Ашық сабақ
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі
Әбентаева Дина Мәженқызы
Ырғыз ауданы
Құтыкөл ауылы
МКҚК «Айгөлек» балабақшасы Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», — деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды.
