Теңдеулер және оны шешу тәсілдері
Құрастырған: Таңжарықова Роза Самалқызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Құйлыс орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
«Теңдеулер және оны шешу тәсілдері»
(мектеп компоненті)
Құрастырушы: Таңжарықова Роза Самалқызы – математика пәнінің мұғалімі
Ұсынылып отырған жинақта математика пәнінің мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі таңдау курсының бағдарламасы мен сабақтар үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.
Бұл жинақты математика пәнінің мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
