Екі таңбалы сандарды қосы және азайту

Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Державин қаласы
А.Үкібаев атындағы орта мектеп

бастауыш сынып мұғалімі

Алтын Байдилдина

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сандарды қосы және азайту

Сабақтың мақсаты: 1.Екі таңбалы сандарды қосу және азайу туралы

білімдерін пысықтау.Өтілген есептеу тәсілдерін

есептер шығаруда қолдана білуге дағдыландыру.

2. Оқушылардың ойлау қабілетін,логикалық ой-өрісін,

қызығушылығын дамыту.

3.Ұжымдылыққа,ұқыптылыққа,табиғат сұлулығын

сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Әдістері: сұрақ-жауап,түсіндіру,өзіндік жұмыс ,ойын

Типі:білімді пысықтау сабағы

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

1.Психологиялық даярлық

Оқимыз,үйренеміз,жалықпаймыз

Білімнің шыңына шарықтаймыз.

2.Күн ретін жазу

Көркем жазу

15 16

16 15

3.Математикалық диктант

-9-ды 3-ке арттыр

-16 мен 4 сандарының қосындысының мәнін тап

-36-ны 30-ға кеміт

-Азайғыш 15,азайқыш 5 айырманың мәнін тап

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Ауызша сұрап шығу

-Екі таңбалы сандарды қалай қосып, азайтамыз?

ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын табу үшін мына шашылған әріптерді жинақтау керек.

Ол үшін өрнектерді шығарамыз.

100-76=ы 40-1=п

79+11=ы 26-6=а

68-36=т 25+55=у

80+5=қ 70-7=с

39 24 63 90 85 32 20 80
п ы с ы қ т а у

А) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс несімен қызық?

-Қысқы табиғтқа серуенге шығамыз.

-Қыста күннің көзі қалай көрінеді?

-Әр тапсырма сайын күннің көзін сыйлыққа аласыңдар.

В) «Қолғап ки» ойыны

1-слайд 1-қатар Шаршылардағы сандардың қосындысын 15-ке кеміт

2-қатар Тіктөртбұрышқа жазылған сандардың қоысндысын 10-ға кеміт.

3-қатар Үшбұрышқа жазылған сандардың қосындысын 20-ға кеміт

2-слайд «Жол болсын» ойыны

+, –

60*15*5=80 60*15*5=70 60*(15*5)=40

ІV.Оқулықпен жұмыс

«Аққала соқ» ойыны №3 (өзіндік жұмыс)

Отырғызды-45 г

І а.-17 г.

ІІ а.-19 г.

ІІІ а.-? г.

45-(17+19)=9

Жауабы: 9 гүл отырғызылды.

Ә) Кері есеп құрастыру (ауызша)

«Қар ату» ойыны №5

100-18=82 95-27=68 18+32=50

82+18=100 68+27=95 50-32=18

39+48= 87 14+67= 81 47-19= 28

87-48=39 81+14=67 28+19=47

V.Сергіту сәті

«Қуаласпақ» ойыны №6

60-х=23+17 5+у=80-45 х-13=12+15+20

VІ Логикалық тапсырма

Балалардың тонын анықта

Үш дос Берік, Сәкен,Қайрат қара, қоңыр, көк тон киді.Беріктікі қара да,қоңыр да емес,Қайраттікі қоңыр емес.Балалардың әрқайсысы қандайй тон киген?

VІІ. Қорытынды Сабақ ұнады ма?

VІІІ.Үйге тапсырма 180 бет №4

ІХ. Бағалау Алған күндерін санап, бағалау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше