Дизайн өнері

Атырау облысы.Жылой ауданы,Құлсары қаласы
№9 жалпы орта білім беретін мектеп
Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі
Мусафирова Индира Жанатбергеновна

Сынып: 5 «в» қазақ сыныбы

Сабақтың тақырыбы: «Дизайн өнері»

Мақсаты:

Білімділік: Дизайн өнерінмен таныстыру, оның түрлеріне толық мағлұмат беру.

Дамытушылық:. Дизайн өнері жайлы практикалық жұмыс істеу арқылы оқушыларды дизайн өнерін меңгеруге баулу, дамыту.

Тәрбиелік: Көркемөнерге деген ләззаттық сезім оқушы жүрегінде терең ұялауы.

Көрнекілік: Сурет иллюстрациялары, сурет салу құралдары, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: ауызша түсіндіру, әңгімелеу, сурет салу.

Пән аралық байланыс: еңбек, тарих, музыка.

Сабақтың барысы:

v Ұйымдастыру кезең.

v Үй тапсырмасын тексеру.

v Қайталау сұрақтар.

v Жаңа сабақты баяндау.

v Жаңа сабақты бекіту.

v Қорытындылау.

v Үйге тапсыма беру.

v Бағалау.

v Үй тапсырмасын тексеру.

«Киіз үй – қазақ халқының шағын мұражайы» тақырыбы бойынша Киіз үйдің ішкі көрінісін салу.

v Қайталау сұрақтар.

Бейнелеу өнерінің түрлері?

Жанр дегеніміз не? Кескіндеме өнерінің қандай жанрларын білесің?

Адамның толық тұлғасы мен портреттің айырмашылығы неде?

Киіз үйдің көрінісі бейнелеу өнерінің қай түріне жатады?

Сурет салуда қойылатын басты талаптар.

v Жаңа сабақты баяндау.

20 ғасырдың 80жылдарынан бастап бейнелеу өнерінде жаңа термин, жаңа ұғым пайда болды. Бұл – «Дизайн» өнері.

Дизайн дегеніміз – кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан – жақты салыстырып, заман талабына сай жасау деген сөз. Дизайнның ең алғаш түрі 1928ж АҚШ-та пайда болды. Бізге 1960ж бастап дизайн өнері ене бастады.

Дизайн өнерінің терминдік атауы жаңа болғанымен, ол өзі негізінде ертеректен – ақ қалыптасқан. Қазақ халқының қол өнері түрлерінен дизайнды анық көруге болады.

Дизайн бірнеше түрге бөлінеді:

v Жаңа сабақты бекіту.

Практикалық жұмыс. 1-ші қатардың оқушылары Автомобиль дизайнері ретінде автомобильдің жаңа тұрғыдағы үлгісін альбом бетіне ойластырып түсіреді.

2-ші қатардың оқушылары Интерьер дизайнері ретінде үйдің сыртқы көрінісінің жаңа үлгісін ойластырып салады.

v Қорытындылау.

Оқушының дизайнер ретінде салып болған жұмысына талдау жасау.

v Үйге тапсыма беру.

Жұмысты толықтырып, аяқтау.

v Бағалау.

Білімдерін бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше