Атамекен ұғымының адамгершілік құндылығы ретін де мәнін ашу және табиғат, махаббат адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың тақырыбы: «Атамекен» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «табиғат», «махаббат» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Мақсаты:
Атамекен табиғаты туралы түсінік беру;
Табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту.
Туған ауылының, жерінің табиғатын аялауға сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қағаздан жасалған аңдардың суреттері, орманның суреті салынған плакат, табиғаттың көрінісін бейнелейтін қосымша суреттер, үнтаспа, оқулық, дәптер.
Сабақтың әдісі: ЖИГСО – 1 стратегиясы, хат жазу стратегиясы, 5 жолды өлең стратегиясы, сұрақ – жауап,ой қозғау стратегиясы.
