М.Мақатаевтың шығармаларын қорытындылау
Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы
Абылай хан атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Мейрамбекқызы Гауһар
Сыныбы: 6
Cабақтың тақырыбы: М.Мақатаевтың шығармаларын қорытындылау
Сабақтың мақсаты: Білімділік
ХХ ғасырдың біртуар тұлғасы, Мұқағалидің өміріне,
поэзиясына талдау жасай отырып, өлеңінің идеясын,
мақсатын ұғындыру.
Дамытушылық Оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту, өз пікірі,
эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы дайындау,
ауызша да, жазбаша да еркін, көркем сөйлеуге ақын
шығармашылығы арқылы үйрету.
Тәрбиелік мәні Поэзия әлемімен оқушылардың жан дүниесіне үңілу,
елін, жерін сүюге, әнді, өлеңді қадірлеуге, табиғатқа деген
мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Талдау, сұрақ-жауап, салыстыру.
Қолданылған технология: Сын тұрғысынан ойлау
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, бейнелеу.
Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу,
оқушы назарын сабаққа аудару
2. Психологиялық дайындық
3. Үй тапсырмасы
Ақын өмірі, өлеңдері туралы оқу, ақын күнделігінен үзінді жаттау.
4. Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары:
1. Мұқағалидің туған күні, жылы
2. Мұқағалидің әкесінің аты
3. Ақын қай жылы, қай мектепті бітірді?
4. Ақынның әжесі кім?
5. Қарасазда Мұқағали мұражайы қашан ашылды?
6. Ақынның шын аты кім?
7. Ақынның анасының есімі
8. Атақты Шәмшімен бірлесіп жазған ән
9. Ақынның жары
10. 2000 жылы Мемлекеттік сыйлықты иеленген шығармасы
Жаңа сабақтың мазмұны
5. Мағынаны таны.
1-топ. «Елім барда» өлеңін кітаптан мәнерлеп оқыту.
Өлең не жайында жазылған?
Ақын Отанына деген ыстық ықыласын қалай жеткізген?
Тақтаға өлеңнің құрылысына сатылай кешенді талдау жүргізу.
Өлеңді құрылысына қарай талда.
Авторы – М. Мақатаев қазақтың лирик ақыны, қазақ поэзиясының
мұзбалағы.
Тақырыбы – Отанына, еліне деген сүйіспеншілік сезімі
Шумақ – төрт шумақты өлең
Тармақ – әр шумақ төрт тармақтан тұрады (Тармақ – өлеңнің әр жолы)
Бунақ – Не сыйлады, не береді келер күн?!
Не де болса тірі тұрсам көрермін.
(Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі)
Буын – Желідегі құлынымын мен елдің – 11 буынды
Көгендегі қозысымын мен елдің – 11 буынды
(Буын – сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты)
Ұйқас – Не сыйласын, несін берсін ел маған?! а
Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман. а
Таулар – менің таусылмайтын бақытым, б
Ал ырысым – ұланғайыр кең далам. а
(Ұйқас – өлең тармақтарындағы сөз астарының үндестігі, өзара ұқсас,
дыбыстас естілуі. Қара өлең ұйқасы)
Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні – автор өз елі барда, жері барда алтынның керегі жоқ екенін, туған елі бақытты болса өзі де бақытты екенін айта келіп, Халықты Отанын, жерін, елін сүюге шақырады.
2-топ. «Анау-аспан, мынау-бақ» М.Мақатаев
А.Құнанбаев «Қыс»өлеңі
Ортақ қасиеті
6. Сергіту сәті.
1. Әкеңнің әкесін қалай атайсың? (ата)
2. Өзіңді қайдан көре аласың? (айна)
3. Кепкен жүзім қалай аталады? (мейіз)
4. Күздің бірінші айы (қыркүйек)
5. Мектептегі ең жақсы баға (бес)
6. Аяздың әсерінен қатқан су (мұз)
7. Өзіңнен кіші қыз бала (сіңілі, қарындас)
8. Шөптің түсі жасыл, ал теңіздің ше? (көк)
9. Шаш қырқатын орынды қалай атайды? (шаштараз)
10. Қыста болатын ызғарлы суық (аяз)
11. Кеше аптаның қай күні болды? (сәрсенбі)
12. Қандай деген сұраққа жауап беретін сөз табы (сын есім)
13. Нан пісіретін орынды қалай атайды? (наубайхана)
14. Жылдан құр қалған жануар (түйе)
15. «Кел, балалар оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алт.)
7. Ақынның өз дауысынан өлең тыңдату.
8. «Кім жылдам?» ойыны. Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тап.
- Туған жердей жер болмас, …
- Отанды сүю…
- Еңбек етпесең, елге өкпелеме, …
- Ерді намыс өлтіреді, …
- Бірлік болмай, …
- Дос жылатып айтады, …
- Жеті жұрттың тілін біл, …
- Жақсының ашуы – шайы орамал кепкенше, …
- Қына тасқа бітеді, …
- Білекті бірді жығар, …
9.«Ойлан, тап!» ойыны. Ақын өлеңдерінен үзінді беріледі. Сол өлеңнің тақырыбын атау керек.
1. Мен бақыттымын,
Бақытты жерде туылдым.
Айналайын Қарасаз ,
Қасиетіңнен суыңның! (Қарасаз)
2. Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің,
Ақынмын ба, жоқпын ба?..
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда. (Автограф)
3. Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойған-ай. (Арыз жазып кетейін)
4. Керегі жоқ,
Керегі жоқ,
Керегі жоқ бәрінің!
Иненің де керегі жоқ,
Керегі жоқ дәрінің! (Дәрігеріме)
5. Ол өмірге келгенде көктем еді,
Жер гүлін, көк те нұрын төккен еді.
Саялатып сал самал өпкен еді,
Сол өмірге несіне өкпеледі?! (Майгүлге)
6. Бүгін де, кеше де өткенде,
Іздесең, қателік көп менде.
Қауғадай басыма барлығы
Сірә да соқпай бір өткен бе… (Лашынға)
7. Фариза!
Фаризажан, Фариза қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз (Фаризаға)
8. Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. (Үш бақытым)
Сабақты бекітуге арналған сөзжұмбақ.
Үйге тапсырма: Ақын өлеңдерін жаттау.
Бағалау.
Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы
Абылай хан атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Мейрамбекқызы Гауһар
Семинар-практикум
Тақырыбы: Көркем әдебиеттің қоғамдағы рөлі мен маңызы
Мақсаты: білімділігі: оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру,
кітап оқуға құмарландыру, көпшілік алдында өз ойын
еркін жеткізе білуге баулу
дамытушылық: оқушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту,өздігінен кітап
таңдай білуге және кітапты құрметтеуге баулу.
тәрбиешілік мәні: оқушыларды көркем әдебиет,оқулықтар оқу арқылы
сауатты,білімді болуға адамгершілікке,ізденімпаздыққа,
мәдениетіліке,өоршаған ортаны аялауға дүниетанымын
қалыптастыруға,тіл байлығын дамытуға баулу.
«Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан
былай ғана әрбір жане өзін интеллигент
бола бастадым деп санауына болады»
М.Әуезов
Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады.
Оқушының жан-жақты дамуы, жарасымды қалыптасуы оөыған ортасына, алған біліміне байланысты. М.Айбек: «Кітапта адамзат ақыл-ойынның інжу-маржанын бойына жинайды да оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Біз бір уыс күл топыраққа айналамыз, ал кітаптар дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей ғасырлар бойына сақталады», – деген екен. Сол себепті білім алу үшін кітап ауадай қажет. Ол – білім бұлағы. Оны бойға сіңіру үшін көп оқу қажет.
Кітап –рухани қазына,байлық,өмір айнасы,заман сыры,тарих шежіресі,оқу-тәрбие құралы.Кітаппен достассаң көп білесің.Бірде ұялтса,бірде мақтайды,бірде бүкіл әлем сырын алдыңв жайып салады.Кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын рухани азығы болып қала бермек.
Компьютер, теледидар және ұялы телефон ғасырында кітап бұрынғысынша әрқайсысымыздың ең сенімді өмір серігіміз болып табылады. Өйткені кітап – сарқылмас рухани байлық. Кітап адамзат баласына білім сыйлайды. Кітап беттерінде адамзат баласының сан қилы құпия сырлары сақталған. Кітап біздің алға жылжуымызға, адамгершіліктің биік шыңына көтерілуімізге өлшеусіз ақыл қосады. Кітап – ең сабырлы ұстаз.
Еліміздің баспаларынан күн сайын бірнеше милиондаған кітаптар басылып шығады. Осы кітаптар не туралы, көп кітаптың ішінен өзіңе керек кітапты қалай таңдайтын болады?
Әр кітап – өзінше бір құпия. Оны бірден парақтап оқи жөнелмей, алдымен «аударып-төңкеріп» қарап, кілтін табуға тырысайық. Бұл үшін кітаптың өзіндегі мәліметтердің құпиясын білу қажет.
Мұқаба – кітаптың сырты, ол қалың қағаздан жасалып безендірілген, кітапқа әдемі көрік беріп тұрады. Мұқабадан кітаптың авторын, атауын білуге болады.
Аннотация – кітаптың аторы және жалпы кітаптың қысқаша мазмқны жөнінде мәліметтер беріледі. Кітап сөресінің жанында тұрып-ақ, бұл кітаптың қаншалықты қажеттігін ұғасың. Яғни кітап өзі туралы өзі айтып береді.
Мазмұны – кітаптың бірінші немесе соңғы бетінде болады. Мазмұны арқылы көп нәрсені білесің. Керек өлең немесе әңгімені табуға кітаптың «мазмұны» көмектеседі. Бұл жерде кітапқа кірген барлық тақырыптар қамтылып, оларды керек беттен тауып аласың.
«Кітап-білім бұлағы, білім өмір шырағы »
«Жақсы кітап-жан азығы»
«Кітап-ең сабырлы ұстаз»
Пікір алмасу. Мұғалімдерді екі топқа бөліп отырғызамын. Екі топқа тапсырма беріледі, сол бойынша мұғалімдердің ой-пікірін білемін.
І топ – Баспасөз беттері туралы мәлімет
ІІ топ – Жаңа техникалық құралдары туралы мәлімет. (компьтер,сайт, интернет т.б.)
Ортақ сұрақ: Баланы қай бағытпен оқытқан тиімді? Екі топ сұраққа жауап бере отырып, өздеріне берілген тапсырманы қорғап шығу керек. Уақыты: шектеусіз.
Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі кітапхана.Жалпы кітапхана –көпшіліктің келетін орны, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берумен қатар, рухани жан дүниесін байытып отыру бүгінгі күн талабы.
а). Кітаптың маңызы
б). Кітапты қалай оқу керек?
в) Қазіргі таңда жастардың кітап оқу үрдісі қандай деңгейде?
г) Сізді кітапханадағы қандай кітап қызықтырады? Деген сұрақ төңірегінде жауап аламын.
Ал енді кітапханаға барған оқушылар жайлы мәлімет бере кетейін.
1. А. Байтұрсынов атындағы орталық кітапханаға ……… оқушы жазылған.
2. Балалар мен жасөспірімдер орталығының кітапханасына ……… оқушы барып, көркем әдебиетті оқу арқылы ой-өрісін, тілдік қорын байытуда.
3. Мектеп кітапханасына шамамен …….. оқушы барып кітап оқиды екен.
Ұлы тұлғалар өсиеті
1. «Жақсы көретін ісіңіз не?» – деген сұраққа Карл Маркс: – Жақсы көретін ісім кітап оқу, – деп жауап берген.
2. Кітап туралы Шекспир былай деген: «Кітап маған тақтан да қымбат!»
3. «Кітапсыз өмір сүру қиын » деген А. Байтұсынов.
4. «Артық білім кітапта» деген Абай атамыз.
5. «Үйде кітап жоқ деген сөз – денемде жаным жоқ деген сөзбен бірдей» деген екен Цицерон.
Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жатып ап
Көтеріп күйін көңілдің.
Кітапхана қазіргі кезде, жас жеткіншектердің өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы келбетін, ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыруда оқырманның қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше.
Жақсы кітап оқу – жақсы адаммен сырласқанмен бірдей деп Толстой атамыз айтқандай оқырмандар саны көбейіп, жас жеткіншектердің көзі ашық, көкірегі ояу, заманының ұлы тұлғасы болуына кітапханашының тигізер үлесі көп. Күш – кітапта, оқу-білімсіз, рухани демеусіз, ешкім де алысқа ұзай алмайды. Бала болашағымыз, өсер ұрпақ өнегені өзгеден емес, өз ішімізден іздесе, мадақтар да, мақтанар да ұлы перзентіміз болмақ.
С уважением,
Гауһар Мейрамбекқызы
gauhar.meyrambekkyzy@mail.ru
