу үшін аққуды атады.
Жақтаушы топтың екіншісі
Құрметті пікірталасты жақсы көретін сыныптастар..
Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде аққуға байланысты даналық ,аңыз-әңгімелер,теңеулер жиі кездеседі.Мысалы, аңыз түбі ақиқат десек, мына аңызға құлақ түріңіздер , ертеде бір кісі аққудың киелі екенін білмей оған оқ атады.Сонда аққудың сыңары сыңарынсыз өмір сүре алмай,өзінің басын тасқа ұрып,өзін -өзі өлтіреді. «Аққу – құстың төресі,жалғыз жатып оттамас» деген сөзден аққудың сыңарырынсыз өмір сүре алмайтынын көреміз.Бұл аңызды айтқанда есімізге еріксіз Қозы мен Баянның махаббаты түседі. Баян аққу сияқты сыңары Қозы Көрпешсіз өмір сүре алмай,өзін-өзі өлтіреді.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы ауырып жатқан баланың әкесіне анасы :
Тұрсаңызшы,таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған.
Жаңағы бақсы шалдың айтқан сөзі
Ұмытылып кетті ме санатыңнан
дегенде әкенің жауабы:
-Апырмай,қалай барам, қалай барам?
Атармын аққу құсты қалай ғана?
Айдынның аққулары ұйықтағанда
Өрген мал, өскен шырша абайлаған
Барлығы қасиетке қарайлаған,
Оқ атам қасиетке қалай ғана?
Бармаймын,бара алмаймын,қалай барам?
Бұл үзіндіден аққудың қасиетіне тек адам баласы ғана емес, табиғаттың да табынғанын көреміз. Сонымен мен өз сөзімді мына өлеңмен аяқтасам деймін.
Ақ қанатын сабалап,асыр салып,
Бірде сүңгиді басын салып.
Ойнасыншы,ойнасын ерке құстар,
Тыныштығын олардың қашырмалық. Сондықтан да аққуды атуға болмайды деген жақтаушы тобымның пікіріне қосыламын.
Даттаушы топтың екіншісі
Құрметті пікірталасқа қатысушы сыныптастарым.
Мен аққуды атуға болмайды деген қарсылас топтың пікіріне қарсымын.
Ия,аққу киелі құс.,олар екеу болып қана өмір сүреді. Өйткені ,олар махаббаттың белгісі. Бірақ ана мен бала арасындағы махаббаттан күшті махаббат жоқ.
Аннаның тілі ,ананың махабаты,ананың тілегі тіл жетпес қазына емес пе? Па,шіркін ананың айналып,толғанғаны кімнің есінен кетеді. Қиын уақытта туған анаң сені қолдап,сенің жаныңда болады. Ана-алғашқы ұстазың. Ана сені өмірге әкелген,өмірдің жақсы-жаманын,ащы-тұщысын ажырата білуді үйретеді. Егер сен алыс сапарға кетсең сені уайымдап,ойлайтын кім? Әрине анаң! Ананың махабаты сен алыс сапардан келгенше сені көруге,бауырында қысуға күндер мен сағаттар санатады.
Міне,бұл ананың балаға деген махаббаты.
Егер сіздің анаңыз сізді шын сүйсе,онда ақуды атуға болады дегенге дауыстарыңызды берулеріңзді сұраймын.
Жақтаушы топтың үшіншісі
Сәлематсыздар ма ,пікірталас сүйетін қауым. Мен жақтаушы топтың ойын жалғастырып,сөз кезегімді бастауға рұқсат етіңіздер!
Аққу-табиғаттың киелі,пәк құсы. Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеген. Мысал ретінде
ақын Исрайл Сапарбаевтың өлеңінен мысал келтірейін.
Тағдыр бізге кей кездері тым қатал,
Күн орнында көкірегіңде мұң жатар.
Махаббат,ол-ару аққу емес пе,
Ал аққуға оқ атуға кім батар?
Осы өлеңде аққуды сыйлау, құрметтеу туралы,аққудың тек қана сыңарымен өмір сүруі туралы айтылған. Егер аққу өлсе,екіншісі де өледі. Сөзім соңында аққуды атуға болмайды деген пікірді қолдаймын.
Даттаушы топтың үшіншісі
Аққуды атуға болады, ананың балаға деген махаббаты өте ыстық, нәзік, кіршіксіз,адал да таза махаббат. Баланың анаға деген махаббаты, ананың балаға деген махаббаты лаулап жанған оттай.
Мұқағалидың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді:
Бала жатыр төсекте албыраған,
Әке жатыр еденде қалжыраған.
Түн күзетіп ана отыр қос жанары
Шарасыздан шаршаған,жаудыраған.
Бала жатыр төсекте күйіп- жанып
Баласының ана отыр күйін бағып.
Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар
Миын қарап барады, миын қарып
Егер осы үзіндіге тереңірек үңілетін болсақ, бұл жерде бала қатты ауырып жатады, ана баласының ауырып жатқанын көріп шыбын жанын қоярға жер таппайды. Ал әке ше? «Әкенің орны жездедей» демекші әке түкте істемейді. Ана үшін баланы дүниеге әкелу бір қуаныш болса, оны ажал аузынан алып қалу – екінші қуаныш бақыт емес пе?
Жақтаушы топтың төртіншісі
Аққудың өлімі тәуіптен басталды. Тәуіптің айтқаны әлде өтірік,әлде шын ешкім білмейді. Тәуіп өзінің жасаған еміне төлемақы алып та кеткен шығар. Бала тірі қала ма ,өле ме,оны қызықтырған да жоқ. тәуіп толығымен емдесе,өзімен бірге аққудың қанатын алып келіп,аластап,сол баланы өзі емдеп,аяғынан тұрғызу керек еді. Яғни тәуіптің көзбояушылығы осы жерде байқалады.
Ал тәуіптің емдеу ұстанымы: адамның іш құрлысына араласпай, тек қана психологиясына әсер етіп емдейді.Бұл ем бара-бара жақсылыққа әкелмейді. Тәуіптің емін медициналық түрге жатқызуға болмайды. Тәуіптің емдеуі психологияға әсер етіп, адамды тәуірленуіне сендіреді. Адам 1-2 күн өзін тәуір сезінеді. Бірақ ол шындығынды тәуір болмайды.. Сол сияқты бұл поэмада аққу құстың қанатымен аластауға сендіреді.
Аққу табиғаттың жаратылысы. Аққу осы дүниеде өмір сүруі тиіс. Егер біз әркімнің сөзіне сеніп табиғат заңдылығына қарсы шықсақ, біз өз қолымызбен сүйікті жасыл- желекті жерімізді құртып, жойып жібереміз. Тіршілікте тоқтайды. Сондықтан да жақтаушы топтың пікірін толығымен қолдаймын.
Даттаушы топтың төртіншісі
«Аққулар ұйықтағанда » поэмасында баланың ауырып жатқанын көріп тәуіп баланы ақ- қудың қанатымен аластауды ұйғарады. Сонда ана аққуды өзінің баласы үшін атады. Ана дұрыс істеді. Аққуды атуға болады, ананың балаға деген махаббаты күшті. Егер ана сол кезде аққуды атпағанда, ол өзін өмір бақи кінәлап өтер еді.
«Неге мен сол кезде аққуды ата салмадым ? Мүмкін аққуды атқанымда балам жазылып кетер ме еді?» деп ана қатты қайғырар еді. Сондықтан да ана баласының өмірі үшін аққуды атуға болды. Тыңдағандарыңызға рахмет.
Жақтаушы топтың бесіншісі
Жақтаушы топтың пікірлеріне толығымен қосыламын және олардың ойларын жалғастырамын: аққуды атуға болмайды. Себебі, біріншіден, аққу- құс патшасы, ежелгі салт-дәстүр бойынша патшаға ешкім қол көтерген емес. Егерде кім қол көтерген болса, онда ол кесір болып саналады. «Аққуды қарғысы жаман» деп айтып жатады халқымыз.
Екіншіден, аққу- өте киелі құс. Адамдар аққу құсты адалдықтың, пәктіктің, сұлулықтың белгісі ретінде қастерлеп дәріптейді.Аққу-махаббаттың белгісі. Махаббат әні-аққу әні.Оның бір сұлу ырғағын,сұңқылдаған сұлу дауысын естудің өзі адамның өміріндегі ең тәтті бір арманы емес пе?Сіздер аққудың дауысын естіп көрдіңіздер ме? Естісеңіздер адамның кандай рахат күй кешетіні сіздерге мәлім болар.
”Аққуды атуға болмайды,махаббатты сатуға болмайды”.Әрине,аққуды ататындар,махаббатты корлайтындар осы өмірде кездеседі.Бірак олар- дүниенің сәнін,дүниенің қызығын,әсемділігін түсінбеген бейшаралар.Кор болған махаббат зары- жаралы аққудың соңғы әні.Оның зарына елжіремей қалған жүрек жүрек емес.
Даттаушы топтың бесіншісі
Кәзіргі кезде де тәуіптің саны да,түрі де көбейіп кетті. Адамдардың бәрі тәуіпке сене бермейді. Осы отырғандарымыздың ішінде де сенетін де ,сенбейтін де бар. Бұл жерде тәуіп туралы бөлек әңгіме. Ана баласы үшін шарасыздан аққуды атуға барды. Мен жақтаушы топтың сөзініне толығымен қарсымын. «Ана» деген қасиетті сөзді арқалаған ана баласы үшін барлық қиындыққа барады. Сондықтан өз тобымның пікірін қостаймын. Аққуды атуға болады, бауыр етің балаң үшін.
Жақтаушы топтың алтыншысы.
Ана аққу құсты бекер атты.Айдынында табиғаттың әсем құстары қалқып жүрген ”Жетім көлдің” сәнін кетірді.
Иә, біз білеміз, ана осының бәрін баласы үшін істеді. Бірақ,,бала бәрібір шетінеп кетті ғой. Бәлкім аққудың киесі тиген шығар.
Қазақтың салты бойынша адам аққуды атар алдында саусағын қанатып ырым жасауы керек.Поэмадағы анаға кез болған жылқышы сөзімен айтсақ:
Мін атқа,қайт ауылға тағат қыл да,
Білмеймін сор аттың ба, бақ аттың ба?!
Аққуға кезенерде ырым жасап,
Тым құрса саусағыңды қанаттың ба?
Ана мұны да істеген жоқ. Мен осы тұжырымдарды айта келе қорытындылайтыным, біз аққу құсты ешқашан атпай, қайта оның ұрпағының көбейе беруіне өз үлесімізді қосуымыз керек.Себебі аққу табиғаттың бізге берген үлкен сыйы емес пе?!
Егерде біз аққу құсты ата берсек, біздің табиғатымыздан, оның сұлулығынан не қалады?!
” Аққуды атпа,досыңды сатпа” деген халық даналығы бекер айтпаса керек.
Даттаушы топтың алтыншысы.
Құрметті сыныптастар,Қарсы топтың жақтаушылары.
Көл сұлулығынан айырылды дейсіңдер. Оған қосыламын .Бірақ, баласы үшін өмір сүретін ана баласы өлсе сұлулығынан айырылмай ма? «Балалы базар,баласыз үй қу мазар» деген халық даналығы бекерден- бекер айтылмаған.
Суық сорып ,аптап соқса паналар,
Жел жағыңа ық болатын аналар.
Бала өсіру бейнетінің баршасы,
Өмірінің бар қызығы саналар.
Ана деген бәйтерегің мәуелі,
Өзін қойып,баланы ойлар әуелі.
Ана деген –бір үзілмей жырланар,
Махаббат пен тіршіліктің әуені. Дегендей анаға тіршілік беретін бала. Мен өз тобымның пікіріне толығымен қосыламын.
Жақтаушы топтың жетіншісі
Аққу келсе сағынып өзі туған жерін,
Жас балаша қуанған күллі аймақ ,ауылым,
Аққу атқан қатыгезді халқым мүлде сүймеген,
Аққуды ойлап мұңлы зарлы күйге енем
Тыныштығы бұзылмасын жазылмасын жұптары,
Татулыққты,сыйластықты аққулардан үйренем дегендей .
Ақмаржан қала Ақтауыма сән беріп тұрған Каспий теңізіне келген аққу құстарды мезгілінде бала –шаға ,кәрі-жас сағынышпен күтеді. Алыстан келген қонақтар жазда каспиге демалуға келсе, қыста аққуды тамашалауға келеді. Сондықтан да өз сәнімізді кетірмейік дегім келеді.
3. Сабақты бекіту.
