Бала Бауыржанан Батыр Бауыржанға дейін

Ақтөбе облысы, Темір ауданы

Кеңқияқ орта мектебінің

Бастауыш класс мұғалімі

Жанаева Айнұр Ізтұрғанқызы

Сайтқа жарияланған сабақтар тізімі:
Бала Бауыржаннан Батыр Бауыржанға дейін
2. Төрт түлік кеңесі
3. “Ә ә” дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: «Бала Бауыржанан Батыр Бауыржанға дейін»

Мақсаты: Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған ұлы тұлға Бауыржан Момышұлы

туралы мәлімет беру.

Білімділік:

Халык каһарманы Бауыржан Момышұлының

өмірімен таныстыру, ерлікке болы өмірін үлгі ету.

Дамытушылық:

Оқушыларды косымша іздену арқылы жиылған

деректермен жұмыс істеу және шығармашылык

ізденіс жұмыс істеуге баулу.

Тәрбиелік:

Отанға деген кұрмет пен сүйіспеншілік сезімін ояту.

Әдемі, таза

жазуға дағдыландыру. Түсінгенін әңгімелей

алуға, елжандылыққа тәрбиелеу.

Өтілу түрі:

Көрнекілігі: Интерактивті такта, Бауыржан Момышүлының суреттері, Отан туралы нақыл сөздер, компьютер.

Ұйымдастыру бөлімі: Кеңес Одағының Батыры Үлы Отан соғысына қатыскан.

Кіріспе. Мұғалім сөзі.

Аты аңызға айналған қазақ елімнің акиық туралы айтамыз. Бала Бауыржан 1910 жылдың 24 желтокеанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында туылған. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашып, орыс алфавитін де оки алған. Балалық шағы Мыңбұлақтағы бастауыш мектепті Аса интернатынан, ал жетіжылдықты Шымкенттен бітіреді. Бауыржан сыныптасы Ә. Тэжібаевпен бірге. Барханның жіберуімен Ленинградтағы Финанс академиясына 1 жылдық курста білім алды. 1936ж. жаңа қүрылып жатқан бөлімге взвод командирлігіне шақырылады. Ленинградта оқып жүрген кезі. Батырдың анасы – Рәзия. Анасы Рэзия ерте қайтыс болғандықтан, 3 жасынан бастап Қызтумас эжесінің бауырында тэрбиленеді. Өз қолымен салған анасының суреті Б. Момыпіүлының жүбайы – Бибіжамал. Ұлы-Бақытжан Бауыржанүлы жэне кызы Шолпан. Отбасымен түскен суреті. 1941жылдың қаңтарынан бастап ¥лы Отан соғысы басталғанға дейін республика эскери комиссариатында аға нүсқаушы болады. 1941-1945жж. Панфилов атындағы 8 гвардиялық дивизиясының батальон, полк командирі болады. Баукеңнін сүйікті Акбоз аты болған.

Ал мына жерде жүбайы – Жамал, баласы-Бақытжан. Бауыржанның қызы – Елена, үлы – Бакытжан. Елена деген кызы Мэскеуде тұрған. ол Бақытжанга қарындас болады. Бақытжан жүбайы – Зейнеп. Б. Момышұлының келіні. Бүл кісі өмірде бар. Б. Момышүлының немересі Ержан. Бүгінгі Момышүлылары әулеті. Қазақстанның халық жазушысы Ш. Мұртаза Баукеңнің көзін көрдім, қолын алдым. Нағыз Елінің, Отанының жолында бэріне де дайын адам еді дейді. Баукең С. Мұқановпен бірге.

Биыл Б. Момышұлының туғанына 100 жыл толады, яғни 24 желтоқсанда. Оның туған жерінде 24-25 қыркүйекте аталып өтті. Жуалыда Баукеңнің үлкен мұражайы ашылды. Басты жетістік 30 томдық шығармалар жинағы батырдың 100 жылдық мерейтойына арналды. Ескерткіштері: Мэскеу облысы, Волоколамск қаласында орнатылған тас мүсіні. Тараз каласындағы ескерткіші Б. Момышұлының туған жеріндегі (Жуалы) ескерткіші.

Бауыржан Момышұлының ңанатты сөздері:

1. Өз үлтын сыйлау, оны мақтаныш етпеу-саткындықтың белгісі.

2. Отан үшін отка түс-күймейсің.

3. Елсіз ер болмайды,

Жұртсыз жігіт болмайды.

Қасым Аманжолов

Бір дауыл сапырды кеп өрт теңізін,

Теңселтіп темір топан дүние жүзін

Бетіне туған жердің өшпестей ғып,

Ер жазды өз қолымен жүрген ізін.

Нақ сол кез естідім мен ер дүбірін,

Атағы атын алып келді бүрын.

Үстінде туған елдің тұрды толкып,

«Бауыржан Момышұлы» деген бір үн.

Ақынның ак сұңқардай жүрегі бар,

Аикындым бір көруге болып кұмар!

Көктемде күркіреген күн дауысын,

Жер естіп, желкілдеген гүл ынтазар.

Бойы бар бізден гөрі биігірек,

Тіп-тік боп абыройын тұрган тіреп.

Топ жара көрінсін деп екі иығы,

Туған ел жаратыпты ірірек.

Батырым, Бауыржаным, – дейді халқым!

Алып үл, ақын жүрек ердің даңқын.

Келешек келе жатыр көремін деп,

Тік басып туган жерде жүрген қалпын!

Ағамыз атағына асқар тау кең,

Жау келсе, жаубүйректей етер жэукем.

Емендей ерегісер сұрапылмен,

Басымен бұлты жайпап біздің Баукең!

Қалибек Куаныбаев

Жазамын дұғай сэлем Бауыржанга,

Қас дүншан қайратыңа қалды таң да.

Сан батыр ерте кезде өткен талай,

Бүл ерлік біткен емес эрбір жанга.

Қалың қазақ халқының көп тілегі,

Алапатың өрлей берсін асқар тауға.

Хас батырлар қашаннан шыққан елміз,

Сендердей ер шыққанға сансыз тэубе.

Абыройың, айдының һэм өнерің,

Жеткіншегің жетілсін үқсап бауға!

Ел жүрегі елжіреп сендерде түр,

Бауыржан, айналайын, денің сау ма?

Халықтың аңызы

Даңқты қаһарман

Жаралған жалыннан

Бауыржан батыры

Жеңістің тойында \

Бір өзің жайында

Аңыздар сақталған

Халықтың ойында

Кейде өр, кейде ыстық, кейде қатты,

Жайдары көңілі түссе, мархабатты.

Жалғанның жазы, қысы қабағында

Батырын кім сүймейді бұл сымбатты.

Қоштасып, құрмет етіп полковникпен,

Елінің бір ұлысың үміт еткен.

Бауыржан десе, барлық үлкен кіші,

Елеңдеп, құлақ түріп, көзін тіккен.

Найзадай кол босаса калам алдым,

Толғанып оқиғаны көп ойландым.

Сыздаған у шиқандай көп қатамды,

Именбей, жалтақтамай ашық жаздым.

Ажал тұр аңдып арбап мүлде жақын,

Атадым шала шарпы ерлер атын.

Ат жалында істелген адал еңбек,

Ақ ниетпен ұсындым, саган халқым!

1. Келем калың қара ормамен,

Көрсем деймін тездеп сені.

Қара құстар, көктен төнген,

Бөгемеші жолды мені.

Шегінбедім, сескенбедім,

Тоқтамады салған әнім.

Тек тезірек жетсем дедім,

Сағынғаным – Бауыржаным!

2. Мен де адаммын жаралган сүйек, еттен

Ойым бар, көңілім бар жан тербеткен.

Ак жалды,асау теңіз ортасында,

Азды көпті төрт бес жыл өмірім өткен.

Аңсап, арнап алыстан келгенімде,

Рахым түсіп, кім еді мейірім еткен.

Есімде жоқ, жаратқан сол қай пенде,

Піріндей қол кусырып құрмет еткен.

Ойға ой боп сүңгіп батқым келеді

Ойды оймен толқытып,

Шалқып ойдан ой шығарғым келеді.

Мен өзім сүйген эйелді

Мерекелі еткім келеді

Мен жауынгермін өлімненде қорықпай

Ел намысы, ер намысы үшін өлгім келеді.

«Ұшқан ұя» әңгімесінен үзінді:

Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары баппен қымыз ішіп отыр екен. Әкесі дастархан шетінде қымыз құйып отыр. Ол Бауыржанды шақырады да, құлагына: «Аталарыңа

сэлем бірдің бе?» деп сыбырлады. Үялып калган Бауыржан қызықтап үйден шыға жөнелді. Үйге қайтадан кіріп аксақалдармен амандасты. Содан соң мандайынан сипап былай деді. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің? деген сөз бар.

Жеті атасын білген ұл

Жеті жұрттың қамын жер

Өзін ға білген ұл,

Құлағы мен жағын жер.

Б. Момышұлының өмірінің тарихи тізбесі:

1941 – қазақ эскери комиссариатының нұскаушысы қызметін атқарады.

1942 – 6 мауысымда «Қызыл Жұлдыз» орденімен мараптталады. 1950-1955 -тұрақты әскери қызметін атқарады.

1970-1975 – «Ұшқан ұя» кітабы жарық көреді.

1981 – «Адам қайраты» еңбегі дүниеге келеді. 1990 – Кеңес Одагының Батыры атағы беріледі.

1982 – 10 мауысымда Алматыда дүниеден өтті.

Әдебиеттік оку пэнінін 2 ә класында өткізілген ашык сабақтың жоспары. 22.10.2010 ж.

Тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі

Максаты: Өтілген материалды қайталай отырып, тақырыпты кеңейту жэне пысыктау. Төрт түлік малдың тіршілік табигатымен, кадір-қасиетімен оқушыларды таныстыра отырып, казақ халкыньщ малмен айналысатынын, оларды қадірлейтінін, эр малдың өз пірлері бар екендігі жайлы түсінік беру.

Тэрбиелік мэні: Еңбекті сүюге тэрбиелеу, ұлттық кэсібімізді, өнерді қадірлеуге тэрбиелеу. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарньщ тіленбей» мақалының мағынасын ашу. Әдістері: Түсіндіру, оқу, жазу, ойлану, ойнату, сұрак-жауап.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі:

Психологиялық дайындык.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бэрін біл,

Өз тілінді құрметте!

Үй тапсырмасын тексеру.

-Үйге кандай тапсырма берілді?

-Түйе (мэнерлеп оқу)

-2 окушыдан сұралады.

Сергіту сэті

Құлыншагым, құндызым,

Құлдырайды, шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

III. Жаңа материалды меңгерту.

«Еңбек етсеі ерінбей, тояды қарнын тіленбей» мақалыньщ мағынасын ашу.

Бір оқушы оқиды. Иэ, қазақ халқының ұлттық кэсібінің бірі-мал бағу. Малдың адам

өмірінде пайдасы көп. Мінсе-көлігі, ішсе-сусыны, жесе-тамағы, кисе-киімі.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз : «Төрт түліктің кеңесі». Мұғалім оқып, түсіндіреді.

Суретпен жүмыс.

Жайлаулардың суреті көрсетіліп, эр мал өз жайлауына қойылады.

Сахналау.

Төрт түліктің киімін киіп, оқушылар сахналап көрсетеді. Төрт түліктің пірлеріне тоқталып, атайықшы. (Ойсылкара, Шопан ата, Қамбар ата, Зеңгі баба).

Жақсы, осы төрт түлік туралы мақал-мэтелдер білеміз бе?

Ал, тыйым сөздер ше?

-Қорада ысқыруға болмайды.

-Малды ұруға болмайды, т.б.

Дәптермен жұмыс.

Тұрмыс жағдайы төмен адам-кедей адам.

Еңбекқор адам – шаруа адам.

Батыл, өжет адам – ер, батыр адам.

Шаруасы жаксы, бай адам – зор, ауқатты адам.

Кәне, балалар тақтаға қарайықшы, нелерді көріп тұрамыз.

-Пышак, қырықтық.

-Дұрыс, балалар түйені жөндеуге, жылқыны күздеуге арналған пышақ екен.

-Ал, қойды қырқуға мынадай қырықтықты пайдаланамыз.

Өлең оқып беру.

Қой сүйеді баласын «Қоңырым» деп,

Ештеңені білмейтін момыным деп.

Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,

Қараңғыға баспаған қорқағым деп.

Түйе сүйеді баласын «Тайлағым» деп,

Жабу жапса, жарасқан жайнағым деп.

Жылқы сүйеді баласын «Шұбарым» деп,

Жүгіруден тарасын құмарың деп.

Балалар, өлеңнен не байқадық?

-Жақсы ал сіздерді ата-аналарыңыз қалай еркелетеді?

-Ботақаным, қошақаным, т.б.

Бағалау.

Сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларды эдемі бейнеленген төлдермен бағалау.

Үйге тапсырма:

«Менің сүйікті төлім» тақырыбына эңгіме күрап, жазып келу.

«Мал баққанға бітеді» дейді халқымыз. Дастарханда ақ мол болсын деп мына ағарған сусыннан ауыз тиюге шақырамыз. (айран, сүт, шұбат, қымыз, құрт, бауырсақ, ірімшік)

Сабақ аяқталды.

САУАТ АШУ.

Сабактың тақырыбы: Ә дыбысы мен әріпі.

Сабақтың мақсаты: Ә дыбысы мен әріпін таныту, меңгерету.

Сабақтың міндеттері: 1. Ә дыбысы мен әріпі туралы түсінік беру.

Дыбыстық талдау жасауға үрету.

Мәтенді дұрыс оқуға дағдырландыру.

2.Ә дыбысымен таныстыра отырып, оның жеке буын

құрай алатынын меңгерту.

З.Үқыптылыққа, тазалыққа, жинакылыққа, әдемі жазуға

тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Құрал-жабдықтар: Ілмектің, шәлінің өзен әкеліп көрсету, әже, әтеш, Әлия

суреттері.

Сабақтың түрі: аралас сабак

Сабақ барысы.

I. Үйымдастыру бөлімі.

– Саламатсыздар ма ?

– Отырыңыздар.

– Оқу – құралдарын шығарып, сабаққа назар аударту.

– Қазір қандай сабақ ?

– Әліппе.

– Қарашанын нешесі, балалар?

– Қарашаның жиырма үші.

– Аптаның қай күні?

Сәрсенбі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

– Балалар, өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

– I дыбысымен.

– I дыбысы қандай дыбыс?

– Дыуысты.

– Ал, дыуысты дыбыстың ішінде қандай дауысты дыбыс ?

– Женішке дауысты дыбыс.

– Балалар, біздер I дыбысына байланысты не жаттап едік ?

– Жаңылтпаш.

2-3 оқушыдан сұрау.

1. Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім.

Неше кіші ішік піштім ?

2.Сұр ешкі жэне бір ешкі,

Сүзіп, тіресті !

Ұй тапсырмасын корытындылау.

Д/О: «Қай буынды жоғалттым?

ні сі гек

шік ші гіш

і кі іл

рі лем мек

ле тап ді

Сөздік жүмбак

Іле – өзеннің аты.

Ілмек- еңбек құралы.

Ілмекті қөсету. Ілмекпен шұлық, колғап тоқиды. Ал осы ілмекті көбінесе кім пайдаланады, білесіндер ме ?

– Әжелеріміз.

– Дұрыс айтасындар, әжелеріміз пайдаланыды екен

– Ал, осы әжелерімізден баска, ә дыбысы бар кімдерді білесіндер ? /туыстык атау/

– Әке, әпке, тәте.

– Әпке, тәте деп біз паларымызды айтады екенбіз.

– Қане, барлығымыз айтып корейікші ?

– Ә

– Қандай дыбыс екен ?

– Дауысты.

– Дауыстының ішінде қандай дыбыс ?

– Олай болса, қай үйшікке кіргіземіз ?

– Қызыл үйшікке.

III. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

1. Бағандағы сөздерді мұғалем оқиды.

2. Балалар хормен оқиды.

3. «Әже» мітінін оқып беру.

4. Өз бетінше оқу.

Мәтен бойнша сұрақ қою.

– Балалар, мәтін кім туралы айтылған ?

– Әже.

– Кімнің әжесі жайлы екен ?

– Сәуленің әжесі.

– Әжесі Сәулеге не тоқып берді ?

– Шәлі.

Сөздік жұмыс.

Шәлі – тубіттен /жүннен/ тоқылған орамал.

Ал, жақсы балалар, «эже туралы тақпақ білеміз бе ?

– Кім айтады ?

2-3 оқушыдан сұрау.

Сергіту сәті.

Манай әлі қараңғы,

Таң әлі атқан жоқ.

Әтеш ерте оянып,

Жан-жағына қарайды.

Ку-ка-ре-ку

Тұр-тұрлап, оятады баланы.

Дәптермен жұмыс.

– Олай болса, дәптерімізді ашамыз. Ә дыбысын алдымен ауада жазып үйренеміз.

– Бір жолға Ә дыбысының бас әріпін, екінші жолға кіші әріпп толтырып шығамыз.

– Жазып, болсақ қолымызды коямыз.

Д/О: «Кім көп біледі ? ойынын ойнау.

– Балалар, сөздің басында «Ә» дыбысы келетін адам атын ойлайықшы ?

– Әлия, Әсел, Әсет, Әсемгүл, т.б.

– Әлия сөзіне солем ойлашы ?

– Әлия – тәртіпті окушы.

– Балалар, «Әлия» деген батыр апайы білеміз бе ?

80 жаста

Әлия батыр апа

Соғысқа қатысты

– Осы сөздердің барлығы да қандай дыбыстан басталып түр ?

– Ә

– Ал, енді сөздің ортасында келетін адам аттарын ойлайықшы ?

– Мәлік, Мәншүк, Мәди, т.б.

– Мәлік сөзіне сөйлем ойлашы ?

– Мәлік сабаққа келді.

– Ә дыбысы сөздэі кай буынында келіп тұр ?

– Ортасында

– Ендеше, балалар, «Ә» дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында да келеді екен. БЕКІТУ.

– Балалар, біз қандай дыбыспен таныстық ?

– Ә дыбысымен.

– Ә қандай дыбыс ?

– Дауысыты

– Қандай дауысты дыбыс ?

– Жіңішке дауысыты дыбыс.

Д/О: «Сөз кұра, тез құра» ойыны.

Әріптерді орына дұрыс кою керек.

ШЕТӘ – ӘТЕШ ДӘРПЕТ-ДӘПТЕР

Үйге тапсырма.

Оқулық 83 оқу, мәтіннің түсінігін айту.

№2 27б жазу.

Бағалау.

– Балалар, сабаққа «өте жақсы» қатысып отырған оқушыларға «әтеш» сыйлағым келіп тұр. Себебі сендер «тауық» жылы мектепке келдіндер, сендерге «тауық» жылынан ескерткіш болсын.

Ал, «жақсы» қатысқан балаларға «дәптер» сыйлағым келіп тұр. Осы дәптерге әдемі жазатын боламыз.

САБАҚ АЯҚТАЛДЫ.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше