Информатика патшалығында
Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектеп
«Информатика патшалығында»
(сыныптан тыс сабақ)
Сыныбы: 5 – 6 сынып
Пәні: Информатика
Пән мұғалімі: Берденқұлов. Т
Қазалы қаласы
Информатика патшалығында
(сыныптан тыс сабақ)
Сыныбы: 5, 6 Күні: 8.04.2014ж Сабақтың тақырыбы: «Информатика патшалығында»
Сайыс мақсаты: Білімділік: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан – жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
