Бала тәрбиесі баршаға ортақ
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы.
МКҚК «Жансая» балабақшасының
Тәрбиешісі Байтлеуова Р.А
Бала тәрбиесі баршаға ортақ.
Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап,қоғамға , өзі өсетін тіршілік ортасының мүшесі болады.
Бала өсе келе өзі көріп отырған адамдардың іс-әрекетіне,қимылына,ас ішуіне,киінгеніне ,жүріс-тұрысына,сөйлеуіне ,ойнауына ,әңгімелесуіне таңдана қарап әрекет жасайды. Осыған байланысты : « Ұяда не көрсең,ұшқанда соңы ілерсің» – дейді халық.Сондықтан баланың ең әуелгі өсетін ортасы – отбасы тәрбиесіне өте терең көңіл бөлу керек.Егер отбасында жақсы тәрбие алған болса,өскенде де сол тәрбиенің ізімен баруы сөзсіз.
Баланы отбасында еңбекке тәрбиелеу өте орынды. Әлі тілі шықпаған балаға : « ананы әкел,мынаны әкел,мынаны апарып қой,есікті аш,ары отыр,тамағыңды іш,ойыншықты жина т.б» деп жұмсағанда нәрсені әкеліп , апарып қоюды қызық көреді және сол әрекеттерді жасауға талпынады.
